Мақала
Бұйрықтар

№ 545 бұйрық (30.06.2015): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 545 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 491 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11744 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
545
Қабылданған күні
30.06.2015
Актіні өзгерту күні
25.12.2015
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 1. Жалпы ережелер
  2. 2. Объективті критерийлер
  3. 3. Субъективті критерийлер
  4. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері
  5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағы

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 № 1022 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 № 801 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен .

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағының нысаны. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (А.А. Сарбасов): 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалалары бойынша еңбек инспекциясының жергілікті органдарының назарына жеткізуді; 5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Мынадай: 1) «Жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 54-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 35 бірлескен бұйрығының (№ 6811 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2011 жылғы, № 4, 399 құжат); 2) «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 55-ө және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 36 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (№ 6809 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2011 жылғы, № 4). 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрінің әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушы ____________ Т. Дүйсенова ______________ М. Құсайынов

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің төрағасы ___________________ С. Айтпаева 2015 жылғы 30 маусым

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 545 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 491 бірлескен бұйрығына 1–қосымша

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне , «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 343 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11082 болып тіркелген) Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесіне сәйкес ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін әзірленді. 2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тәуекел – қызметкердің өміріне немесе денсаулығына, оның еңбек міндеттерін атқару кезінде заңды мүдделеріне жұмыс берушінің қызметі нәтижесінде, оның ішінде жазатайым оқиғалардың нәтижесінде зиян келтіру ықтималдығы; 2) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 3) тексерілетін субъектілер – қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері; 4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъекті қызметінің нәтижесіне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері. 3. Ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.

2. Объективті критерийлер

4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу мынадай объективті критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады: 1) жүзеге асырылатын қызметіне байланысты тексерілетін субъектінің қауіп деңгейі; 2) жүзеге асырылатын қызмет процесіндегі зиянның ықтимал жағымсыз салдары ауырлығының ауқымы; 3) адамның денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қолайсыз әсерін тигізу ықтималдығы. 5. Объективті критерийлер бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне қызметкер саны 250 адамнан асатын, экономикалық қызметтің мынадай түрлеріндегі: адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтірудің жоғары ықтималдығымен жарақаттану қаупі бар мынадай экономикалық қызмет түрлерінде: тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру; құрылыс (құрылыс жобаларын әзірлеуді қоспағанда); электр энергиясын өндіру, өткізу және тарату; сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау (қалдықтарды жинауды, өңдеуді және жоюды; қалдықтарды жою, рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтерді қоспағанда); ауыл, орман және балық шаруашылығы; өңдеу өнеркәсібі (кемелер және жүзетін конструкциялар жасауды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді қоспағанда); көлік және қоймалау (теңіз және жағалаудағы жолаушылар көлігін, такси қызметін, қойма шаруашылығын және қосалқы көлік қызметін, почта және курьер қызметін қоспағанда) қызметін жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер жатады. 6. Объективті критерийлер бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне: 1) қызметкерлер саны 250 адамнан асатын, осы Критерийлердің 5-тармағында көзделмеген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметін жүзеге асыратын; 2) қызметкерлер саны 250 адамнан аспайтын субъектілер жатпайды.

