Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11023 тіркелді.
- Бұйрық нөмірі
- 256
- Қабылданған күні
- 05.05.2015
- Актіні өзгерту күні
- 27.08.2020
- Мәртебесі
- Жаңартылған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына , "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына , "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.08.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10321 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар):
Қағидалардың 9 , 10 , 11 , 12 , 13-тармақтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
"51-1. Мүлік өткізілмеген немесе сауда-саттықтан алынып қалған жағдайда БЭСА операторына өтінімдерді өңдеу бойынша көрсеткен қызметі үшін "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабымен көзделген тәртіппен ақы төленеді.".
3. "Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 70 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 28 ақпанда № 8354 болып тіркеліп: 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 265 (27539) "Казахстанская правда", 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Имашев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256 бұйрығына 1-қосымша |
Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.08.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Іздеу атаулары: №256 бұйрық, 256-бұйрық, приказ 256, екі жүз елу алтыншы бұйрық, 256 бұйрық скачать.