Мақала
Бұйрықтар

№ 638 бұйрық (20.07.2016): толық мәтін және скачать

Жаңа

Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 638 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 шілдеде № 14050 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
638
Қабылданған күні
20.07.2016
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бір данада оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» жіберуді; 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е. А. Біртановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 20 шілдедегі 2016 жылғы № 638 бұйрығына қосымша

Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с№Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыМамандықтың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1234
1.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіЖалпы медицина535, оның ішінде 410 қазақ тілінде білім алушылар
Стоматология20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация15, оның ішінде 11 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау5, оның ішінде 3 қазақ тілінде білім алушылар
Медициналық-профилактикалық іс5, оның ішінде 3 қазақ тілінде білім алушылар
Барлығы:600
2.Астана медицина университетіЖалпы медицина450, оның ішінде 340 қазақ тілінде білім алушылар
3.Қарағанды мемлекеттік медицина университетіЖалпы медицина450, оның ішінде 340 қазақ тілінде білім алушылар, оның ішінде 50 «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасының шеңберінде
4.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясыЖалпы медицина100, оның ішінде 80 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация60, оның ішінде 45 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау20, оның ішінде, 10 қазақ тілінде білім алушылар
Медициналық-профилактикалық іс20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Барлығы:220
5.Семей қаласының мемлекеттік медицина университетіЖалпы медицина50 қазақ тілінде білім алушылар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасының шеңберінде
Барлығы1770 орын

Ескертпе: қосымша 1230 орын мәлімденген мамандықтар бойынша медициналық кадрлар даярлайтын, осы қосымшада көрсетілгендерден басқа жоғары оқу орындарында конкурс негізінде орналастырылады.

Іздеу атаулары: №638 бұйрық, 638-бұйрық, приказ 638, алты жүз отыз сегізінші бұйрық, 638 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.