Мақала
Бұйрықтар

№ 423 бұйрық (29.05.2015): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерінің бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 шілдеде № 11644 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 16 ақпандағы № 24 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
423
Қабылданған күні
29.05.2015
Актіні өзгерту күні
16.02.2023
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 16.02.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.05.2019 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 28-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.05.2019 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) , 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріТ. Дүйсенова
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б.Сұлтанов
_________________
2015 жылғы 29 мамыр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері

Ескерту. Нормативтер жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.05.2019 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№Жабдықтың атауыӨлшем бірлігіҰсынылатын норма
Симуляциялық орталықСимуляциялық кабинет
1Жүрек-өкпе реанимациясын орындауға арналған манекендана2 (6-7 адамнан тұратын топқа)2 (8-12 адамнан тұратын топқа)
2Оқу дефибрилляторыдана2 (орталыққа)1 (8-12 адамнан тұратын топқа)
3Инъекциялар дағдыларын орындауға арналған тренажер (ересек / балалар)дана2 (6-7 адамнан тұратын топқа)1 (8-12 адамнан тұратын топқа)
4Қуық катетеризациясына арналған тренажер (ерлер / әйелдер / балалар)дана1 (6-7 адамнан тұратын топқа)1 (8-12 адамнан тұратын топқа)
5Өкпе мен жүректің аускультациясына арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)2 (8-12 адамнан тұратын топқа)
6Тораптарды байлауға арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
7Коникотомия және трахеотомияға арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
8Қан тоқтауға арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
9Көзді зерттеуге арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
10Құлақ ауруларын диагностикалауға арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
11Сүт безі моделідана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)4 2 (8-12 адамнан тұратын топқа)
12Балалар басына инъекциялар жасау тренажерыдана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
13Омыртқа және бел пункциясына арналған симулятор (ересек / бала)дана1-2 (орталыққа)-
14Жатыр мойнын зерттеу тренажерыдана1-2 (орталыққа)-
15Зондты тамақтандыруға арналған манекен/фантомдана1-2 (орталыққа)1 (кабинетке)
16Асқазан түтігі (ересек/балалар)дана1-2 (орталыққа)1 (кабинетке)
17Күтім жасау дағдыларына арналған сәби үлгісідана-3 (8-12 адамнан тұратын топқа)
18Ауру адамға күтім жасауға оқытуға арналған манекендана-1 (8-12 адамнан тұратын топқа)
19Спирографдана1 (орталыққа)1 (кабинетке)
20Шала туған сәбилерге арналған кювездана-1 (кабинетке)
21Шала туған сәбидің моделідана-2 (8-12 адамнан тұратын топқа)
22Тік ішекті зерттеуге арналған моделідана1 (орталыққа)1 (кабинетке)
23Жаңа туған нәрестеге интубация жасауға арналған әмбебап үлгідана1 (орталыққа)1 (кабинетке)
24Бала крикотиреотомиясын жасауға арналған тренажерідана1 (орталыққа)-
25Эзофагогастродуоденоскопия оқытуға арналған тренажердана1-2 (орталыққа)-
26Бронхоскопия жүргізуге оқытуға арналған тренажерідана1-2 (орталыққа)-
27Пациенттің кардиологиялық тренажерідана1 (орталыққа)-
28Көзді зерттеуге арналған симулятордана1 (орталыққа)-
29Эпидуралық инъекцияға арналған симулятордана2 (орталыққа)-
30Босанатын әйел симуляторыдана2 (орталыққа)-
31Простата пальпациясына арналған симулятордана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-

Ескерту: шығындау материалдары - қажеттілігіне қарай Симуляциялық орталық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады. Симуляциялық кабинет – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады.

Іздеу атаулары: №423 бұйрық, 423-бұйрық, приказ 423, төрт жүз жиырма үшінші бұйрық, 423 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.