Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-12 бұйрық (07.09.2018): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 17427 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-12
Қабылданған күні
07.09.2018
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жылына бір төсекке (жағдай) арналған құрамында есірткі құралдары бар дәрілік заттарға қажеттілікті есептеу нормативтері
  2. 20_____жылға арналған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын тұтыну нормативін бекіту үшін денсаулық сақтау ұйымының өтінімі
  3. 20_____жылға арналған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттарды тұтыну нормативін бекіту үшін денсаулық сақтау ұйымының өтінімі
  4. 20_____жылға арналған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын прекурсорларды тұтыну нормативін бекіту үшін денсаулық сақтау ұйымының өтінімі
  5. 20_____жылға арналған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын тұтыну нормативі
  6. Жылына 1000 халыққа шаққандағы есірткі құралдарына қажеттілікті есептеу нормативтері (грамда)
  7. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды бір рецептіге жазу және босатудың рұқсат етілетін шекті нормалары
  8. Дәрілік заттарды өндіруде пайдаланылатын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар белсенді фармацевтикалық ингредиенттерді (субстанцияларды) есепке алу журналы
  9. Денсаулық сақтау ұйымдарында Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды жою актісі
  10. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерде Тізімнің ІІ, ІІІ, IV Кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінен және (немесе) дәрілік заттарға жатпайтын сынақтардан (талдаулардан) кейінгі шикізат, материалдар, материалдардың, сынамалардың қалғандары, жартылай өнімдері әрі қарай қайта өңдеуге келмейтін жартылай өнімдертдін қадықтарын; сынықтардан (талдаулардан) қалған құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар сұйықтықты жою актісі

"Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналысы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10404 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларында (бұдан әрі Қағидалар):

1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

" 1-бөлім . Жалпы ережелер";

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы рецептілік бланк - Тізімнің ІІ кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар бар дәрілік заттарға рецепт жазып беруге арналған бланк;

2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;

3) науқастың медициналық құжаттары - сырқатнамасы, амбулаториялық картасы, консультациялық тексеріп-қарау жазба парағы;

4) сигнатура - құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды алудың заңдылығын растайтын құжат;

5) Тізімнің II Кестесі - медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылауға алынған есірткі құралдары және психотроптық заттардың тізімі;

6) Тізімнің III Кестесі - медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылауға алынған есірткі құралдары мен психотроптық заттардың тізімі;

7) Тізімнің IV Кестесі - бақылауға алынған прекурсорлар (есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз дайындауда жиі пайдаланылатын химиялық және өсімдік заттар) тізімі.";

2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

" 2-бөлім . Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану тәртібі";

4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын құрамында есірткі құралдары бар дәрілік заттарға қажеттілікті есептеуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жылына бір төсекке (жағдай) арналған құрамында есірткі құралдары бар дәрілік заттарға қажеттілікті есептеу нормативтеріне сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында бақылауға жататын құрамында психотроптық заттар бар дәрілік заттар қажеттілігін есептеу және прекурсорлар қажеттілігін есептеу алдыңғы жылғы тұтыну деңгейінде жүргізіледі. Жаңадан пайдалануға берілген (қайта ұйымдастырылған) денсаулық сақтау ұйымдарының қажеттілігі және жаңа дәрілік заттарға деген қажеттілік сырқаттанушылық туралы деректері ескеріле отырып болжанады.

5. Денсаулық сақтау ұйымдары облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдарына мыналарды:

1) жыл сайын, 1 наурызға дейін денсаулық сақтау ұйымдары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын тұтыну нормативін бекіту үшін өтінімді; денсаулық сақтау ұйымдары осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттарды тұтыну нормативін бекіту үшін өтінімді; денсаулық сақтау ұйымдары осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында бақылауға жататын прекурсорларды тұтыну нормативін бекіту үшін өтінімді ұсынады. Өтінімдерге жүргізілген есептеулер қоса беріледі;

2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін тоқсан үшін құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары бар дәрілік заттардың, оның ішінде автоматтандырылған режимде нақты шығысы туралы есепті;

3) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін бір жылға құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары бар дәрілік заттардың, оның ішінде автоматтандырылған режимде нақты шығысы туралы есепті береді.";

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

"5-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын тұтыну нормативтерін бекіту үшін денсаулық сақтау ұйымдарынан келіп түскен өтінімдерді жинауды, сондай-ақ олардың мыналарға:

1) құрамында есірткі құралдары бар дәрілік заттарға қажеттіліктің есептік нормативтеріне мәлімделген көлеміне;

2) мәлімделген көлемнің алдыңғы жылғы нақты тұтынған көлемдерге сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.

