Мақала
Бұйрықтар

№ 532 бұйрық (17.06.2016): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 шілдеде № 13967 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 6 маусымдағы № 230 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
532
Қабылданған күні
17.06.2016
Актіні өзгерту күні
06.06.2018
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы МӘЛІМЕТТЕР
  2. Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін "Қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
  4. Барлық экономикалық қызмет түрлерінің жіктелуі және кодталуы
  5. Жұмыс сипатының анықтамалығы
  6. Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы МӘЛІМЕТТЕР
  7. "Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
  8. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
  9. Барлық экономикалық қызмет түрлерінің жіктелуі және кодталуы

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.06.2018 № 230 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжамды жұмыс орындары бойынша сұранысқа ие мамандықтар туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министріТ. Дүйсенова

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы

__________________ Н. Айдапкелов

2016 жылғы 17 маусым

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығына 1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы МӘЛІМЕТТЕР

Есепті кезең 20___ жылғы "___"________________

Нысан индексі: 1-бжо (бос жұмыс орындары).

Ақпаратты жинау кезеңділігі: бос жұмыс орындарының пайда болуына қарай.

Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: экономикалық қызметтің барлық түрін жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар ұсынады.

Нысан кімге ұсынылады: аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган.

Нысанды ұсыну мерзімі: бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде.

(жалғасы)

Жолдың шифрыКәсіп (лауазым) бойынша жұмыскерлер қажетКәсіпті (лауазымды) нақтылауЖұмыскерлерге қажеттілік (адам)
Кәсіптер коды және базалық топтың атауыКәсіп (лауазым) атауыбарлығыолардың ішінде
әйелдерсәйкес жастар (14-29 жастағы)
1234567
Жиынтығыxxx

Кестенің жалғасы

Талап етілетін білім деңгейіТалап етілетін біліктілік деңгейі (тарифтік разряд, санат)Кәсібі бойынша өтілі, жылЖұмыс сипаттамасыЖұмыс режиміЖалақы мөлшері (айына), теңге
8910111213
xxxxxx

Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсіндірмеге сәйкес толтырылады

Ұйымның атауы _______________________________________________________

Экономикалық қызмет түрі ____________________________________________

Басшы __________________________________ __________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

Орындаушы __________________________________ __________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

Орындаушының телефоны ___________________

Ұйымның мекенжайы және телефоны ___________________

М.О. (бар болса)

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысанға қосымша

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін "Қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы "Қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыруды регламенттейді.

2. Нысанды жұмыс берушілер аудандық (қалалық) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) болған кезде олар пайда болған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде береді.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

3. Нысанның тақырыбында бос орынның пайда болған күні жазылады.

Нысан жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған жағдайда олар пайда болғанға дейін бір айдан кешіктірмей ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде жеке толтырылады.

Нысанның тақырыбында жоспарланған бос орын пайда болатын күн көрсетіледі.

4. Жұмыс берушінің экономикалық қызмет түрілерінің жіктелуі және кодталуы осы Түсіндірмеге 1-қосымшаға сәйкес толтырылады.

5. Ұйымның атауы құрылтай құжаттарына сәйкес толық немесе қысқартылған түрде толтырылады, егер жұмыс беруші жеке тұлға болса – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық көрсетіледі.

6. Жұмыс берушінің мекенжайында оның нақты орналасқан жері туралы ақпарат және байланыс телефонының нөмірі қамтылады.

7. 1-бағанда жолдың шифры көрсетіледі.

8. 2-бағанда кәсіптер коды және базалық топтың атауы көрсетіледі.

9. 3-бағанда бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) бар (немесе күтілетін) жұмысшылар кәсіптерінің және қызметшілер лауазымдарының атауы көрсетіледі.

10. 4-бағанда кәсіпті (лауазымды) нақтылау көрсетіледі, аталған жіктеу кәсіптердің кіші топтарына, құрамдас және базалық топтарына бөлінетін ірілендірілген топтар бойынша кәсіптерді сипаттауды көздейді – талаптарды мәндік детализациялау (мысалы, "қойма меңгерушісі" лауазымында – "құрылыс материалдары" деп нақтылау).

