Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымда № 11421 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығымен.
- Бұйрық нөмірі
- 380
- Қабылданған күні
- 22.05.2015
- Актіні өзгерту күні
- 08.10.2020
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.10.2020 № ҚР ДСМ-118/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілері:
1) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) медициналық ұйымдардың мамандарын, оның ішінде медициналық емес білімі бар мамандарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Т.Дүйсенова |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығына қосымша |
Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы
| № | Атауы | Саны |
| 1. | Зарарсыздандырылған бинт | 2 дана |
| 2. | Зарарсыздандырылмаған бинт | 2 дана |
| 3. | Мақта | 1 қаптама |
| 4. | Зарарсыздандырылған қолғап № 7-8 | 6 дана |
| 5. | Лейкопластырь | 1 қаптама |
| 6. | Жгут | 1 дана |
| 7. | Этил спирті 70% | 1 құты |
| 8. | Груша (сілекейді сору үшін) | 1 дана |
| 9. | Зарарсыздандырылған шпатель (ауыз қуысын ашуға арналған) | 1 дана |
| 10. | Амбу қабы | 1 дана |
| 11. | Тонометр | 1 дана |
| 12. | Фонендоскоп | 1 дана |
| 13. | Валидол 0,06 г | 1 қаптама |
| 14. | Нитроглицирин 0,005 | 1 қаптама |
| 15. | Аммиак ертіндісі 10% | 1 құты |
| 16. | Эпинефрин | 1 қаптама |
| 17. | Иод ертіндісі 5% | 1 құты |
Іздеу атаулары: №380 бұйрық, 380-бұйрық, приказ 380, үш жүз сексенінші бұйрық, 380 бұйрық скачать.