Мақала
Бұйрықтар

№ 2 бұйрық (08.01.2018): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қаңтарда № 16283 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
2
Қабылданған күні
08.01.2018
Актіні өзгерту күні
30.11.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі
  4. Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамы
  5. Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санаттарының тізбесі
  6. Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
  7. Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ең төмен тізбесі Жинақталатын сөмкені жарақтау Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ең төмен тізбесі Жиналмалы сөмкені жарақтандыру
  8. Медициналық техника
  9. Медициналық мақсаттағы бұйым

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 № ҚР ДСМ-225/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету Қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. "Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11263 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет – ресурсына орналастыруды;

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

______________ Қ. Қасымов

2018 жылғы 10 қаңтар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 96) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) кезек күттірмейтін медициналық көмек (бұдан әрі - ККМК) – пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек;

2) жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл және жедел медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны;

3) шұғыл медициналық көмек – кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек.

2-тарау. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі

3. Азаматтардың денсаулық жағдайы бұзылған кезде жедел медициналық көмек станциясының (бұдан әрі - ЖМКС) диспетчері "103" пультінде барлық шақыртуларды қабылдайды. Шақырту ЖМКС диспетчерлік қызметіне келіп түскен кезде мынадай деректер белгіленеді:

пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жасы мен жынысы;

пациенттің жай-күйі бойынша деректер мен жазатайым жағдайдың, жарақаттардың немесе аурудың мән-жайы;

мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ пациенттің орналасқан орнына жету бойынша бағдарлық деректер.

4. Шақыртуларға жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізілетін, ЖМК диспетчері шақыртуды алған сәттен бастап қызмет көрсету үшін ЖМК бригадасына бергенге дейін шақыртуды өңдеу уақыты бес минутты құрайды.

5. Жедел медициналық көмекті құрамы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалар көрсетеді.

6. ЖМК бригадасы ЖМКС ауысымының аға дәрігеріне бағынады.

7. Ауылдық елді мекендерде ЖМК шақыртуларына қызмет көрсету үшін ЖМКС аудандық кіші станциясының диспетчері жақын жердегі медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөлікті тартады.

8. ЖМКС диспетчері қабылдаған шақыртулар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 4 (төрт) жеделділік санатына бөлінеді:

1) 1 (бірінші) жеделділік санатындағы шақырту – өміріне тікелей қауіп төндіретін, жедел медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттің жай-күйі;

2) 2 (екінші) жеделділік санатындағы шақырту – өміріне медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;

3) 3 (үшінші) жеделділік санатындағы шақырту – денсаулығына медициналық көмек көрсетусіз әлеуетті қауіп төндіретін пациенттің жай-күйі;

4) 4 (төртінші) жеделділік санатындағы шақырту – жіті ауруынан немесе созылмалы ауруының асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен болған және айқын көрінетін бұзылуларынсыз пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін пациенттің жай-күйі.

9. 1, 2, 3-жеделділік санаттарының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды ЖМКС фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.

10. 4-жеделділік санатының шақыртулары келіп түскен кезде ЖМКС диспетчері автоматты басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық санитариялық алғашқы көмек жанындағы жедел медициналық көмек бөлімшесінің (бұдан әрі – МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі) фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларына береді.

11. Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың ЖМКС диспетчерінен шақыртуды қабылдаған сәттен бастап, пациенттің тұрған жеріне дейін жету уақыты:

1-жеделділік санаты – он минутқа дейінгі;

2-жеделділік санаты – он бес минутқа дейінгі;

3-жеделділік санаты – отыз минутқа дейінгі;

4-жеделділік санаты – алпыс минутқа дейінгі уақытты құрайды.

12. МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесінің фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалары тіркелген халыққа және МСАК қызмет көрсету аймағындағы адамдарға тәулік бойы медициналық қызмет көрсетеді.

13. 4 жеделділік санатындағы шақыртулар МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі деңгейіндегі сияқты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-қосымшасының 15-тармағына сәйкес осы көмектің түрін көрсетуге мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдарға (денсаулық сақтау субъектілеріне) немесе жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар тұлғаларға аутсорсингке беру арқылы да көрсетіледі.

14. ЖМКС бригадаларының және МСАК жанындағы ЖМК қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына қауіп төнген кезде шақыртуға қызмет көрсету, аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Аумақтық ішкі істер органдарының өкілдері болмаған жағдайда ЖМК бригадаларының қызметкерлері рация және (немесе) мобильдік байланыс арқылы диспетчерлік қызметті ЖМКС бригадалары және МСАК жанындағы ЖМК бөлімшелері өмірі мен денсаулығына төнген қауіптер туралы хабардар етеді. Шақыртуға одан әрі қызмет көрсету аумақтық ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

15. Тексеріп-қарау, аспаптық диагностика, мамандардың консультациясы, осы жағдайлардың себептері көрсетілетін алдын ала диагноздарға сәйкес жүргізілген емдік іс-шаралардың аясында немесе одан кейін пациент жағдайы динамикасының нәтижелері бойынша ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесінің фельдшері немесе дәрігері мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

пациентті стационарлық көмек көрсететін (бұдан әрі - стационар) медициналық ұйымға тасымалдау;

пациентті шақырту орнында қалдыру;

пациентті үйде қалдыру (тұрғылықты жері бойынша).