11. 5-бағанда бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) жалпы саны көрсетіледі.

12. 6-бағанда әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) саны көрсетіледі.

13. 7-бағанда жастарды (14 – 29 жастағы), оның ішінде осы жастағы әйелдерді жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) саны көрсетіледі.

14. 8-бағанда білім деңгейіне қойылатын талап (жоғарыдан кейінгі, жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік, жалпы орта, негізгі орта) көрсетіледі.

15. 9-бағанда талап етілетін біліктілік деңгейі, сондай-ақ ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары көрсетіледі.

16. 10-бағанда кәсібі (лауазымы) бойынша жұмыс өтілінің болуына қойылатын талап көрсетіледі. Егер өтіліне талап қойылмайтын болса, онда бағанға 0 қойылады.

17. 11-бағанда ұсынылатын жұмыстың сипаттамасы көрсетіледі, ол жұмыс сипаттамасының анықтамалығына сәйкес осы Түсіндірмеге 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.

18. 12-бағанда ұсынылатын жұмыстың режимі (толық жұмыс күні, толық емес жұмыс күні, толық емес жұмыс аптасы, үйде істейтін жұмыс, вахталық әдіс) көрсетіледі.

19. 13-бағанда еңбек шартын жасаған жағдайда төленетін жалақы мөлшері көрсетіледі.

20. Толтырылған нысанға жұмыс берушінің лауазымды адамы қол қояды және нысанды толтырған күні қойылады.

"Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге 1-қосымша

Барлық экономикалық қызмет түрлерінің жіктелуі және кодталуы

СекцияАтауыБөлімдер
ААуыл, орман және балық шаруашылығы01-03
Өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, аң аулау және осы салаларда қызмет көрсету01
Орман өсіру және ағаш дайындау02
Балық аулау және аква өсіру03
БТау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер өңдеу05-09
Көмір және лигнит өндіру05
Шикі мұнай және табиғи газ өндіру06
Металл кендерін өндіру07
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салалары08
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер09
ВӨңдеу өнеркәсібі10-33
Азық-түлік өнімдері өндірісі10
Сусын өндірісі11
Темекі бұйымдары өндірісі12
Тоқыма бұйымдары өндірісі13
Киім өндірісі14
Тері және оған жататын өнім өндірісі15
Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдары өндірісі; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі16
Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі17
Жазылған материалдарды басып шығару және шығару18
Кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісі19
Химиялық өнеркәсіп өнімдері өндірісі20
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмектер өндірісі21
Резина және пластмасса бұйымдары өндірісі22
Өзге де металл емес минералды өнім өндірісі23
Металлургиялық өнеркәсіп24
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары өндірісі25
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі26
Электр жабдықтары өндірісі27
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі28
Автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай прицептер өндірісі29
Өзге де көлік құралдары өндірісі30
Жиһаз өндірісі31
Өзге де дайын бұйымдар өндірісі32
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату33
ГЭлектрмен жабдықтау, газ, бу жіберу және ауаны желдету35
ДСумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау36-39
Суды жинау, өңдеу және бөлу36
Кәріз жүйесі37
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату38
Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер39
ЕҚұрылыс41-43
Ғимараттар мен құрылыстар салу41
Азаматтық құрылыс42
Мамандандырылған құрылыс жұмыстары43
ЖКөтерме және бөлшек сауда; автомобилдер мен мотоциклдерді жөндеу45-47
Автомобиль және мотоциклдердің көтерме және бөлшек саудасы және оларды жөндеу45
Автомобилдер мен мотоциклдерді қоспағанда көтерме сауда46
Автомобилдер мен мотоциклдерді қоспағанда бөлшек сауда47
ЗКөлік және қоймаға қою49-53
Құрлықтағы көлік және құбырлар арқылы тасымалдау49
Су көлігі50
Әуе көлігі51
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі52
Почта және курьерлік қызмет53
ИТұру және тамақтану қызметтері55-56
Тұруды ұйымдастыру қызметтері55
Азық-түлік тағамдары және сусын ұсыну жөніндегі қызметтер56
КАқпарат және байланыс58-63
Баспа қызметі58
Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі59
Бағдарламалар жасау қызметі және телерадио тарату60
Байланыс61
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да қосалқы қызметтер62
Ақпараттық қызметтердің қызметі63
ЛҚаржылық және сақтандыру қызметі64-66
Сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметтерін қоспағанда қаржылық қызметтер64
Міндетті әлеуметтік сақтандырудан басқа сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі65
Қаржылық қызметтер және сақтандыруды ұсыну жөнінде қосалқы қызметтер66
МЖылжымайтын мүлікпен операциялар68
НКәсіби, ғылыми және техникалық қызмет69-75
Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет69
Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері жөнінде консультациялар70
Сәулет, инженерлік зерттеулер, техникалық сынаулар және талдау саласындағы қызмет71
Ғылыми зерттеулер мен әзірлеулер72
Жарнамалық қызмет және нарықтық конъюктураны зерттеу73
Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет74
Ветеринарлық қызмет75
ОӘкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет77-82
Жалға алу, жалға беру және лизинг77
Жұмысқа орналастыру78
Туроператорлардың, турагенттердің және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі79
Қауіпсіздік және тергеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызмет80
Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет81
Әкімшілік-басқару, шаруашылық және өзге де қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет82
ПМемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру84
РБілім беру85
СДенсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер86-88
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет86
Тұруды қамтамасыз ететін күтім жөніндегі қызмет87
Тұруды қамтамасыз етпейтін әлеуметтік қызмет көрсету88
ТӨнер, ойын-сауық және демалыс90-93
Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет90
Кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар және де басқа мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі91
Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі92
Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет93
УӨзге де қызмет түрлерін көрсету94-96
Мүшелік ұйымдардың қызметі94
Компьютерлерді, жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу95
Өзге де жеке қызметтер көрсету96
ФҮй қызметкерлерін жалдайтын және тауар өндіретін үй шаруашылықтары қызметі және жеке тұтынуға арналған қызметтер97-98
Үй қызметкерлерін жалдайтын үй шаруашылығы қызметі97
Жеке тұтынуға арналған тауарларды өндіру жөніндегі үй шаруашылығы қызметі98
ХБұрынғы аумақтық ұйымдар мен органдардың қызметі99
"Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге 2-қосымша

