Мақала
Бұйрықтар

№ 560 бұйрық (27.07.2017): толық мәтін және скачать

Жаңа

Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 560 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 15405 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
560
Қабылданған күні
27.07.2017
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының назарына жеткізуді;

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 560 бұйрығына қосымша

Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыМамандықтың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1245
1.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіЖалпы медицина385, оның ішінде 270 қазақ тілінде білім алушылар
Стоматология20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация15, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау10, оның ішінде 5 қазақ тілінде білім алушылар
Педиятрия150, оның ішінде 100 қазақ тілінде білім алушылар
Барлығы:600

Ескертпе: Қосымша 2550 орын мәлімденген мамандықтар бойынша осы қосымшада көрсетілгенді қоспағанда медицина кадрларын даярлайтын жоғары оқу орындарында конкурс негізінде орналастырылады.

Іздеу атаулары: №560 бұйрық, 560-бұйрық, приказ 560, бес жүз алпысыншы бұйрық, 560 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.