Мақала
Бұйрықтар

№ 1078 бұйрық (30.12.2015): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1078 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 қаңтарда № 12947 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
1078
Қабылданған күні
30.12.2015
Актіні өзгерту күні
01.01.2018
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2017 № 666 ( 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 190 (2006) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесінде:

Жергілікті бюджет қаражатының есебінен деген 1-бөлімде:

реттік нөмірлері 7, 8, 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"

9Жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі (СЖЖ)Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия; қосымша терапия – әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ******Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіБазалық терапия: Небиволол, таблетка; Бисопролол, таблетка Фозиноприл, таблетка; Спиронолактон, таблетка, капсула; Торасемид, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; Қосымша терапия: Кандесартан, таблетка; Рамиприл, таблетка, капсула; Дигоксин, таблетка; Гидрохлортиазид, таблетка; Эналаприл, таблетка;

".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушыЕ. Біртанов

Іздеу атаулары: №1078 бұйрық, 1078-бұйрық, приказ 1078, мың жетпіс сегізінші бұйрық, 1078 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.