Мақала
Бұйрықтар

№ 588 бұйрық (15.07.2015): толық мәтін және скачать

Жаңа

Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 588 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 шілдеде № 11732 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
588
Қабылданған күні
15.07.2015
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН : 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 588 бұйрығына қосымша

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтардың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
12345
Республикалық орта-медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі300, оның ішінде 175 қазақ тілінде білім алушыларМейіргер ісі, соның ішінде «Массажист» біліктілігімен175, оның ішінде 100 қазақ тілінде білім алушылар, 16 орыс тілінде білім алушылар
Ортопедиялық стоматология «Тіс технигі» біліктілігі25 қазақ тілінде білім алушылар
Зертханалық диагностика, «Медициналық зертханашы» біліктілігі75 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация «Фармацевт» біліктілігі25 орыс тілінде білім алушылар
2.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы100, оның ішінде 100 қазақ тілінде білім алушыларЕмдеу ісі50 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация25 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі25 қазақ тілінде білім алушылар

Іздеу атаулары: №588 бұйрық, 588-бұйрық, приказ 588, бес жүз сексен сегізінші бұйрық, 588 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.