Дұрыс берілген өтінімді ұсыну кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен әрбір денсаулық сақтау ұйымы үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын тұтыну нормативі бекітіледі.

Әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының бекітілген тұтыну нормативтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге не жаңадан пайдалануға берілген (қайта ұйымдастырылған) денсаулық сақтау ұйымдарының тұтыну нормативін бекітуге рұқсат етіледі.

Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жиынтық қажеттілік, денсаулық сақтау ұйымдарымен мәлімделген жиынтық қажеттілік осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген жылына 1000 халық шаққандағы есірткі құралдарына қажеттілікті есептеу нормативтерін (грамда) салыстыру ескеріле отырып, сондай-ақ алдыңғы жылға нақты тұтынуды және сырқаттанушылық динамикасы мен халық саны ескеріле отырып, қалыптастырылады.";

6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары ағымдағы жылғы 15 наурызға қарай дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органға келесі күнтізбелік жылға арналған облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және олардың прекурсорларына жиынтық өтінімді ұсынады.

7. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган ағымдағы жылғы 1 сәуірге қарай есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының және прекурсорларының айналысы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға келесі күнтізбелік жылға арналған Қазақстан Республикасында медициналық мақсатта пайдалану үшін есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және олардың прекурсорларына жиынтық өтінімді ұсынады.";

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"9. Жедел медициналық көмек, санитариялық авиация, төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек нысанында медициналық көмек көрсету кезінде, сондай-ақ паллиативтік көмектің ұтқыр бригадасы (бұдан әрі ұтқыр бригадалар) пациенттерге үйге барған кезде құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды жедел медициналық көмектің көшпелі бригадасының дәрігері немесе денсаулық сақтау ұйымының кезек күттірмейтін көмек (үйде көмек көрсету) бөлімшесінің дәрігері тағайындайды.

Жедел медициналық көмектің көшпелі бригадаларының, санитариялық авиацияның және ұтқыр бригадалардың құрамында дәрігер болмаған кезде, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды тағайындауды бригаданың фельдшері жүргізеді.

Тізімнің ІІ Кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттардың пайдаланылуын ресімдеу науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.";

7-тармақ алып тасталсын;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"19. Науқастарға Тізімнің II, III, IV кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары бар дәрілік заттардың рецептілері тиісті медициналық көрсетілімдер болғанда денсаулық сақтау ұйымдарының фельдшерлері, акушерлері, дәрігерлері немесе дербес қабылдау жүргізетін дәрігерлер пациенттің жай-күйін стандартты бағалау негізінде латын тілінде жазып беріледі және оның қолымен, жеке мөрімен (бар болса), денсаулық сақтау ұйымының мөртаңбасымен және мөрімен (бар болса) бекітіледі";

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"23. Егер құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар Тізімнің ІІ, ІІІ, IV Кестесіндегі дәрілік затын тағайындау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде жүзеге асырылған жағдайда, арнайы рецептуралық бланкіден бөлек, тегін босатуға арналған рецепт қосымша жазылады. Жазып берілген рецепттер Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде көрсетіледі.";

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"28. Жазылмайтын, ауыр өршіген аурулардан зардап шегетін терминальді (соңғы) дәрежедегі науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бір рецептіде жазылатын құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар Тізімнің ІІ, ІІІ, IV Кестесіндегі дәрілік затты емнің күнтізбелік 10-15 күніне жететін, ал аудан орталығынан шалғайда орналасқан елді мекенде тұратындар халық үшін емнің күнтізбелік 25-30 күніне жететін, бірақ рұқсат етілген шекті Нормалардан аспайтын көлемде бірнеше рецептілерге жазып беруге рұқсат етіледі.";

33-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"4) құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды рұқсат етілетін шекті Нормалардан асатын нормалардан асатын көлемдерде бір рецептуралық бланкіде жазып беруге және босатуға;";

44-тармақ алып тасталсын;

52 , 53 , 54 , 55 , 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"52. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар жарамсыз, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқалары (ақауы бар, сынған) дәрілік заттар, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінен және (немесе) дәрілік заттарға қатыссыз сынақтардан (талдаулардан) кейінгі шикізат, материалдар, материалдардың, сынамалардың қалғандары, жартылай өнімдері әрі қарай қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтар жойылуға жатады.

53. Денсаулық сақтау ұйымдарында құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттар нөмірленген, тігілген, денсаулық сақтау ұйымдары мен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері басшыларының мөрі мен қолдары қойылған, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес дәріхана қоймаларындағы есірткіні, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының есепке алу, 12-қосымшаға сәйкес бөлімшелерде және кабинеттердегі құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды есепке алу, 13-қосымшаға сәйкес дәріханада заттық-сандық есепке алуға жататын есірткіні, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының есепке алу, 14-қосымшаға сәйкес мейіргерлер посттарындағы құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды есепке алу журналдарында заттық-сандық есепке алуға жатады.

54. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында, дәрілік заттар өндірісі түріндегі фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында сондай-ақ сынақ зертханаларында (орталықтарында) құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар реактивтер, белсенді фармацевтикалық құрасындар (субстанциялар), дәрілік заттар заттық-сандық есепке (оның ішінде автоматтандырылған режимде) алуға жатады.

Талдау жасау үшін сынақ зертханасына (орталығына) келіп түсетін, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар реактивтерді, дәрілік заттарды, активті фармацевтикалық ингредиенттер (субстанцияларды) есепке алу (оның ішінде автоматтандырылған режимде) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ зертханасына (орталыққа) талдау үшін келіп түскен құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды есепке алу журналында жүргізіледі; денсаулық сақтаудың ғылыми ұйымдары және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеу ұйымдары мен білім беру ұйымдарында есірткіні, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының есепке алу журналында; дәрілік заттардың өндірісі түріндегі фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары үшін осы Қағидаларға 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттарды өндіруде пайдаланылатын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар белсенді фармацевтикалық ингредиенттерді (субстанцияларды) есепке алу журналында жүргізіледі.

55. Есепке алу журналында бірінші бетте заттық-сандық есепке алуға жататын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар реактивтердің, дәрілік заттардың, белсенді фармацевтикалық ингредиенттердың (субстанциялардың) тізбесі көрсетіледі. Реактивтің, субстанцияның әрбір атауына немесе дәрілік заттың дәрілік нысанына дозасына, өлшеп-орауына журналды толтыратын жауапты тұлғаның тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптерін көрсете отырып, жеке парақ (ашылатын жағы) беріледі. Келіп түскендері нөмірі мен күнін көрсетіле отырып әрбір кіріс құжаты бойынша көрсетіледі. Шығыстары күн қорытындыларымен (күнделікті жазбалар) жазылады. Есепке алу журналдары бір жыл бойы жүргізіледі.

56. Жауапты тұлға әр айдың бірінші күні іс жүзінде бар қалдықты кітаптағы қалдықпен, осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын салыстыру актісін толтырумен салыстырады.";

58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"58. Нақты қалдықтың кітаптағы қалдықтан айырмашылығы анықталған жағдайда денсаулық сақтау ұйымының басшысы анықтаған сәттен бастап тәулік ішінде бұл туралы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органды және ішкі істер органының аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.";

70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"70. Әр айдың бірінші күнінде материалдық жауапты тұлға нақты бар арнайы рецептуралық бланкілерді кітаптағы қалдықпен салыстырып, осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы рецептуралық бланкілерді салыстыру актісін жасайды.

Салыстыру нәтижелері бойынша айырмашылық анықталған жағдайда денсаулық сақтау ұйымының басшысы анықтаған сәттен бастап тәулік ішінде бұл туралы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.";

7-параграф тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

" 7-параграф . Жарамсызданған, жалған, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін (ақауы бар, сынған) басқа дәрілік заттарды, сондай-ақ құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттардың өндірісінен және (немесе) сынақтарынан (талдаулардан) кейінгі шикізатты, материалдарды, материалдардың, сынамалардың қалған, қалдықтарын, жартылай өнімдерді әрі қарай қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтарды жою";

83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"83. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерде Тізімнің ІІ, ІІІ, IV Кестесінің құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жарамсызданған, жалған, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін (ақауы бар, сынған) басқа дәрілік заттарды жою үшін ұйым басшысының бұйрығымен құрамына ұйымның басшысы мен жауапты тұлғасы, ішкі істер органдарының және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері кіретін, тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.";

мынадай мазмұндағы 83-1-тармақпен толықтырылсын:

"83-1. Дәрілік заттардың өндірісі түріндегі фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ сынақ зертханаларында (орталықтарда) Тізімнің ІІ, ІІІ, IV Кестесідегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар жарамсыз, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқалары (ақауы бар, сынған) дәрілік заттар, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінен және (немесе) дәрілік заттарға қатыссыз сынақтардан (талдаулардан) кейінгі шикізат, материалдар, материалдардың, сынамалардың қалғандары, жартылай өнімдері одан әрі қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтар ұйымның жауапты тұлғасы, ішкі істер органдарының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері кіретін комиссияның қатысуымен мынадай тәсілдермен жойылады:

1) сынақтардан (талдаулардан) және өндірістен қалған құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар сұйықтық 1:100 арақатынасында сумен сұйылтылып, бейтараптандырылады және түзілген суспензия немесе ерітінді өнеркәсіптік кәрізге ағызып жіберу арқылы жойылады;