3. Субъективті критерийлер

7. Ішінара тексерулер жүргізу үшін тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерді (объектілерді) бөлу және іріктеу субъективті критерийлер арқылы жүзеге асырылады. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады: 1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте, бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, едәуір, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді; 2) өндірістегі жазатайым оқиғалардың материалдары; 3) бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері. 8. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде субъективті критерийлер мынадай үш топқа бөлінеді: өрескел, едәуір, болмашы. 9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған критерийлердің үлес салмағы айқындалады. 10. Өрескел дәреженің орындалмаған бір критерийі 100 көрсеткішіне теңестіріледі және субъект жоғары тәуекел дәрежесіне жатады. 11. Егер өрескел критерийлер бойынша сәйкессіздік анықталмаса, онда тәуекел дәрежесін айқындау үшін едәуір және болмашы критерийлер бойынша жиынтық мағынасы есептеледі. Едәуір критерийлердің жиынтық көрсеткішін айқындау кезінде орындалмаған критерийлердің үлес салмағына 0,7 коэффициенті қолданылады және мынадай формула бойынша есептеледі: Рз = ( Р 2 х 100/ Р 1 ) х 0,7 мұндағы: Р з – едәуір критерийлер көрсеткіші; Р 1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеру барысында қойылатын едәуір критерийлердің жалпы саны; Р 2 – бұзылған едәуір критерийлердің саны. 12. Болмашы критерийлер көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі: Р н = ( Р 2 х 100/ Р 1 ) х 0,3 мұндағы: Р н – болмашы критерийлер көрсеткіші; Р 1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеру барысында қойылатын болмашы критерийлердің жалпы саны; Р 2 – бұзылған болмашы критерийлер саны. 13. (УР) тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және барлық ақпарат көздері бойынша көрсеткіштерді жинақтау арқылы мынадай формула бойынша айқындалады: Р = Р з + Р н , мұнда: Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші; Р з – едәуір критерийлерді бұзу көрсеткіші; Р н – болмашы критерийлер көрсеткіші. 14. Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізілгеннен кейін, тексерілетін субъектілер тәуекелдің екі дәрежесі бойынша (тәуекелдің жоғары және жоғары дәрежесіне жатпайтын) бөлінеді. 15. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады: 1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі; 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді. 16. Ішінара тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен аспайды. 17. Ішінара тексерулер тиісті есептілік кезеңі басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі. 18. Ішінара тексерулер жүргізу үшін кейінгі тізімдер ағымдағы кестенің ішінара тексерулерімен толық қамтылғаннан кейін жасалады.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері

Р/с №Еңбек заңнамасы саласындағы тәуекелдер критерийлеріТәуекел дәрежесінің көрсеткіштері
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың материалдары
1.Өндірістегі еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғаөрескел
2.Кісі өлімімен аяқталған өндірістегі жазатайым оқиғаөрескел
3.Ауыр аяқталған өндірістегі жазатайым оқиғаөрескел
4.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеуөрескел
5.Өндірістегі жазатайым оқиға фактісін жасыруөрескел
6.Жеңіл аяқталған өндірістегі жазатайым оқиға (5-тен асатын факті)едәуір
Алдыңғы тексеру нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)
7.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді және есепке алуды жүргізуөрескел
8.Жалақыны және өзге де төлемдерді толық әрі уақтылы қамтамасыз етуедәуір
9.Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізуедәуір
10.Қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру салаларының аттестаттауға жататын және қосалқы бөлімшелері бар (есептеу орталықтары, жөндеу шеберханалары, автогараж, монша-кір жуатын орындар, қазандықтар, қоймалар, медициналық кабинеттер және т.б. техникалық қызметтер) өндірістік емес ұйымдарда еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізуедәуір
11.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің (маманның) болуыедәуір
12.Қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етуедәуір
13.Қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, жуу және дезинфекциялау құралдарын, медициналық қобдиша беруедәуір
14.Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті өзге де құралдармен қамтамасыз етуедәуір
15.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізуедәуір
16.Міндетті медициналық қарап - тексеруді өткізуедәуір
17.Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуыедәуір
18.Қызметкерлерге демалыс беруедәуір
19.Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтауедәуір
20.Жұмыс берушінің мүгедектерді жұмыспен қамту және кәсіби оңалту саласындағы міндеттерін сақтауыедәуір
21.Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асырудағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініш не шағым түскен жағдайда тексеріледі)едәуір
22.Тәртіптік жаза қолдануедәуір
23.Ұжымдық шарт талаптарын орындауедәуір
24.Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз етуедәуір
25.Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуіболмашы
26.Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдануыболмашы
27.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-қонушыларды тартуболмашы
28.Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындауболмашы
29.Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру бойынша заңсыз қызметболмашы
30.Еңбек қатынастарына қатысты жұмыс беруші қабылдаған актілердің заңдылығыболмашы
31.Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыруБолмашы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 545 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 491 бірлескен бұйрығына 2–қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Тексеру тағайындау туралы акт _______________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________ _____________________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің БСН (ЖСН)___________________________________ _____________________________________________________________________ Орналасқан мекенжайы ________________________________________________

