Мақала
Бұйрықтар

№ 532 бұйрық (17.07.2017): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі туралы ережені, Байқау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 601 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 тамызда № 15438 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
532
Қабылданған күні
17.07.2017
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі туралы ережені, Байқау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 601 бұйрығының күші жойылcын (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7256 болып тіркелген).

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жобаларды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ.Біртанов

Іздеу атаулары: №532 бұйрық, 532-бұйрық, приказ 532, бес жүз отыз екінші бұйрық, 532 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.