2) сұйық дәрілік нысандар (ампулалардағы, пакеттегі және құтылардағы инъекцияға арналған ерітінділер, микстуралар, тамшы дәрілер, аэрозоль баллондарындағы сұйықтықтар) құрамын 1:100 арақатынасында сумен араластырылған және пайда болған ерітіндіні өнеркәсіптік кәрізге ағызып жібере отырып, езіп-жаншу жолымен жойылады (аэрозоль баллондары алдын ала тесіледі), ампулалардың, аэрозоль баллондарының, қалталар мен құтылардың қалдықтары шығарылып, кәдеге жарату жолымен жойылады;

3) құрамында суда еритін фармацевтикалық субстанциялары бар қатты нысандар ұнтақ тәріздес күйге дейін үгітуден кейін және 1:100 арақатынасында сумен сұйылтуға және өнеркәсіптік кәрізге ағызуға жатады;

4) суда ерімейтін қатты дәрілік нысандар, жұмсақ дәрілік нысандар (жақпамайлар, суппозиторийлер), дәрілік заттардың трансдермальді нысандары, фармацевтикалық субстанциялар өртеу жолымен жойылады.";

84-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"84-1. Денсаулық сақтау ұйымдарында Тізімнің ІІ, ІІІ, IV Кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар жарамсыз, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа (ақауы бар, сынған) дәрілік заттарды жою фактісі осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды жою актісімен ресімделеді";

мынадай мазмұндағы 84-2-тармақпен толықтырылсын:

"84-2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерде Тізімнің ІІ, ІІІ, IV Кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар жарамсыз, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа (ақауы бар, сынған) дәрілік заттарды, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінен және (немесе) дәрілік заттарға қатыссыз сынақтардан (талдаулардан) кейінгі шикізат, материалдар, материалдардың, сынамалардың қалғандары, жартылай өнімдері әрі қарай қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтарды жою фактісі осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттардың жою актісімен ресімделеді.";

Қағидаларға 1 , 2 , 3 , 4 , 8 , 26 , 27-қосымшалар осы бұйрыққа 1 , 2 , 5 , 6 , 7 , 9 , 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3 , 4 , 8-қосымшаларға сәйкес 2-1, 2-2, 16-1-қосымшалармен толықтырылсын;

Қағидалардың 7-қосымшасы алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

______________ Қ. Қасымов

2018 жылғы "___" ________

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қырқүйек № ҚР ДСМ-12 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына 1-қосымша

Жылына бір төсекке (жағдай) арналған құрамында есірткі құралдары бар дәрілік заттарға қажеттілікті есептеу нормативтері