16. Емдеуге жатқызуды қажет етпейтін пациент шақырту орнында немесе үйде қалдырылған жағдайда ЖМКС бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі оған одан әрі жүгіну үшін (тұрғылықты жері немесе бекітілуі бойынша) МСАК ұйымына медициналық ұсыныстар ұсынады.

17. Пациент ауырған және учаскелік дәрігердің, фельдшердің немесе ЖМКС не МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі дәрігерінің пациентке белсенді баруы қажет болған, сондай-ақ пациент емдеуге жатқызудан бас тартқан жағдайда ЖМК бригадасының фельдшері немесе дәрігері "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі - № 907 бұйрық) № 110-1/е нысаны бойынша дабыл парағын толтырады.

18. ЖМКС бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі пациентті стационарға тасымалдау туралы шешімді қабылдаған жағдайда ЖМКС диспетчерлік қызметі стационардың қабылдау бөлімшесін пациенттің келіп жеткендігі туралы хабардар етеді.

19. Пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда оны білікті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар жақын орналасқан медициналық ұйымға тасымалдау жүзеге асырылады.

20. Пациентті стационарға тасымалдау кезінде санитариялық автокөлікте оны алып жүруге (бір адамнан көп емес) рұқсат етіледі.

21. ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері № 907 бұйрықпен бекітілген № 110/е нысаны бойынша шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек бригадасының шақырту картасында пациентті жеткізу уақытын белгілейді.

22. Стационарға келуіне қарай ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне № 907 бұйрықпен бекітілген № 114/е нысаны бойынша жедел медициналық көмек станциясының ілеспе парағын тапсырады.

23. Пациентті бергеннен кейін ЖМКС бригадасының немесе МСАК жанындағы ЖМК фельдшері немесе дәрігері ЖМКС диспетчерін шақыртудың аяқталғаны туралы хабардар етеді.

24. ЖМКС немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі бригадасының стационардың қабылдау бөлімшесінде болу уақыты жаппай жарақаттанулар, уланулар кезінде жедел медициналық көмек көрсету қажеттілігі жағдайларын қоспағанда, оның стационарға келген сәтінен бастап 10 минуттан аспауы (пациентті қабылдау бөлімшесінің дәрігеріне беруге арналған уақыт) тиіс.

25. Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесі жұмысын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұйымдастырады.

26. ЖМК бригадасы немесе МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі пациентті стационардың қабылдау бөлімшесіне бергеннен кейін мейіргер бірінші кезекте шұғыл медициналық көмек көрсетілетіндерді алға тарта отырып, келіп түскен пациенттерді топтарға (Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу) бөледі.

27. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу үздіксіз және сабақтастықпен жүргізіледі. Бір пациенттің жағдайын бағалау процесі 60 секундтан аспайды. Бағалау аяқталғаннан кейін пациенттер арнайы түрлі-түсті бирка немесе түрлі-түсті лента түріндегі іріктеу санатының бір түсімен белгіленеді.

28. Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:

бірінші топ (жасыл аймақ) – медициналық көмекті аздап қажет ететін және одан әрі амбулаториялық емделу үшін үйіне жіберілген пациенттер және жоспарлы емдеуге жатқызылған пациенттер.

екінші топ (сары аймақ) – қабылдау бөлімшесіндегі төсекте жатқан шұғыл немесе кезек күттірмейтін көмек көрсетуді қажет етпейтін (немесе қабылдау бөлімшесінде бірнеше сағатқа байқауға қалдырылған пациенттер), сондай-ақ диагнозын нақтылау мен саралауға қалдырылған пациенттер;

үшінші топ (қызыл аймақ) – қабылдау бөлімшесінде шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер.

29. Триаж жүйесінің медициналық іріктеу нәтижелері бойынша пациент дәрігердің қарап-тексеруі үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі.

30. Үшінші топтың пациенттері қарқынды терапия палатасына келіп түседі, мұнда реаниматолог жедел медициналық жәрдем мамандары жүргізген реанимациялық көмек көрсетуді жалғастырады. Шұғыл операция жасалған жағдайда реаниматолог жалпы наркозды, өңірлік анестезияны, қабылдау бөлімшесінің операция бөлімінің жағдайында жергілікті анестезия жүргізеді, одан әрі пациенттің оянуы үшін анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріне тасымалдайды.

31. Жағдайы тұрақталғаннан кейін пациент бейінді бөлімшеге емделуге жатқызылады.