Жұмыс сипатының анықтамалығы

1. Тұрақты жұмыс

негізгі тұрақты;

қоса атқарылатын тұрақты;

квота бойынша тұрақты;

сабақтан тыс уақыттағы тұрақты;

өзге де тұрақты жұмыс.

2. Уақытша жұмыс

негізгі уақытша;

қоса атқарылатын уақытша;

квота бойынша уақытша;

мердігерлік шарт бойынша уақытша;

сабақтан тыс уақыттағы уақытша;

өзге де уақытша жұмыстар.

3. Маусымдық жұмыс:

негізгі маусымдық;

қоса атқарылатын маусымдық;

сабақтан тыс уақыттағы маусымдық;

өзге де маусымдық жұмыс.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 532 бұйрығына 2-қосымша

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы МӘЛІМЕТТЕР

Есепті кезең 20___ жылғы "___"________________

Нысан индексі: 1-болжам.

Ақпаратты жинау кезеңділігі: жыл сайын 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша жылына екі рет.

Ақпараттарды ұсынатын адамдар тобы: экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар ұсынады.

Нысан кімге ұсынылады: аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган.

Нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі 1 сәуірден және 1 қазаннан кешіктірмей.

Жолдың шифрыКәсіп (лауазым) бойынша қажетті жұмыскерлерКәсіпті (лауазымды) нақтылауТалап етілетін білім деңгейіТалап етілетін біліктілік деңгейі (разряд)Жұмыскерлерге, мамандарға болжамды қажеттілік (адам)
Кәсіптер коды және базалық топтың атауыКәсіп (лауазым) атауыбарлығыоның ішінде жылдар бойынша
___ жыл___ жыл___ жыл
12345678910
ЖиынтығыХХХХХ

Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсіндірмеге сәйкес толтырылады

Ұйымның атауы________________________________________________________

Экономикалық қызмет түрі_____________________________________________

Басшы __________________________________ __________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

Орындаушы __________________________________ __________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

Орындаушының телефоны ___________________

Ұйымның мекенжайы және телефоны ___________________

М.О. (бар болса)

Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін қажетті мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер беруге арналған әкімшілік есепке алу нысанына қосымша

"Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы "Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.

