Мақала
Бұйрықтар

№ 1005 бұйрық (30.11.2016): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 330 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 1005 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 14603 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
1005
Қабылданған күні
30.11.2016
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13738 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді және мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 1005 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 330 бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2016 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Р/с №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың жалпы саныБілім деңгейі бойынша бөлінген орындар саны
Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандарКәсіптік орта білімі бар мамандар
1234567891011
қайта даярлаубіліктілігін арттырубіліктілігін арттыру
2 ай4 ай5 ай1 апта2 апта4 апта1 апта2 апта
1.Астана медицина университеті14 552200619672210455231057993000
Барлығы14 552200619672210455231057993000

Іздеу атаулары: №1005 бұйрық, 1005-бұйрық, приказ 1005, мың бесінші бұйрық, 1005 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.