Мақала
Бұйрықтар

№ 467 бұйрық (31.05.2016): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпараттың және оны алу үшін өтінімнің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 шілдеде № 13871 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 17 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
467
Қабылданған күні
31.05.2016
Актіні өзгерту күні
30.01.2024
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінім
  2. Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.01.2024 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiнің 31 және 32-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінімнің нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпараттың нысаны бекітілсін.

2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министріТ. Дүйсенова

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрі

_____________ Д. Абаев

2016 жылғы 3 маусым

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 467 бұйрығына 1-қосымша

Нысан

Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат алу үшін өтінім

Төлем тапсырмасының №Төлем тапсырмасының күніТөлем тапсырмасының сомасыТөлемді тағайындау кодыБанк операциясының референсіТөлеушінің жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөміріТөлеушінің атауы
1234567

Қолдары:

Басшы

____________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бас бухгалтер

_____________________________тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мөрдің орны

Өтінім тіркелген күн: 20 ___ ж. "___" _______________________________

_____________________________________________________________________

өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

лауазымы және қолы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 467 бұйрығына 2-қосымша

Нысан

Берілген күні, шығ. №

Міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн аударылған әлеуметтік аударымдардың сомалары туралы ақпарат

Төлем тапсырмасының №Төлем тапсырмасының күніТөлем тапсырмасының сомасыТөлемді тағайындау кодыБанк операция сының референсіТөлеушінің жеке немесе бизнес сәйкестендіру нөміріТөлеушінің атауыФайлдың атауы (Dbf)
12345678

Қолдары:

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы

_________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

_________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мөрдің орны

Іздеу атаулары: №467 бұйрық, 467-бұйрық, приказ 467, төрт жүз алпыс жетінші бұйрық, 467 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.