2. Нысанды жұмыскерлер мен мамандарға қажеттілік туралы мәліметтер болған кезде жұмыс берушілер аудандық (қалалық) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға береді.

3. Әрбір кейінгі жылға нысанды толтыру кезінде болжанатын кезең бір жылға жылжытылады (мысалы, 2016 жылы құрған кезде болжам 2017, 2018, 2019 және 2020 жылдарға жасалатын болады).

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

4. Жұмыс берушінің атауы құрылтай құжаттарына сәйкес толық немесе қысқартылған түрде толтырылады, егер жұмыс беруші жеке тұлға болса – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық көрсетіледі.

5. Жұмыс берушінің экономикалық қызмет түрілерінің жіктелуі және кодталуы осы Түсіндірмеге Косымшаға сәйкес толтырылады.

6. Жұмыс берушінің мекенжайында оның нақты орналасқан жері туралы ақпарат және байланыс телефонының нөмірі қамтылады.

7. 1-бағанда жолдың шифры көрсетіледі.

8. 2-бағанда кәсіптер коды және базалық топтың атауы көрсетіледі.

9. 3-бағанда жаңа жұмыс орындарын (лауазымдар) құру жоспарланатын және қызметкерлер мен мамандарға қажеттілік байқалатын жұмысшылар кәсіптерінің және қызметшілер лауазымдарының атауы көрсетіледі.

10. 4-бағанда кәсіпті (лауазымды) нақтылау көрсетіледі, аталған жіктеу кәсіптердің кіші топтарына, құрамдас және базалық топтарына бөлінетін ірілендірілген топтар бойынша кәсіптерді сипаттауды көздейді – талаптарды мәндік детализациялау (мысалы, "қойма меңгерушісі" лауазымында – "құрылыс материалдары" деп нақтылау).

11. 5-бағанда білім деңгейіне қойылатын талап (жоғарыдан кейінгі, жоғары, ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік, жалпы орта, негізгі орта) көрсетіледі.

12. 6-бағанда талап етілетін біліктілік деңгейі, сондай-ақ ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары көрсетіледі.

13. 7-бағанда болжамды кезеңнің барлығына талап етілетін қызметкерлер мен мамандардың жалпы саны көрсетіледі.

14. 8–10-бағандарда қызметкерлер мен мамандардың жылдар бойынша талап етілетін жалпы саны көрсетіледі.

15. Толтырылған нысанға нысанды толтырған мемлекеттік органның лауазымды адамы қол қояды және нысанға қол қойылған күн жазылады.

"Ағымдағы бос орындар және болжанатын жұмыс орындары дерекқорына қосу үшін болжанатын жұмыс орындары бойынша қажетті мамандықтар туралы мәліметтер" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеге қосымша

