Мақала
Бұйрықтар

№ 1112 бұйрық (28.12.2016): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда 14630 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
1112
Қабылданған күні
28.12.2016
Актіні өзгерту күні
16.10.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері
  2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жоспарлы емдеуге жатқызу шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.10.2020 № ҚР ДСМ-134/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. РҚАО-ның ескертпесі! Бұйрық 01.01.2017 ж бастап қолданысқа енгізіледі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері бекітілсін.

2. Мынадай бұйрықтар күші жойылды деп танылсын:

1) "Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9086 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 мамырда жарияланған);

2) "Бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 210 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9874 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қарашада жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріТ. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.04.2020 № ҚР ДСМ-37/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№КодЖоғары технологиялы медициналық қызметтердің атауы
100.50Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)
239.65Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
335.84Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
435.23Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру
535.21Аорталық қақпақшаны тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру
635.82Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
737.94Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
837.66Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
935.33Аннулопластика
1081.042Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
1139.72Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
1200.65Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
1302.93Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
1403.7992Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
1503.7993Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
1681.073Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
1781.062Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
1881.041Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
1981.53Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
2081.55Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
2150.52Кадаврдан бауырды транспланттау
2255.62Кадаврдан бүйректі транспланттау
2350.59Бауырды басқа транспланттау
2486.66Теріні аллотранспланттау
2552.53Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
Консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде қатерлі ісік аурулары бойынша технологиялар тізімі
2692.201Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы
2792.202Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)
2892.247Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия
2992.291Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жоспарлы емдеуге жатқызу шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

№Код АХЖ-9АХЖ - 9 атауы
100.50Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)
200.51Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын импланттау (CRT-D)
300.65Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
400.93Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу
501.53Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы
602.93Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
703.7992Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
803.7993Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
903.93Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
1020.95Электромагниттік есту аппаратын импланттау
1133.5Өкпені транспланттау
1233.6"Жүрек - өкпе" кешенін аралас транспланттау
1335.05Аорталық қақпақшаны эндоваскулярлық ауыстыру
1435.11Ауыстырмай аорталық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
1535.12Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
1635.121Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы
1735.14Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
1835.21Аорталық қақпақшаны тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру
1935.23Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру
2035.33Аннулопластика
2135.55Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою
2235.82Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
2335.83Артериялық діңді толық қалпына келтіру
2435.84Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
2535.91Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы
2635.9900Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу
2735.991Митралдық тесікті клиптеу
2836.1000Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау
2936.16Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау
3037.32Жүрек аневризмасын кесу
3137.35Парциалдық вентрикулоэктомия
3237.36Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау
3337.51Жүректі транспланттау
3437.66Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
3537.76Трансвеналық атриалдық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру
3637.94Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
3737.941Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру
3837.96Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана импланттау
3938.12Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы
4038.34Анастомозбен қолқаның резекциясы
4138.341Аорта доғасының үзілісін түзету
4239.28Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау
4339.591Аорта-өкпе саңылауының пластикасы
4439.65Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
4539.72Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
4639.73Кеуде аортасына протезді эндоваскулярлық имплантанттау
4739.731Аортаның коарктациясын стенттеу
4841.01Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау
4941.04Аутологиялық гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тазартусыз транспланттау
5041.05Аллогендік гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тазартусыз транспланттау
5141.06Кіндік дің жасушаларын транспланттау
5241.10Феталдық бағаналық жасушаларды транспланттау
5350.52Кадаврдан бауырды транспланттау
5450.59Бауырды басқа транспланттау
5552.53Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
5652.80Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған
5755.5016Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия
5855.62Кадаврдан бүйректі транспланттау
5956.7404Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия
6063.8301Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия
6169.921Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама
6269.922Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
6369.923АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама
6469.924АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
6578.191Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектеріне сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану
6681.041Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
6781.042Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
6881.062Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
6981.073Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
7081.53Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
7181.55Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
7281.9610Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру
7386.66Теріні аллотранспланттау
7499.791Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау

Іздеу атаулары: №1112 бұйрық, 1112-бұйрық, приказ 1112, мың жүз он екінші бұйрық, 1112 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.