32. Инфекциялық ауруларға қаупі бар пациент жай-күйіне мониторинг жүргізу және науқасты одан әрі қадағалау тәсілін анықтау үшін боксқа орналастырылады. Пациенттер жаппай келіп түскен жағдайда инфекциялық ауруларға күдігі бар пациенттерді дұрыс бөлу үшін (жіті респираторлық вирустық инфекция және ішек аурулары) қарап-тексеру кабинеттерінің бірі инфекциялық бокске қайта бейінделеді.

33. Пациентті стационарға емдеуге жатқызған кезде мейіргер № 907 бұйрықпен бекітілген 003/е нысаны бойынша стационарлық науқастың медициналық картасын толтырады және пациентті бейінді бөлімшеге алып жүреді.

34. Стационарға емделуге жатқызуға көрсетілімдер болмаған жағдайда қабылдау бөлімшесінің дәрігері пациентке қарап-тексеру, консультация беру және диагностикалық зерттеулер нәтижелерін көрсетумен қабылдау бөлімшесінде болуы туралы қорытындыны және одан әрі МСАК жағдайында емделу туралы нұсқаулықтар береді. Бір уақытта мейіргер МСАК ұйымының тіркеу бөліміне ауру жағдайы туралы хабарлама жібереді және учаскелік дәрігерге № 907 бұйрықпен бекітілген № 110-1/е нысан бойынша белгі парағын дайындайды.

35. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары кезінде санитариялық автокөліктің кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін санитариялық автокөлік ЖМК бригадасы шыққан кезден бастап шақырту орнына дейін және пациентті стационарға тасымалдау кезінде "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына сәйкес ең жоғарғы деңгейде арнаулы дыбыстық сигналды (сирена) береді және көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маякты іске қосады.

36. Халықтың жүгінуін ескеріп, бір санитариялық автокөлік 10 мың және одан аз халықтың есебінен енгізіледі. Санитариялық автокөлік радиобайланыс және навигациялық жүйемен жабдықталады.

37. МСАК жанындағы ЖМК бөлімшесі бригадаларымен жедел медициналық көмек көрсету бригадасыны пациент орналасқан жерге уақтылы жеткізуді қамтамасыз ететін МСАК-тың медициналық көмек ұйымының мамандандырылмаған жеңіл автокөлігін пайдалануды көздейді.

38. Облыстық ЖМКС құрылымына ЖМК станциясы, ЖМК күші станциялары санитариялық авиация бөлімшелері кіреді.

39. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ЖМКС құрамында ішкі істер органдары және өңірдегі төтенше жағдайлар қызметтерімен ЖМК кіші станцияларымен, МСАК жанындағы ККМК бөлімшелерімен, медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерімен, жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген және емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыратын Сall – орталықтар (колл-орталықтар) құрылады.

40. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ЖМКС шақыртуларды қабылдау және өңдеу бойынша автоматты басқару жүйелерімен және навигациялық жүйелер арқылы ЖМК автокөліктеріне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ абоненттермен сөйлесулерді компьютерлік жазып алу және шақырту келіп түскен телефон нөмерлерін автоматты анықтау жүйелерімен жабдықталады. Сөйлесулердің жазбаларын сақтау кемінде 6 ай жүзеге асырылады.

41. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ЖМКС осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес дәрілік заттармен, медициналық техникамен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етіледі.

42. Төтенше жағдайлар режімінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ЖМКС:

1) "Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидаларын, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 қаулысына және "Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақытылы кешенді көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 919, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 819, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14387 болып тіркелген) сәйкес ведомствоаралық және сектораралық қарым-қатынастар шеңберінде әрекет етеді;

2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарын жою бойынша ЖМК көшпелі бригадаларын төтенше жағдайлар аймағына жібереді;

3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шеккендерге емдік-эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді;

4) барлық төтенше жағдайлар туралы ақпаратты шұғыл түрде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына және Республикалық санитариялық авиация орталығына ұсынады.

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша

Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамы

1. Фельдшерлік бригаданың құрамына:

екі фельдшер

жүргізуші кіреді.

2. Мамандандырылған (дәрігерлік) бригаданың құрамына:

дәрігер;

фельдшер;

жүргізуші кіреді.