р/с №Денсаулық сақтау ұйымының немесе бөлімшенің атауыҚұрамында есірткі құралдары бар дәрілік заттардың атауы
Морфин гидрохлориді 1% (амп)Морфин сульфаты 5 мг, таблеткаларМорфин сульфаты 10 мг, таблеткаларОм нопон 1%-1,0 (амп)Омнопон -2%-1,0 (амп)Тримеперидин 1%-1,0 (амп)Тримеперидин 2%-1,0 (амп)Морфин тектестер жиынтығында(амп)Кодеин және оның тұздары (гр)Құрамында кодеин бар жөтелге қарсы таблеткалар (қаптама)
123456789101112
1Терапевтік3,06,93,40,52,00,55,011,00,25,0
2Гастроэнтерологиялық3,06,93,4-0,50,55,519,5-2,0
3Кардиологиялық1,02,31,10,51,50,55,59,0-1,0
4Интервенциялық кардиология1,02,31,10,51,50,55,59,0--
5Кардиохирургиялық660,01 518,0752,4-88,5-558,0--
6Пульмонологиялық1,02,31,11,02,01,06,011,00,24,0
7Аллергологиялық-----1,01,0-1,0
8Эндокринологиялық----0,6-1,01,6-0,1
9Нефрологиялық3,06,93,4-0,50,55,59,5-1,5
10Гематологиялық2,55,72,82,012,04,036,056,5-1,5
11Кәсіптік патологиялық1,02,33,41,02,00,56,010,00,23,0
12Хирургиялық6,013,86,81,58,57,058,081,00,36,0
13Ангиохирургиялық6,013,86,81,58,57,058,081,0--
14Іріңді хирургия6,013,86,81,58,57,058,081,0--
15Травматологиялық3,06,93,41,05,03,021,033,0-3,0
16Ортопедиялық----0,21,04,05,2--
17Урологиялық5,011,55,70,55,04,031,045,00,23,0
18Торакальды хирургия2,04,62,3-5,020,0150,5177,0-5,0
19Күйік шалу9,521,810,83,013,015,0115,0155,50,55,0
20Реанимациялық9,01,010,020,0145,0185,0--
21Инфекциялық2,04,62,33,02,031,05,043,0-7,5
22Жүкті және босанатынәйелдер үшін4,09,24,50,51,06,04,015,5-1,0
23Жүкті әйелдер патологиясы------0,50,5-0,1
24Гинекологиялық3,06,93,42,59,02,514,031,0-1,5
25Неврологиялық0,51,10,5-0,52,01,04,00,61,5
26Психиатриялық0,20,40,2---0,20,40,40,1
27Офтальмологиялық0,30,70,30,50,50,54,05,8-1,5
28Отоларингологиялық2,04,62,3-6,00,53,512,0-2,5
29Дерматовенерологиялық-----0,10,1-4,0
30Туберкулездік2,04,62,3-1,51,02,06,5-4,0
31Наркологиялық--------0,1
32Педиатриялық0,20,40,20,1-0,3-0,31,01,0
33Онкологиялық2,55,72,8-15,52,060,080,0-1,7
34Радиорентгенологиялық0,51,10,62,512,03,07,026,0--
35Қабылдау бөлмесі----0,1-0,250,38-0,45
36Амбулаториялық қабылдауды қоса алғанда ауылдық учаскелік аурухана10,023,011,41,06,02,07,026,00,56,0
37Емхана және амбулатория2,04,62,30,70,31,02,06,0-2,0
38Стоматологиялық емхана---0,20,30,30,50,85--
39Онкологиялық диспансер140322,0159,6--55,080,0275,0--
40Туберкулез диспансеры----1,00,51,03,0-3,5
411000 жедел медициналық жәрдем көрсету жағдайына14,032,216,0-7,0-39,060,0--
42паллиативтік көмек бөлімшесі(хоспис)235,0540,0268,0--306,0153,0--
р/с №Денсаулық сақтау ұйымының немесе бөлімшенің атауыҚұрамында есірткі құралы бар дәрілік заттардың атауы
Фентанил 0,0 05%-2мл* (амп)Фентанил (пластырь) 12.5мкг/сағФентанил (пластырь) 25мкг/сағФентанил (пластырь) 50мкг/сағФентанил (пластырь) 75мкг/сағФентанил (пластырь) 100мкг/сағОксикодон және налоксон 40 мг/20 мг, таблеткаларОксикодон және налоксон 20 мг/10 мг, таблеткаларОксикодон және налоксон 10 мг/5 мг, таблеткаларОксикодон және налоксон 5 мг/2,5 мг, таблеткалар
1213141516171819202122
1Терапевтік0,4490420
2Гастроэнтерологиялық1,0
3Кардиологиялық1,5
4Интервенциялық кардиология1,5
5Кардиохирургиялық2200,0245210
6Пульмонологиялық0,5
7Аллергологиялық--
8Эндокринологиялық3,0
9Нефрологиялық1,0245210
10Гематологиялық5,01810535
11Кәсіптік патологиялық--
12Хирургиялық6,026263315210
13Ангиохирургиялық6,0
14Іріңді хирургия6,0
15Травматологиялық2,08815835
16Ортопедиялық--8815835
17Урологиялық7,08815835
18Торакальды хирургия5,0
19Күйік шалу11,0
20Реанимациялық-
21Инфекциялық0,2
22Жүкті және босанатын әйелдер үшін1,0
23Жүкті әйелдер патологиясы-
24Гинекологиялық4,0
25Неврологиялық0,68815835
26Психиатриялық-
27Офтальмологиялық1,0
28Отоларингологиялық0,6
29Дерматовенерологиялық-
30Туберкулездік-
31Наркологиялық
32Педиатриялық-
33Онкологиялық10,00,1650,330.660,991,3226797035
34Радиорентгенологиялық1,026797035
35Қабылдау бөлмесі-
36Амбулаториялық қабылдауды қоса алғанда ауылдық учаскелік аурухана20,0
37Емхана және амбулатория-
38Стоматологиялық емхана1,0
39Онкологиялық диспансер-0,1650,330,660,991,32
40Туберкулез диспансері-
411000 жедел медициналық жәрдем көрсету жағдайына2,5
42паллиативтік көмек бөлімшесі (хоспис)120,0120,0120,0120,0120,09415075

* 2 мл ампулалардағы Фентанилге 0,005% есептік норматив жалпы ауырсынуды басу арқылы операция жасалатын бір науқасқа ең көбі 18 ампула құрайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы қыркүйек № ҚР ДСМ-12 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына 2-қосымша

20_____жылға арналған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын тұтыну нормативін бекіту үшін денсаулық сақтау ұйымының өтінімі

