Мақала
Бұйрықтар

№ 87 бұйрық (04.02.2016): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13394 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-252/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
87
Қабылданған күні
04.02.2016
Актіні өзгерту күні
11.12.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.12.2020 № ҚР ДСМ-252/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 133-136–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министріТ. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 87 бұйрығына қосымша

Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуға тиіс медициналық техниканың тізімі

р/с №Медициналық техниканың атауы
1Донорлық-диализдік кресло
2Реанимациялық және кардио-реанимациялық бригадаларға арналған "Жылжымалы жедел медициналық көмек кешені"
36/12 арналы электрокардиограф, жиынтықта
43/6 арналы электрокардиограф, жиынтықта
51/3 арналы электрокардиограф, жиынтықта
6Пациент мониторы портативті, жиынтықта
7Пациент мониторының сенсорлы басқаруы бар портативті жиынтықта
8Пациент мониторы, жиынтықта
9Сенсорлы басқаруы бар пациент мониторы, жиынтықта
10Бір арналы электрокардиограф, жиынтықта
11Операциялық шам (диаметрі 600 мм кем емес шам күмбезі бар)
12Операциялық шам (диаметрі 200 мм кем емес шам күмбезі бар)
13Пульсоксиметр (балаларға арналған)
14Пульсоксиметр
15Пульсоксиметр (жиынтықта зарядталмаған шағын батареялары бар)
16Операциялық шам (диаметрі 700 мм кем емес шам күмбезі бар)
17Операциялық шам (диаметрі 500 мм кем емес шам күмбезі бар)
18Феталды монитор, жиынтықта
19Феталды монитор, жиынтықта (пульсоксиметриялық құрылғысы және бір рет пайдаланылатын электродтары бар)
20Портативті медициналық сорғыш
21Жылжымалы медициналық сорғыш
22Феталды доплер (TFT графикалық дисплейі бар)
23Феталды доплер (СК дисплейі бар)
24Медициналық консоль, жиынтықта (бекіткіш фланеці, аспалы бекіткіші және бұрылмалы кронштейні бар)
25Медициналық консоль, жиынтықта
26Әмбебап операциялық үстел (ұзындығы 2050 мм)
27Әмбебап операциялық үстел (ұзындығы 2100 мм)
28Әмбебап операциялық үстел (ұзындығы 2150 мм)
29Эндоскопиялық хирургияға арналған бейнекешен
30Эксперт класты ультрадыбыстық диагностикалық аппарат
31Ультрадыбыстық диагностикалық аппарат
32Қос күмбезді операциялық шам
33Жедел медициналық жәрдем және шұғыл жағдайларға арналған машиналар үшін өкпені жасанды желдеткіш портативті аппараты
34Жуу-дезинфекциялау машинасы
35Операциялық шам
36Жоғары жиіліктегі электрохирургиялық коагулятор
37Аргонды-плазмалы коагулятор
38Дефибриллятор Монитор (инвазиялық емес артериалдық қан қысымы функциясы және капнография режимі бар)
39Дефибриллятор Монитор
40Автоматтты дефибриллятор
41Эксперт класты ультрадыбыстық диагностикалық аппарат
42Бу стерилизаторы
43Бу стерилизаторы (жиынтықта, термопринтері және қағазы бар)
44Керек-жарақтары бар жылжымалы рентген аппараты
453 секциялы медициналық функционалды кереует (бұрандалы көтергіші бар)
46Инфузиялық сорғы
472 секциялы медициналық функционалдық кереует (жиектерінде кедергісі жоқ)
48Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық кардио-реанимациялық кереует
49Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық 4 секциялы травматологиялық кереует
50Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық кардио-реанимациялық кереует (Тренделенбург және антитренделенбург латерантты көлбеу функциясы бар)
51Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (арқа секциясының биіктігін реттеуге арналған басқа пульті бар)
52Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық 4 секциялы кереует
53Биіктіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық кереует
54Медициналық функционалдық 4 секциялы травматологиялық кереует
55Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (металдан жасалған арқа және арқа секциясының, екі тұтқаның көмегімен жамбас және сирақтың жантаю бұрышын реттегіші бар)
56Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (АВС пластиктен жасалған 2 арқасы және механикалық бекіткіштердің көмегімен аяқ секцияларын реттегіші бар)
57Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (кез-келген қалыптан қайтару тетігі бар механикалық бекіткіштің көмегімен арқаның жантаю бұрышын реттегіші бар)
58Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (қосымша орнатылған бамперлері бар АВС пластиктен жасалған 2 арқасы бар)
59Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует (металдан жасалған 2 арқасы бар)
60Медициналық функционалдық 4 секциялы кереует
61Биіктігін электромеханикалық реттегіші бар медициналық функционалдық кардио-реанимациялық балалар кереуеті
62Латерантты көлбеуі бар медициналық көп функционалды 4 секциялы кереует
63Оттегі бар редуктор-ингалятор
64Биіктігін электромеханикалық реттегіші бар гинекологиялық кресло (қолмен басқару пультінің көмегімен арқа секциясының жантаюына электрлік көтергіші бар)
65Босануға және босандыруға арналған кресло-кереует (жиегінде пластикті кедергісі, жататын орынның биіктігі мен арқасының жантаю бұрышын реттеуге арналған басқару пульті бар)
66Босануға және босандыруға арналған кресло-кереует
67Гинекологиялық кресло
68Гинекологиялық кресло (механикалық бекіткіштердің көмегімен креслоның арқасының жантаю бұрышын реттегіші бар)
69Биіктігін электромеханикалық реттегіші бар гинекологиялық кресло (аяқ басқару пультінің көмегімен арқа секциясының жантаю бұрышын электрлік көтергіші бар)
70Дөңгелегі жоқ механикалық бұранда көтергіші бар гинекологиялық кресло
71Әмбебап гинекологиялық кресло
72Гинекологиялық кресло (инъекция үшін ысырмалы шынтақ таянышы бар)
73Дөңгелегі бар механикалық бұранда көтергіші бар гинекологиялық кресло
74Босануға және босандыруға арналған тіреуіші бар кресло-кереует
75Биіктігін электромеханикалық реттегіші бар гинекологиялық кресло
76Шағын процессоры бар 4 шамды ашық типті ұтқыр (жылжымалы) бактерицидтік сәулелендіргіш
772 шамды ашық типті ұтқыр (жылжымалы) бактерицидтік сәулелендіргіш
78Керек-жарақтары бар рентген-диагностикалық медициналық кешен (бейнесі цифрлы өңделетін)
79Керек-жарақтары бар рентген-диагностикалық медициналық кешен
80Желілік бригадаларға арналған "Жылжымалы жедел медициналық жәрдем кешені
81Керек-жарақтары бар рентген диагностикаға түсіретін кешен
82Керек-жарақтары бар жылжымалы рентген аппарат
834 шамды ашық типті ұтқыр (жылжымалы) бактерицидті сәулелендіргіш
84Көлік құралының шассиіне рентген стоматологиялық жылжымалы әмбебап кешен
85Рентген диагностикалық жылжымалы аппарат
86Рентген флюрографиялық стационарлық цифрлық аппарат
87Рентген маммографиялық аппарат
88Көлік құралының шассиіне бастапқы медициналық көмектің жылжымалы кешені
89Рентген диагностикалық кешен (жиынтығында айқындағыш машинасы бар)
90Цифрлық радиологиялық жүйесі бар рентген диагностикалық кешен
91Жылжымалы рентген диагностикалық аппарат
92Көлік құралының шассиіне рентген маммографиялық жылжымалы әмбебап кешені
93Рентген флюорографиялық стационарлық цифрлық аппарат
94Рентген флюорографиялық жылжымалы цифрлық кешен
95Рентген диагностикалық кешен
96Цифрлық радиологиялық жүйесі бар рентген диагностикалық кешен
97Өкпені жасанды желдету аппараты
98Капиллярлық қандағы глюкозаның, холестериннің және триглицеридтердің шоғырлануын экспресс-талдауыш
99Капиллярлық қандағы глюкозаның шоғырлануын экспресс-талдауыш

Іздеу атаулары: №87 бұйрық, 87-бұйрық, приказ 87, сексен жетінші бұйрық, 87 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.