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша

Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санаттарының тізбесі

Санаттың сипаттамасыКодыШақыртудың себебі
123
1- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 10 минутқа дейін)
Өміріне тікелей қауіп төнетін жедел медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі1.1Есінен тану (кез-келген генез)
1.2Тыныс алуының тоқтауы
1.3Жүрек қызметінің тоқтауы
1.4Тыныс алу жолдарындағы бөгде дене
1.5Шок
1.6Құрысқақ
1.7Кеуде қуысындағы ауырсыну
1.8Парездер мен плегиялар (алғаш туындаған)
1.9Әртүрлі этиологиядағы психоз
1.10Қан кетумен көптеген зақымданулар мен жарақаттар
1.11Қан кетумен жарақат
1.12Қан кетумен оқшауланған жарақат (бас, мойын)
1.13Ауқымды күйік пен үсік
1.14Жануарлар мен жәндіктердің шағып алуы (анафилаксиялық шоктың даму қаупі)
1.15Электрожарақат
1.16Қан құсу
1.17Асқынулары бар босанулар
1.18Бұдан әрі траспланттау үшін тіндерді (тіндердің бөліктерін), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау
1.19Төтенше жағдайлар (жарылыстар, өрттер, су тасқындары және т.б. )
2- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 15 минутқа дейін)
Өміріне әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі2.1Теракт қаупі бар орынында шақырту
2.2Одан әрі жабырқаңқы жағдай үрдісі бар естің бұзылуы
2.3Сыртқы тыныс алудың айқын бұзылулары (бронх демікпесі, аллергия, кардиологиялық науқас, улану және басқалар)
2.4Жүрек ритмінің бұзылуы
2.5Гемодинамикасы тұрақсыз. Шок дамуының жоғары қаупі (криз)
2.63 жасқа дейінгі балалардағы 38º С жоғары температура
2.7Жоғары температура жағдайындағы бөртпе
2.8Қан кетумен оқшауланған жарақат
2.9Улы заттармен улану
2.10Атипиялық аурулар. (жіті коронарлық синдромға күдіктену)
2.11Жүкті әйелдердің бас ауруы
2.12Құсу + сусызданудың ауыр белгілерімен сұйық нәжіс
3- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 30 минутқа дейін)
Денсаулығына әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі3.1Қан кетусіз оқшауланған жарақат
3.2Іштің ауруы (қатты іш)
3.3Өз бетінше түспейтін жоғары температура
3.4Бұқаралық іс-шаралар кезіндегі кезекшілік
3.5Физиологиялық босанулар
3.6Жүкті әйелдердің іш ауруы (жүктілікті тоқтату қаупі)
3.7Балалардағы шектелген күйік пен үсу.
4- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін)
Науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қаупі жоқ жіті аурулардан немесе созылмалы аурулардың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз пациенттің жай-күйі4.1Өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы
4.2Терінің және теріастының жіті қабынған аурулары
4.3Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара)
4.4Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы
4.5Құсу + тамақтан уланудан туындаған сусыздану белгілерімен сұйық нәжіс
4.6Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін)
4.7Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы
4.8Қан аралас несеп
4.9Босанулардан, жасанды түсіктерден кейінгі қабыну аурулары
4.10Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде денелер
4.11МСАК немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 3-қосымша

Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру

1. Қабылдау бөлімшесінің екі бөлек қабылдауы болады:

1) бірінші – шұғыл емдеуге жатқызу үшін;

2) екінші – жоспарлы емдеуге жатқызу үшін.

2. Пациенттерді емдеуге жатқызу үшін ашық кіреберіс жолдар белгіленеді және медициналық көмек көрсетудің тиісті кезеңіне дейін пациенттің қабылдау бөлімшесіне ашық кіру (табалдырықтардың болмауы, бос лифттер, ашық есіктер) қамтамасыз етіледі.

3. Қабылдау бөлімшесінің құрылымында:

1) тіркеу постары (тіркеу бөлімі - диспетчерлік);

2) пациенттерді байқауға арналған пост;

3) Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу нәтижелері ескерілген функционалдық сырғытқылары бар универсалды қарау кабинеттері;

4) шұғыл операциялық араласуға арналған операциялық зал;

5) манипуляциялық бөлме;

6) науқастардың келіп түскен сәтінен бастап емдеуге жатқызуға көрсетілімдері және болжамды диагнозы анықталғанға дейін шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қысқа мерзімді бөлу палаталары (диагностикалық палаталар);

7) қарқынды терапия палатасы (бұдан әрі – ҚТП);

8) зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық диагностика және басқа да зерттеулерді жүргізу аймағы;

9) амбулаториялық пациенттерді қарап-зерттеу аймағы;

10) инфекциялық ауруларға күмәнді адамдарға арналған изолятор.

4. Қабылдау бөлімшесінде: іріктеу алаңы, сырғытқыларды орналастыруға арналған аймақ, пациенттерді, алып жүретін адамдарға күту залы, қабылдау бөлімшесіне келіп түскен пациенттерді санитариялық өңдеуге арналған бөлме көзделеді.

5. Барлық қарап-тексеру аймақтары төсекаралық төбеге арналған шымылдықтар арқылы бір-бірінен бөлінген мобильдік функциялық сырғытқылармен жарақтандырылуы тиіс.

6. Қабылдау бөлімшесінде аспаптық-зертханалық әдістерге арналған мобильдік, жылжымалы, портативтік аппараттар пайдаланылады: шағын автоматтандырылған гематологиялық талдауыштар, пациенттің жанында палатада жедел түрде диагностикалау жүргізу үшін несептің автоматтандырылған талдауыштары.