_____________________________________________

(денсаулық сақтау ұйымының атауы)

р/с №Есірткі құралдарының атауыҚұрамында есірткі құралы бар дәрілік заттар (ХПА немесе құрамы)Дәрілік нысаныМөлшерлемесіДәрілік нысанның бір бірлігіндегі құрғақ заттың мөлшері, граммДәрілік нысанның бір бірлігіндегі есірткі құралының таза сусыз құрамы, %Дәрілік нысанның бір бірлігіндегі есірткі құралының таза сусыз құрамы, граммқажеттілікЖИЫНЫ: ( 9 + 10 + 11 бағандардың сомасы)
Стационарлық көмек үшінАмбулаториялық көмек үшінЖедел жәрдем, санитариялық авиацияның ұтқыр бригадалары үшін және төтенше жағдайларда
123456789101112
1МорфинМорфин гидрохлоридіегуге арналған ерітінді1 % - 1 мл0,01890,008000
Морфин сульфатытаблеткалар5 мг0,005750,003000
Морфин сульфатытаблеткалар10 мг0,01750,007000
Жиыны Морфин
2ТримеперидинТримеперидинегуге арналған ерітінді1 % - 1 мл0,01880,008000
Тримеперидинегуге арналған ерітінді2 % - 1 мл0,02880,017000
Жиыны Тримеперидин
3ФентанилФентанилегуге арналған ерітінді0,005% - 2 мл0,0001640,000064
ФентанилТрансдермальді терапиялық жүйе (ТТЖ)12,5 мкг/сағ0,0021640,001344
ФентанилТрансдермальді терапия25 мкг/сағ0,0042640,002688
лық жүйе (ТТЖ)
ФентанилТрансдермальді терапиялық жүйе (ТТЖ)50 мкг/сағ0,0084640,005376
ФентанилТрансдермальді терапиялық жүйе (ТТЖ)75 мкг/сағ0,0126640,008064
ФентанилТрансдермальді терапиялық жүйе (ТТЖ)100 мкг/сағ0,0168640,010752
Жиыны Фентанил
4ОксикодонОксикодон+Налоксонүлбірлі қабықпен қапталған, босатылуы ұзартылған таблеткалар5 мг/2,5 мг0,005900,004500
Оксикодон+Налоксонүлбірлі қабықпен қапталған, босатылуы ұзартылған таблеткалар40 мг/20 мг0,04900,036000
Оксикодон+Налоксонүлбірлі қабықпен қапталған, босатылуы ұзартылған таблеткалар20 мг/10 мг0,02900,018000
Оксикодон+Налоксонүлбірлі қабықпен қапталған, босатылуы ұзартылған таблеткалар10 мг/5 мг0,01900,009000
Жиыны Оксикодон

Денсаулық сақтау ұйымының басшысы ________________ Т.А.Ә. (бар болса)

(қолы

М.О

Ескерту:

1. Стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін есірткі құралдарына қажеттілікті есептеу (9-баған) денсаулық сақтау ұйымындағы тиісті бейіндегі төсек санына көбейтілген бір жылдағы бір төсек үшін құрамында есірткі құралдары бар дәрілік заттарға деген барлық қажеттіліктің есептік нормативтерін қосу арқылы жүргізіледі;

2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен консультативтік-диагностикалық көмек көрсету үшін есірткі құралдарына қажеттілікті есептеу (10-баған) өткен жылы қатерлі ісіктердің, туберкулездің және АИТВ-инфекциясының жайылған нысандарымен, жүрек, өкпе, бауыр жетіспеушілігінің декомпенсация сатысындағы, бауыр циррозы кезіндегі созылмалы өрістемелі аурулармен есепте тұрған науқастар санын бір жансыздандыру курсы үшін бір науқасқа қажетті (бірлік) дәрілік нысандар (таблеткалар, капсулалар, ампулалар, трансдермальді терапиялық жүйелер) бірліктерінің санына және дәрілік нысанның бір бірлігіндегі есірткі құралының таза сусыз мөлшеріне (8-баған) көбейту жолымен жүргізіледі.

