Мақала
Бұйрықтар

№ 1001 бұйрық (23.12.2015): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 271 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1001 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 қаңтарда № 12914 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
1001
Қабылданған күні
23.12.2015
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11208 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 17 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1001 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 271 бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

р/р №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың жалпы саныБілім деңгейі бойынша бөлінген орындар саны
Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандарКәсіптік орта білімі бар мамандар
1234567891011
ҚДБАБА
2 ай4 ай5 ай1 апта2 апта4 апта1 апта2 апта
1.Астана медицина университеті145355358521932344 *194612164494 **2955
БАРЛЫҒЫ1453553585219323441946121644942955

Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу: ҚД - қайта даярлау БЖ - білімін жетілдіру * 1 апталық біліктілікті арттыру курсында 2 344 кәсіптік жоғарғы білімі бар маман, оның ішінде шетел мамандарын тарта отырып - 280 маман оқудан өтеді; **1 апталық біліктілікті арттыру курсында 4 494 кәсіптік орта білімі бар маман, оның ішінде шетел мамандарын тарта отырып - 25 маман оқудан өтеді.

Іздеу атаулары: №1001 бұйрық, 1001-бұйрық, приказ 1001, мың бірінші бұйрық, 1001 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.