7. ҚТП реанимациялық көмек көрсету үшін функционалдық сырғытқылармен, қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталған.

8. Шұғыл түрдегі операцияларға араласуға арналған операциялық зал кез-келген күрделі шұғыл операцияны өткізуге арналған медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталады.

9. Егер іріктеу нәтижесінде жұқпалы инфекциялар немесе жіті қауіпті инфекциялар фактісі анықталған жағдайда пациентті бақылау және шұғыл көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінің басқа үй-жайларынан оқшауланған арнайы бокстарға орналастырылады.

10. Боксқа кіру жеке қорғану құралдары орналасқан (бір реттік пайдалануға арналған киім, бір реттік пайдалануға арналған маска, қалпақ, бахиллалар) арнайы тамбур арқылы жүзеге асырылады. Бокста санитариялық тораппен санитариялық бөлме бар.

Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 4-қосымша

Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ең төмен тізбесі Жинақталатын сөмкені жарақтау Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың ең төмен тізбесі Жиналмалы сөмкені жарақтандыру

АХЖ кодыФармакологиялық топ/ ХПАДәрілік түріӨлшем бірлігі
AАсқазан жолы және зат алмасу
A03АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеу препараты
A03AІшек қызметінің бұзылуы кезінде пайдаланылатын препарат
A03AXІшек қызметінің бұзылулары кезінде пайдаланылатын басқа да препарат
Платифиллин1 мл инъекцияға арналған препарат, 0,2%ампула
A03BИтжидек және оның туындылары
A03BAИнжидек алкалоидтары, үштік аминдер
A03BA01Атропин сульфаты1 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
A03FАІЖ моторикасын ынталандырғыштар
A03FA01Метоклопрамид2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%ампула
A07Диареяға қарсы, ішектік қабынуына қарсы және микробқа қарсы препарат
A07ВА01Белсенді көмір250 мг таблеткатаблетка
А07СКөміртегімен электролиттер
А07СААуызға қолданылатын регидратациялық тұзІшке қабылдауға арналған ерітіндіні дайындайтын ұнтақпакет
A11Дәрумендер
A11DB1 дәрумені және оны В6 дәруменімен бірге пайдалану
A11DAB1 дәрумені
A11DA01Тиамин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%ампула
A11GАскорбин қышқылы (басқа да препараттармен бірге пайдалануды қоса алғанда)
A11GA01Аскорбин қышқылы2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%ампула
A11HБасқа да дәрумендер
A11HA02Пиридоксин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%ампула
B01ACТромбқа қарсы препараттар, тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда)
B01AC04КлопидогрелҚабықпен қапталған 300 мг таблеткалартаблетка
B01AC24ТикагрелорҚабыршақты қабықпен қапталған 90 мг таблеткалартаблетка
BҚан түзу және қан
B01Антикоагулянттар
B01ABГепарин және оның туындылары
B01AB01Натрий гепарині5000 БІР/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітіндіқұты
B01ADФерментті препараттар
B01AD02Алтеплаза50 мг тамырішілік инфузияға арналған ерітінділерді дайындатын лиофильденген ұнтаққұты
B01AXБасқа да антикоагулянттар
B01AX05Натрий фондапаринуксы2,5 мг/0,5 мл тері астына және тамыр ішіне енгізуге арналған ерітінділершприц
B02BK дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар
B02BXЖүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препарат
B02BX01Этамзилат2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5%ампула
B05Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер
B05AҚан препараты
B05AAҚан плазмасы препараты және плазма алмастыратын препарат
B05AA05Декстран200 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%құты
B05AA06Сукцинилирленген желатин500 мл инфузияға арналған ерітінді, 4%құты
B05AA07Гидроксиэтилкрахмал (пентакрахмал)500 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%құты
B05BВена ішіне енгізуге арналған ерітінді
B05BBСу-электролитты теңгеріміне әсері бар ерітінділер
B05BB01Натрий хлориді5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9%ампула
B05CИрригациялық ерітінділер
B05CBТұзды ерітінділер
B05CB01Натрий хлориді200, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9%құты
B05CXБасқа да ирригациялық ерітінділер
B05CX01Декстроза200 мл 5% инфузияға арналған; 5 мл 5% инъекцияға арналған ерітіндіқұты
B05XВена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар
B05XAЭлектролитті ерітінділер
B05XA05Магний сульфаты5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 25%ампула
B05XA07Кальций хлориді5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 10%ампула
CЖүрек қантамыр жүйесі
C01Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар
C01AЖүрек гликозидтері
C01AAЖалбыз гликозидтері
C01AA05Дигоксин0,25 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
C01BI және III санатының аритмияға қарсы препараты
С01ВВIВ санатының аритмияға қарсы препараты
C01BDIII санатының аритмияға қарсы препараты
C01BD01Амиодарон150 мг/3 мл венаішілік инъекцияға арналған ерітінділерампула
C01CЖүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препарат
C01CAАдренергетиктер мен допаминомиметиктер
C01CA03Норэпинефрин2 мг/мл 4 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындайтын концентратампула
C01CA04Допамин5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4%ампула
C01CA07Добутамин250 мг инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын лиофилизатампула
C01CA24Эпинефрин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %ампула
C01DЖүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер
C01DAОрганикалық нитраттар
C01DA02НитроглицеринМөлшерленген тіл асты аэрозольі 0,4 мг/доза 10гқұты
C01DA08Изосорбид динитраты1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентратампула/ құты
C01EЖүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
C01EAПростагландиндер
C01EA01Алпростадил20 мкг инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентратампула
C02Антигипертензивті препараттар
C02CПерифериялық антиадренергиялық препараттар
C02CAАльфа-адреноблокаторлар
C02CA06Антигипертензивті заттар, альфа - адреноблокаторлар (Урапидил)5 мг/мл 5 мл тамыр ішіне енгізуге арналған ерітіндіампула
C03Диуретиктер
C03C"Ілмек" диуретиктер
C03CAСульфонамидті диуретиктер