3. Жедел медициналық көмек көрсету үшін, ұтқыр бригадалармен үйде паллиативтік көмек көрсету кезінде, санитариялық авиация үшін және төтенше жағдайлар кезіндегі есірткі құралдарына қажеттілікті есептеу (11-баған) өткен жылғы шақыртулар санын бір науқасқа бір жансыздандыру емшарасы үшін қажетті (бірліктердің) дәрілік нысандар (таблеткалар, капсулалар, ампулалар, трансдермальді терапиялық жүйелер) бірліктерінің санына және бір дәрілік нысан бірлігіндегі есірткі құралының таза сусыз құрамына (8-баған) көбейту арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйек № ҚР ДСМ-12 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына 2-1-қосымша

20_____жылға арналған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттарды тұтыну нормативін бекіту үшін денсаулық сақтау ұйымының өтінімі

_____________________________________________

(денсаулық сақтау ұйымының атауы)

р/с№Психотроптық заттардың атауыДәрілік заттың атауы (ХПА немесе құрамы)Дәрілік нысаныМөлшерлемесіӨлшем бірлігіБір бірліктегі психотроптық заттың мөлшері, граммМәлімделетін бірлік саныМәлімделетін грамм мөлшері
123456789
1Амфетамин
2Бупренорфин (Норфин)
3Глютетимид (Ноксирон)
4Дексамфетамин
5Левамфетамин
6Левометамфетамин
7Метилфенидат
8Пемолин
9Пентобарбитал
10Секобарбитал
112С-В
12Фенетиллин
13Фенметразин
14Ципепрол
15Этиламфетамин
16Гамма-оксимай қышқылы (ГОМҚ)
17Аллобарбитал
18Альпразолам
19Амобарбитал
20Амфепрамон
21Барбитал
22Бензфетамин
23Бромазепам
24Бротизолам
25Буталбитал
26Бутобарбитал
27Винилбитал
28Галазепам
29Галоксазолам
30Делоразепам
31Диазепам
32Золпидем
33Камазепам
34Катин
35Кетазолам
36Клобазам
37Клоксазолам
38Клоназепам
39Клоразепат
40Клотиазепам
41Лефетамин
42Лопразолам
43Лоразепам
44Лорметазепам
45Мазиндол
46Медазепам
47Мезокарб
48Мепробамат
49Метиприлон
50Метилфенобарбитал
51Мефенорекс
52Мидазолам
53Ниметазепам
54Нитразепам
55Нордазепам
56Оксазепам
57Оксазолам
58Пентазоцин
59Пиназепам
60Пипрадрол
61Пировалерон
62Празепам
63Секбутабарбитал
64Темазепам
65Тетразепам
66Триазолам
67Фендиметразин
68Фенкамфамин
69Фенобарбитал
70Фенпропорекс
71Фентермин
72Флудиазепам
73Флуразепам
74Флунитразепам
75Хлордиазепоксид
76Циклобарбитал
77Эстазолам
78Этинамат
79Этил лофлазепат
80Этхлорвинол

Денсаулық сақтау ұйымының басшысы ________________ Т.А.Ә (бар болса)

(қолы)

М.О

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйек № ҚР ДСМ-12 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына 2-2-қосымша

20_____жылға арналған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын прекурсорларды тұтыну нормативін бекіту үшін денсаулық сақтау ұйымының өтінімі

_____________________________________________

(денсаулық сақтау ұйымының атауы)

р/с №Прекурсорлардың атауыӨлшем бірлігіБір бірліктегі прекурсор мөлшері, граммМәлімделетін бірлік саныМәлімделетін грамм мөлшері
123456
1N-ацетилантранил қышқылы
2Сірке қышқылының ангидриді
3Изосафрол
4Антранил қышқылы
5Лизергин қышқылы
6Ацетон
73,4-метилендиоксифенил-пропанон
8Метилэтилкетон
9Норэфедрин
10Калий перманганаты
11Пиперональ
12Псевдоэфедрин
13Пиперидин
14Күкірт қышқылы
15Тұз қышқылы
16Сафрол
171-фенил-2-пропанон
18Толуол
19Фенилсірке қышқылы
20Эргометрин
21Эрготамин
22Эфедрин
23Этил эфирі
24Қылша шөбі

Денсаулық сақтау ұйымының басшысы ________________ Т.А.Ә (бар болса)

(қолы)

М.О

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйек № ҚР ДСМ-12 бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына 3-қосымша "Бекітемін": _________________________ (облыстың/қаланың атауы) Денсаулық сақтау басқармасының басшысы _________________ Т.А.Ә. (бар болса) (қолы) 20____ж. "____" __________ М.О.

20_____жылға арналған Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын тұтыну нормативі

_______________________________________________

(Денсаулық сақтау ұйымының атауы)

р/с №Есірткі құралының атауыТаза сусыз құрамының мөлшері, грамм
р/с №Психотроптық заттың атауыМөлшері, грамм
р/с №Прекурсорлардың атауыМөлшері, грамм

Денсаулық сақтау ұйымының басшысы ________________ Т.А.Ә. (бар болса)

(қолы)

М.О

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйек № ҚР ДСМ-12 бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына 4-қосымша

Жылына 1000 халыққа шаққандағы есірткі құралдарына қажеттілікті есептеу нормативтері (грамда)

р/с №Есірткі құралының атауы1000 адамға шаққандағы норматив
1Морфин0,3
2Тримеперидин5,0
3Фентанил0,1
4Кодеин70,3
5Тебаин0,00005
6Оксикодон0,35

Ескерту.