№ р/нТалаптардың тізбесіҚажетҚажеті жоқТалаптарға сәйкес келедіТалаптарға сәйкес келмейді
Өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдарға қатысты
1.Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу
2.Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы
3.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің (маманның) болуы
4.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді және есепке алуды жүргізу
5.Қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз ету
6.Қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, жуу және дезинфекциялау құралдарын, медициналық қобдиша беру
7.Еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жасау, сондай-ақ қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен, жабдықтармен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін орындауға қажетті өзге де құралдармен қамтамасыз ету
8.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізу
9.Міндетті медициналық қарап - тексеруді өткізу
10.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-қонушыларды тарту
11.Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау
12.Жалақы мен өзге де төлемдердің толықтығы және уақтылылығы
13.Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыру
14.Ұжымдық шарттың талаптарын орындау
15.Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуі
16.Жұмыс беруші актілері ережелерінің заңнама нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз ету
17.Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау
18.Қызметкерлерге демалыс беру
19.Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету
20.Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері мен тәртібі
21.Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы
22.Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініштер не шағымдар болған жағдайда тексеріледі)
23.Жұмыс берушінің мүгедектерді жұмыспен қамту және кәсіби оңалту саласындағы міндеттерді сақтауы
24.Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру бойынша заңсыз қызмет
Өндірістік емес саладағы (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, тұру және тамақтану бойынша қызметтер) ұйымдарға қатысты
1.Қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру салаларының аттестаттауға жататын және қосалқы бөлімшелері бар (есептеу орталықтары, жөндеу шеберханалары, автогараж, монша-кір жуатын орындар, қазандықтар, қоймалар, медициналық кабинеттер және т.б. техникалық қызметтер) өндірістік емес ұйымдарда еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізу
2.Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы
3.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің (маманның) болуы
4.Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды жүргізу
5.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жүргізу
6.Міндетті медициналық қарап - тексеруді өткізу
7.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-қонушыларды тарту
8.Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау
9.Жалақы мен өзге де төлемдердің толықтығы және уақтылылығы
10.Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыру
11.Ұжымдық шарттың талаптарын орындау
12.Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуі
13.Жұмыс беруші актілері ережелерінің заңнама нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз ету
14.Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау
15.Қызметкерлерге демалыс беру
16.Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету
17.Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері мен тәртібі
18.Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы
19.Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініштер не шағымдар болған жағдайда тексеріледі)
Қызметкерлері еңбек қызметін кеңсе үй-жайларында жүзеге асыратын өндірістік емес саладағы ұйымдарға қатысты
1.Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болуы
2.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-қонушыларды тарту
3.Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген ерекше шарттарды орындау
4.Жалақы мен өзге де төлемдердің толықтығы және уақтылылығы
5.Кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін жүзеге асыру
6.Ұжымдық шарттың талаптарын орындау
7.Еңбек шарттарының болуы және олардың заңнама нормаларына сәйкес келуі
8.Жұмыс беруші актілері ережелерінің заңнама нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз ету
9.Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимін сақтау
10.Қызметкерлерге демалыс беру
11.Жекелеген санаттағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету
12.Тәртіптік жаза қолдану мерзімдері мен тәртібі
13.Жұмыс берушінің халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы
14.Еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (өтініштер не шағымдар болған жағдайда тексеріледі)

Лауазымды адам (дар)_________________________________________________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________________________________________________ (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Тексерілетін субъектінің басшысы ____________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) лауазымы) (қолы)

Түпнұсқадағы суреттер, кестелер және скан (18)

TXT файлы мәтіндік бөлікті қамтиды. Көрнекі бөліктер ресми дереккөзден ашылады.

  1. Ресми қосымшаны ашу
  2. Ресми қосымшаны ашу
  3. Ресми қосымшаны ашу
  4. Ресми қосымшаны ашу
  5. Ресми қосымшаны ашу
  6. Ресми қосымшаны ашу
  7. Ресми қосымшаны ашу
  8. Ресми қосымшаны ашу
  9. Ресми қосымшаны ашу
  10. Ресми қосымшаны ашу
  11. Ресми қосымшаны ашу
  12. Ресми қосымшаны ашу
  13. Ресми қосымшаны ашу
  14. Ресми қосымшаны ашу
  15. Ресми қосымшаны ашу
  16. Ресми қосымшаны ашу
  17. Ресми қосымшаны ашу
  18. Ресми қосымшаны ашу

Іздеу атаулары: №545 бұйрық, 545-бұйрық, приказ 545, бес жүз қырық бесінші бұйрық, 545 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.