C03CA01Фуросемид2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
C07Бета-адреноблокаторлар
C07AБета-адреноблокаторлар
C07ABСелективті бета-адреноблокаторлар
C07AB02Метопролол1 мг/мл 5 мл тамыр ішіне енгізуге арналған ерітіндіампула
C08Кальций каналдарының блокаторы
C08CТамырларға айрықша әсер ететін кальций каналдарының селективті блокаторлары
C08CAДигидропиридин туындылары
C08CA05Нифедипинқаптамамен қапталған 20 мг таблеткалартаблетка
C09Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препарат
C09AАнгиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары
C09AA01Каптоприл25 мг таблеткалартаблетка
C09AA02Эналаприл1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді; 5мг;10мг;20 мг таблеткалар;ампула /таблетка
DДерматология
D03Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар
D03AҚалыпты тыртықтануға мүмкіндік беретін препараттар
D03AX03Декспантенол117 г сыртқа пайдалануға арналған аэрозольқұты
D08Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AGЙод препараттары
D08AG03Йод20 мл спиртті ерітінді, 5%құты
D08AXБасқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AXБриллиант жасылы20 мл спиртті ерітінді, 1%құты
D08AX01Су тетігінің асқын тотығы50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 3%құты
D08AX08Этанол50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70%құты
HЖыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар
H01Гипоталамус және гипофиз гормондары және олардың аналогтары
H01BГипофиздің артқы бөлігінің гормондары
H01BBОкситоцин және оның аналогтары
H01BB02Окситоцин5 БІР/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
H02Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02AЖүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02ABГлюкокортикоидтар
H02AB02Дексаметазон4 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
H02AB06Преднизолон30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
MСүйек-бұлшықет жүйесі
M01Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AСтероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01ABСірке қышқылы туындылары
M01AB05Натрий диклофенагы75 мг/3 мл 3 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
M01AEПропион қышқылының туындылары
M01AE01Ибупрофен100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензияқұты
M01AE03Кетопрофен100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді; қаптамамен қапталған 100 мг таблетка; 50 мг капсула;ампула/таблетка
M03Миорелаксанттар
M03AШетке әсер ететін миорелаксанттар
M03ABХолин туындылары
M03AB01Суксаметоний хлориді0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
M03ACБасқа да төрттік аммони қосылыстары
M03AC06Перифериялы әсер ететін миорелаксанттар, басқа да төрттік аммони қосылыстары (Пипекуроний бромиді)4 мг ішке енгізуге арналған ерітіндіні дайындайтын лиофильді ұнтаққұты
NЖүйке жүйесі
N01Анестетиктер
N01AЖалпы жансыздандыруға арналған препарат
N01AHАпиындық анальгетиктер
N01AH01Фентанил2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,005%ампула
N01AXЖалпы жансыздандыруға арналған басқа да препарат
N01AX10Профол1 мг/мл 20 мл тамыр ішіне енгізуге арналған эмульсияампула
N01BЖергілікті жансыздандыруға арналған препараттар
N01BAАминобензол қышқылы эфирлері
N01BA02Прокаин5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%ампула
N01BBАмидтер
N01BB02Лидокаин2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%ампула
N02Анальгетиктер
N02AАпиындар
N02AAАпиынның табиғи алкалоидтары
N02AA01Морфин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
N02ABФенилпиперидин туындылары
N02ABТримеперидин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%ампула
N02AXБасқа да апиындар
N02AX02Трамадол2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 %ампула
N02BАнальгетиктер және антипиретиктер
N02BAСалицил қышқылы және оның туындылары
N02BA01Ацетилсалицил қышқылытаблетка, 500 мгтаблетка
N02BB02Анальгетиктер және қызу түсіретін заттар, пиразолон (натрий метамизолы)2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 50%ампула
N02BEАнилидтер
N02BE01Парацетамол500 мг таблетка; 80 мг тік ішек суппозиториилері, 100 мг,250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 млтаблетка/суппозитории /суспензия
N03Эпилепсияға қарсы препараттар
N03AGМай қышқылдарының туындылары
N03AG01Вальпровтiк қышқыл100 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
N05Психолептиктер
N05BАнксиолитиктер
N05BAБензодиазепин туындылары
N05BA01Диазепам5 мг/мл 2 мл бұлшықет және тамыр ішілік инъекцияға арналған ерітіндіампула
RТыныс алу жүйесі
R03Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар
R03AТамақты булауда қолдануға арналған симпатомиметиктер
R03ACСелективті бета-2-адреномиметиктер
R03AC02Сальбутамол100 мкг/мөл. 200 мөл.тамақты булауға арналған аэрозольқұты
R03AKАнтихолинергиялық препараттарды қоспағанда кортикостероидтармен немесе басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланылатын симпатомиметиктер
R03AK03Демікпеге қарсы заттар, демікпеге қарсы басқа да заттармен бірлесіп қолданлатын адренергиялық заттар (тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланатын фенотерол)20 мл булауға арналған ерітіндіқұты
R03BБронх демікпесін емдеуге арналған тамақты булауда пайдаланылатын басқа да препараттар
R03BАГлюкокортикоидтар
R03BА02БудесонидТамақты булауға арналған мөлшерленген суспензияқұты
R03DЖүйелі пайдалануға арналған бронх демікпесін емдейтін басқа да препараттар
R03DAКсантин туындылары
R03DA05Аминофиллин5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2,4%ампула
R06Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар
R06AAАминоалкильді эфирлер
R06AA02Дифенгидрамин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
R06ACЭтилендиамин алмастырғыштар
R06AC03Хлоропирамин20 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
R07Тыныс алу органдарының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
R07ABАммиак20 мл, 40 мл ерітінді, 10%құты
VБасқа да препараттар
V03Басқа да әртүрлі препараттар
V03ABАнтидоттар
V03AB06Натрий тиосульфаты10 мл инъекцияға арналған ерітінді, 30%ампула
V03 АВ15Налоксон0,04% инъекцияға арналған ерітіндіампула

