Мақала
Бұйрықтар

№ 271 бұйрық (27.04.2015): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11208 тіркелді

Бұйрық нөмірі
271
Қабылданған күні
27.04.2015
Актіні өзгерту күні
23.12.2015
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбековаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Т.Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 271 бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Ескерту. Тапсырыс жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 23.12.2015 № 1001 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/р №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың жалпы саныБілім деңгейі бойынша бөлінген орындар саны
Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандарКәсіптік орта білімі бар мамандар
1234567891011
ҚДБАБА
2 ай4 ай5 ай1 апта2 апта4 апта1 апта2 апта
1.Астана медицина университеті145355358521932344 *194612164494 **2955
БАРЛЫҒЫ1453553585219323441946121644942955

Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу: ҚД - қайта даярлау БЖ - білімін жетілдіру * 1 апталық біліктілікті арттыру курсында 2 344 кәсіптік жоғарғы білімі бар маман, оның ішінде шетел мамандарын тарта отырып - 280 маман оқудан өтеді; **1 апталық біліктілікті арттыру курсында 4 494 кәсіптік орта білімі бар маман, оның ішінде шетел мамандарын тарта отырып - 25 маман оқудан өтеді.

Іздеу атаулары: №271 бұйрық, 271-бұйрық, приказ 271, екі жүз жетпіс бірінші бұйрық, 271 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.