Мақала
Бұйрықтар

№ 158 бұйрық (29.02.2016): толық мәтін және скачать

Жаңа

"2016 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 689 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13387 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
158
Қабылданған күні
29.02.2016
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «2016 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 689 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12010 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2016 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне : «Дәрілік заттардың тізімі» деген тарауында : реттік нөмірлері 47, 73, 203, 380, 786 деген жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірлері 20, 21, 22, 99, 137, 139, 140, 227, 424, 460, 598, 646, 711 деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

20Альбумин10 % инфузияға арналған ерітінді, 20 млампула3124,4
21Альбумин10 % инфузияға арналған ерітінді, 50 млқұты7009,57
22Альбумин20 % инфузияға арналған ерітінді, 100 млқұты19971,55

»;

«

99В гепатитіне қарсы вакцинамен, инактивирленген полиомиелитке қарсы рекомбинантты вакцинамен және b типті гемофилиялық инфекцияға қарсы вакцинамен құрамдастырылған дифтерия-сіреспе-жасушасыз көкжөтел вакцинасыВакцинациялар құрамында құрамдастырылған: жасушасыз көкжөтел компоненті бар дифтерия - сіреспе, В вирусты гепатиті, инактивриленген полиомиелти, b типіндегі гемофильді инфекция, 1 дозададоза15576,53

»;

«

137Галсульфазаинъекцияға арналған ерітінді 1 мг/мл, 5 млқұты674111,77

»;

«

139Гемцитабининфузияға ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 1000 мгқұты7725,40
140Гемцитабининфузияға ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 200 мгқұты3210,00

»;

«

227Изониазидинъекцияға арналған ерітінді 10%, 5 млампула55,52
424Митоксантронинфузияға ерітінді дайындауға арналған концентрат немесе инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/5 млқұты26217,14

»;

«

460Оксалиплатининфузиялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ/лиофилизат 50 мг/ инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат 5 мг/мл 10 млқұты3181,13

»;

«

598Севофлуранингаляцияға арналған сұйықтық/ерітінді 250 млқұты48244,59
646Тиопентал натрийіинъекцияға ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ 1000 мгқұты716,90

»;

«

711Хлорамфениколинъекцияға ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мгқұты428,00

»;

«Медициналық мақсаттағы бұйымдар» деген тарауында: реттік нөмірлері 200, 201 деген жолдар алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішіндегі оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық нормативтік құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Іздеу атаулары: №158 бұйрық, 158-бұйрық, приказ 158, жүз елу сегізінші бұйрық, 158 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.