Медициналық техника

1Электрлік сорғы1 дана*
2Портативті өкпенің жасанды жетдеткіш аппараты1 дана1 дана
3Оттегі баллоны (2л., 10л.)1 дана*
4Кардиопамп1 дана*
5Насосы бар механикалық сорғыш1 дана*
6Дефибрилляторы бар монитор1 дана*
7Электрокардиограф1 дана*
8Кардиологиялық науқастарды тасымалдауға арналған кардиостимулятор*1 дана
9Жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған кувез (15 минуттық жерде перинаталды орталық болмаған кезде)*1 дана
10Перфузор*1 дана

Медициналық мақсаттағы бұйым

№АтауыСанитарлық автокөлік үшінСтанция және кіші станция үшін
Жалпы жиынтықСаны
1Фонарь1 дана1 дана
2Байланыс құралы (рация)1 дана1 дана
3Өрт сөндіргіш1 дана*
4Медициналық құжаттама (пациент туралы ақпаратты берудің есептік нысандары)
5Матаны қиюға арналған қайшы1 дана*
6Автоматты қыстырғышы бар қысатын жгут1 дана*
7Бір реттік пайдаланылатын шприцтер 2,0;5,0;10,0;20,0Саны – қажеттілігіне қарай*
8Бір реттік пайдаланылатын системаСаны – қажеттілігіне қарай*
9Стерильденбеген қолғаптарСаны – қажеттілігіне қарай*
10Стерильді қолғаптарСаны – қажеттілігіне қарай*
11Бір реттік пайдаланылатын маскаСаны – қажеттілігіне қарай*
12ЛейкопластырьСаны – қажеттілігіне қарай*
13Сантиметрлік таспа1 дана*
14Стетоскоп1 дана*
15Фонедоскоп1 дана*
16Тонометр1 дана*
17Дене қызуын анықтауға арналған электрондық термометр1 дана*
18Триаждау/іріктеу кезінде пациенттерге арналған ұяшықтарСаны – қажеттілігіне қарай*
19Несептік катетр1 дана*
20Медициналық көмектің жиналмалы сөмкесі1 дана1 дана
21Зәрсауыт1 дана*
22Бір реттік пайдаланылатын ақжайма1 дана*
23Медициналық кленка – 1 метр1 дана*
24Катетері бар, бір реттік пайдаланылатын, стерильді венаішілік канюля (өлшемі 18, 20)4 дана*
25Бір реттік пайдаланылатын, стерильді көбелек тәріздес ине 23,242 дана*
26Спиртті майлықтар №1001 бума*
27Дезинфекциялаушы затқа малынған майлықтар1 банка*
Диагностика Триаж (іріктеу)
1Пульсоксиметр1 дана
2Глюкометр (скарификатор-№50)1 дана*
3Неврологиялық балға1 дана*
4Несептегі ақуызды анықтауға арналған тест-жолақшалар10-нан артық емес дана*
Реанимация
5Ларингеальді бетперде2 дана*
6Бұғана асты веналарын катетерлеуге арналған жиынтық1 дана*
7Амбу қабы1 дана*
8Ауа жібергіштер жиынтығы1 дана*
9Ересектер мен балаларға арналған резеңке демалу бетперде1 жиынтық*
10Жиынтықтағы ларингоскоп (3 клинка)1 жиынтық*
11Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған кеуекті сүйектерді канюляциялау жиынтығы (шприц – пистолет немесе дәрілік препараттарды сүйек ішіне енгізу жүйесі бар сүйек ішіне енгізуге арналған канюляны орналастырудың басқа да құрылғылары)1 дана*
12Эндотрахеальды түтіктер3 дана*
13Ларингеальды түтіктер3 дана*
14Ауызкергіш1 дана*
