Мақала
Бұйрықтар

№ 937 бұйрық (08.11.2016): толық мәтін және скачать

Жаңа

"2017 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 937 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 17 қарашада № 14437 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
937
Қабылданған күні
08.11.2016
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «2017 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13883 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: «Дәрілік заттар» деген бөлімде: реттік нөмірі 41 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «

41J01CR02Амоксициллин+Клавулан қышқылы****ауызға арналған суспензия дайындау үшін ұнтақ 457мг/5млқұты1 382,20

»; реттік нөмірі 155 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «

155J05AX66Дасабувир+Омбитасвир+Паритапревир+Ритонавир****Дасабувир-таблетка, 250 мг; Омбитасвир+Паритапревир+Ритонавир-таблетка, 12,5 мг/75 мг/50 мгТаблеткалар жиынтығы35 524,88

»; реттік нөмірлері 241, 242 деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «

241A10AD04Құрамында орташа ұзақтық инсулині бар екі фазалық инсулин аспарты (25/75 қысқа және орташа ұзақтық әрекетіндегі инсулин аналогтарының қоспасы)1 бірлік қадамымен 75 картриджге 1 шприц-қалам есебінен жиынтықта шприц-қаламдары бар 3 мл картридждердегі 100 бірлік/мл ерітінді/суспензия. Картридждерде емес, толтырылған шприц-қаламдарда жеткізілуі мүмкін, бұл жағдайда инсулинге шприц-қаламдар қажет емес.картридж/ шприц-қалам2 834,20
242A10AD04Құрамында орташа ұзақтық инсулині бар екі фазалық инсулин аспарты (50/50 қысқа және орташа ұзақтық әрекетіндегі инсулин аналогтарының қоспасы)1 бірлік қадамымен 75 картриджге 1 шприц-қалам есебінен жиынтықта шприц-қаламдары бар 3 мл картридждердегі 100 бірлік /мл ерітінді/суспензия. Картридждерде емес, толтырылған шприц-қаламдарда жеткізілуі мүмкін, бұл жағдайда инсулинге шприц-қаламдар қажет емескартридж/ шприц-қалам2 835,34

»; реттік нөмірлері 525, 526, 527 деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «

525N01BB09Ропивакаин****инъекцияға арналған ерітінді 10 мг/мл, 10 млампула2 931,03
526N01BB09Ропивакаин****инъекцияға арналған ерітінді 2 мг/мл, 20 млампула2 085,80
527N01BB09Ропивакаин****инъекцияға арналған ерітінді 7,5 мг/мл, 10 млампула1 629,11

»; реттік нөмірі 653 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «

653J01DC02Цефуроксим****ішкізу арқылы қолданылатын суспензия дайындауға арналған түйіршіктер 125мг/5млқұты1 792,51

»; реттік нөмірі 689 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «

689J05ARЭмтрицитабин+Тенофовиржүкті әйелдерге қолданылуы мүмкін таблетка, 200 мг/300 мгтаблетка979,17

»; реттік нөмірлері 2, 12, 17, 35, 39, 40, 44, 66, 168, 169, 172, 173, 174, 185, 196, 223, 299, 311, 324, 329, 331, 347, 382, 395, 413, 414, 455, 500, 501, 520, 549, 552, 553, 583, 584, 586, 604, 614, 629, 632, 672, 683, 716 деген жолдар алынып тасталсын; «Медициналық мақсаттағы бұйымдар» деген бөлімде: реттік нөмірі 285 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «

285-Бір рет пайдаланылатын шприц ****3 компонентті, 2 млдана9,47

»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 286, 287, 288, 289, 290 деген жолдармен толықтырылсын: «

286-Инсулин помпаларына арналған инфузиялық жиынтықКанюльдің ұзындығы 6 ммжиынтық4 077,77
287-Инсулин помпаларына арналған инфузиялық жиынтықКанюльлдің ұзындығы 9 ммжиынтық4 077,77
288-Инсулин помпаларына арналған резервуаркөлемі 1,8 млдана1 019,27
289-Инсулин помпаларына арналған резервуаркөлемі 3,0 млдана1 019,27
290-Нәжістегі жасырын қанды сапалы анықтауға арналған экспресс-тест ****1. Тест-жолақ – 1 дана. 2. Мультикассета - 1 дана. 3. Пробиркада 2 мл-дан үлгіні буферлі сұйылтқыш – 1 дана. 4. Үлгіні буферлі сұйылтуға арналған пробирка – 1 дана. 5. Мульткассеталарға арналған мөр қойылатын пластикалық пакет – 1 дана. 6.Барлық жиынтықтауыштарды лейболмен қаптауға арналған картон қорап - 1 дана. 7. Үлгіні буферлі сұйылтуға арналған пробиркалар үшін картон қорап - 1 дана 8. Үлгіні жинауға арналған пакет – 1 дана. 9. ID стикер – 1 дана. 10. Қазақ және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулық – 1 дана. 11. Кептіргіш, 5г - 1 дана.жиынтық1150,00

»; реттік нөмірлері 179, 181 деген жолдар алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін, мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3 . Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Іздеу атаулары: №937 бұйрық, 937-бұйрық, приказ 937, тоғыз жүз отыз жетінші бұйрық, 937 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.