Барлық экономикалық қызмет түрлерінің жіктелуі және кодталуы

СекцияАтауыБөлім дер
ААуыл, орман және балық шаруашылығы01-03
Өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, аң аулау және осы салаларда қызмет көрсету01
Орман өсіру және ағаш дайындау02
Балық аулау және аква өсіру03
БТау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер өңдеу05-09
Көмір және лигнит өндіру05
Шикі мұнай және табиғи газ өндіру06
Металл кендерін өндіру07
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салалары08
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер09
ВӨңдеу өнеркәсібі10-33
Азық-түлік өнімдері өндірісі10
Сусын өндірісі11
Темекі бұйымдары өндірісі12
Тоқыма бұйымдары өндірісі13
Киім өндірісі14
Тері және оған жататын өнім өндірісі15
Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдары өндірісі; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі16
Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі17
Жазылған материалдарды басып шығару және шығару18
Кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісі19
Химиялық өнеркәсіп өнімдері өндірісі20
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрі-дәрмектер өндірісі21
Резина және пластмасса бұйымдары өндірісі22
Өзге де металл емес минералды өнім өндірісі23
Металлургиялық өнеркәсіп24
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары өндірісі25
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі26
Электр жабдықтары өндірісі27
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі28
Автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай прицептер өндірісі29
Өзге де көлік құралдары өндірісі30
Жиһаз өндірісі31
Өзге де дайын бұйымдар өндірісі32
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату33
ГЭлектрмен жабдықтау, газ, бу жіберу және ауаны желдету35
ДСумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау36-39
Суды жинау, өңдеу және бөлу36
Кәріз жүйесі37
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату38
Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер39
ЕҚұрылыс41-43
Ғимараттар мен құрылыстар салу41
Азаматтық құрылыс42
Мамандандырылған құрылыс жұмыстары43
ЖКөтерме және бөлшек сауда; автомобилдер мен мотоциклдерді жөндеу45-47
Автомобиль және мотоциклдердің көтерме және бөлшек саудасы және оларды жөндеу45
Автомобилдер мен мотоциклдерді қоспағанда көтерме сауда46
Автомобилдер мен мотоциклдерді қоспағанда бөлшек сауда47
ЗКөлік және қоймаға қою49-53
Құрлықтағы көлік және құбырлар арқылы тасымалдау49
Су көлігі50
Әуе көлігі51
Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі52
Почта және курьерлік қызмет53
ИТұру және тамақтану қызметтері55-56
Тұруды ұйымдастыру қызметтері55
Азық-түлік тағамдары және сусын ұсыну жөніндегі қызметтер56
КАқпарат және байланыс58-63
Баспа қызметі58
Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі59
Бағдарламалар жасау қызметі және телерадио тарату60
Байланыс61
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да қосалқы қызметтер62
Ақпараттық қызметтердің қызметі63
ЛҚаржылық және сақтандыру қызметі64-66
Сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметтерін қоспағанда қаржылық қызметтер64
Міндетті әлеуметтік сақтандырудан басқа сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі65
Қаржылық қызметтер және сақтандыруды ұсыну жөнінде қосалқы қызметтер66
МЖылжымайтын мүлікпен операциялар68
НКәсіби, ғылыми және техникалық қызмет69-75
Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет69
Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері жөнінде консультациялар70
Сәулет, инженерлік зерттеулер, техникалық сынаулар және талдау саласындағы қызмет71
Ғылыми зерттеулер мен әзірлеулер72
Жарнамалық қызмет және нарықтық конъюктураны зерттеу73
Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет74
Ветеринарлық қызмет75
ОӘкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет77-82
Жалға алу, жалға беру және лизинг77
Жұмысқа орналастыру78
Туроператорлардың, турагенттердің және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдардың қызметі79
Қауіпсіздік және тергеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызмет80
Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет81
Әкімшілік-басқару, шаруашылық және өзге де қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет82
ПМемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру84
РБілім беру85
СДенсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер86-88
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет86
Тұруды қамтамасыз ететін күтім жөніндегі қызмет87
Тұруды қамтамасыз етпейтін әлеуметтік қызмет көрсету88
ТӨнер, ойын-сауық және демалыс90-93
Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет90
Кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар және де басқа мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі91
Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі92
Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет93
УӨзге де қызмет түрлерін көрсету94-96
Мүшелік ұйымдардың қызметі94
Компьютерлерді, жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу95
Өзге де жеке қызметтер көрсету96
ФҮй қызметкерлерін жалдайтын және тауар өндіретін үй шаруашылықтары қызметі және жеке тұтынуға арналған қызметтер97-98
Үй қызметкерлерін жалдайтын үй шаруашылығы қызметі97
Жеке тұтынуға арналған тауарларды өндіру жөніндегі үй шаруашылығы қызметі98
ХБұрынғы аумақтық ұйымдар мен органдардың қызметі99

Іздеу атаулары: №532 бұйрық, 532-бұйрық, приказ 532, бес жүз отыз екінші бұйрық, 532 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.