15Тілқышқыш1 дана*
16Коникотомиялық жиынтық1 дана*
17Күйікке қарсы көрпе1 дана*
Кардиологиялық науқастарға арналған қызметтер
1ЭКГ жасауға арналған жағылатын гель1 дана*
Жарақаттарға күтім (Таңу жиынтығы)
1Дәкелер (стерильді, стерильденбеген)Саны – қажеттілігіне қарай*
2Стерильді мақталар, салфеткалар1 бума*
3Қан тоқтатқыш жгут1 дана*
4Стерильді күйікке қарсы таңғыштар1 бума*
5Күйікке қарсы жергілікті қолдануға арналған заттар (гель, аэрозоль)1 сауыт*
6Хладоэлемент (спорттық және бұқаралық іс-шараларға қызмет көрсету үшін)**
7Анатомиялық пинцет1 дана*
8Таңу материалына арналған қайшы1 дана*
9Нелатон катетер2 дана*
10Қан тоқтататын тік, иілген қысқыш1 жиынтық*
11Плевра қуысын құрғатуға арналған жиынтық1 дана*
12Салқындатқыш пакет1 дана*
Аяқ-қолдың сынуы кезіндегі иммобилизациялау құралдары
1Басты ұстап тұруға арналған бекіткіш, бекіту белбеулері бар арқаға арналған қалқан (басты ұстап тұруға арналған бекіткіш, бекіту белбеулері бар арқаға арналған қалқан)1 дана*
2Жиынтықтағы пневмо дөңгелектер1 дана*
3Вакуумды матрас**
4Мойын жаға1 дана*
Бронх обструкциясы кезіндегі көмек
1Компрессорлық небулайзер1 дана*
2Ингалятор-редуктор1 дана*
Акушерлік және неонаталдық қызметтер
1Жиынтықтағы босандыру пакеті1 дана*
2Кіндікті бастыруға арналған қапсырма1 дана*
3Фоллей катетер*1 дана
Шокқа қарсы
1Инфузиялық шприцті сорғыш*1 дана
Пациентке жағдай жасауды қамтамасыз ететін қызметтер
1Термокөрпе*1 дана
2Бір реттік қолдануға арналған төсек жайма (жиынтық)1 дана*
3Құсыққа арналған пакет1 дана*
4Жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған сөмке*1 дана
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қызметтер
1Ескерту белгілері бар арнайы киімЖиынтық
2Дулыға (төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсететін бригадалар үшін)*3 дана
3Жиынтықтағы 1 түрдегі обаға қарсы костюм (бір реттік пайдаланылатын)3 бума*
4Жылу шығармайтын контейнер1 дана*
5А класының қалдықтарына арналған пакет2 дана*
6Б класының қалдықтарына арналған пакет2 дана*
7В класының (қауіпті қалдықтар) өткір аспаптарын (бір реттік пайдаланатын) жинауға арналған сыйымдылық контейнері 250 мл1 дана*
8Биоматериалдарды тасымалдауға арналған бикс*1 дана
Асқазанды тазалауға арналған жинынтық
1Бір реттік пайдаланатын Жанэ шприці3 дана*
2Барлық өлшемдердегі бір реттік пайдаланатын асқазан сүңгісі10 дана*
Қосымша көрсетілетін қызметтер
1Белбеулері, алмалы-салмалы зембілдері бар арба-каталка1 дана*
2Жұмсақ зембілдер1 дана*
3Шөмішті зембілдер (ортопедиялық)*1 дана

Ескертпе:

*- қажеттіліктің туындауы бойынша қажеттілік

Іздеу атаулары: №2 бұйрық, 2-бұйрық, приказ 2, екінші бұйрық, 2 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.