1) таза сусыз морфиннің құрамы морфин гидрохлоридінде-89%; морфин сульфатында (5Н2О)-75%;

2) тримепередин гидрохлоридіндегі таза сусыз тримеперидиннің құрамы-88%;

3) фентанил цитратындағы таза сусыз фентанилдің құрамы-64%;

4) таза сусыз кодеиннің құрамы кодеин гидрохлоридінде (2Н2О)-81%; кодеин фосфатында (1/2 Н2О)-74%); кодеин фосфатында (1 1/2 Н2О)-71%;

5) тебаин гидрохлоридіндегі таза сусыз тебаиннің құрамы-85%;

6) оксикодон гидрохлоридіндегі таза сусыз оксикодонның құрамы-90%.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйек № ҚР ДСМ-12 бұйрығына 7-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына 8-қосымша

Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды бір рецептіге жазу және босатудың рұқсат етілетін шекті нормалары

р/с №Халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамыДәрілік нысан бірлігіМөлшерлемесіБір дәрілік нысан бірлігіндегі құрғақ зат мөлшері, граммБір рецептіге жазу нормасы, бірліктен көп емесЕскерту
1234566
1Морфин гидрохлоридіампуладағы егуге арналған ерітінді1 % - 1 мл0,0130жиынтығында 0,3 грамнан аспауы тиіс
2Морфин сульфатытаблетка5 мг0,005100жиынтығында 0,5 грамнан аспауы тиіс
таблетка10 мг0,0150
3Тримеперидинампуладағы егуге арналған ерітінді1 % - 1 мл0,0120жиынтығында 0,2 грамнан аспауы тиіс
ампуладағы егуге арналған ерітінді2 % - 1 мл0,0210
4Фентанилтрансдермальді терапиялық жүйе, пластырь12,5 мкг/сағ0,0014-0,002140жиынтығында 0,055грамнан аспауы тиіс
трансдермальді терапиялық жүйе, пластырь25 мкг/сағ0,0028-0,004220
трансдермальді терапиялық жүйе, пластырь50 мкг/сағ0,0055-0,008410
трансдермальді терапиялық жүйе, пластырь75 мкг/сағ0,0083-0,01266
трансдермальді терапиялық жүйе, пластырь100 мкг/сағ0,0110-0,01685
5Оксикодонүлбірлі қабықпен қапталған, босатылуы ұзартылған таблетка5 мг/2,5 мг0,005160жиынтығында 0,8 грамнан аспауы тиіс
үлбірлі қабықпен қапталған, босатылуы ұзартылған таблетка10 мг/5 мг0,0180
үлбірлі қабықпен қапталған, босатылуы ұзартылған таблетка20 мг/10 мг0,0240
үлбірлі қабықпен қапталған, босатылуы ұзартылған таблетка40 мг/20 мг0,0420
6Кодеинграмм0,2
7Құрамында кодеин бар, жөтелге қарсы таблеткалартаблетка20
8Барбитур қышқылының туындыларын қоспағанда, құрамында психотроптық заттар бар дәрілік заттартаблетка50
ампуладағы егуге арналған ерітінді20
9Құрамында барбитур қышқылының туындылары бар дәрілік заттартаблетка10
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйек № ҚР ДСМ-12 бұйрығына 8-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына 16-1-қосымша

Дәрілік заттарды өндіруде пайдаланылатын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар белсенді фармацевтикалық ингредиенттерді (субстанцияларды) есепке алу журналы

__________________________________________

денсаулық сақтау ұйымының атауы

КірісӨндіріске берілді
КүніРұқсат қағазының №Кімнен алынғанАтауыСериясының №Мөлшері (г)Жауапты тұлғаның қолыКүніСериясының №Мөлшері (г)Жауапты тұлғаның қолы
1234567891011
ШығысҚалдық
КүніӨнімнің атауыӨнім сериясының нөміріСериясының №Мөлшері (г)Жауапты тұлғаның қолыКүніСериясының №Мөлшері (г)Жауапты тұлғаның қолы
12131415161718192021
Қайтару
КүніОрын ауыстыру орныРұқсат қағазының №Сериясының №Мөлшері (г)Жауапты тұлғаның қолы
222324252627
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйек № ҚР ДСМ-12 бұйрығына 9-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына 26-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарында Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды жою актісі

____________________ қ. __________________________ ж.

Комиссия мынадай құрамда (кемінде 3 адамнан кем емес):

1) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің лауазымы;

2) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), ішкі істер органдары өкілінің лауазымы;

3) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің өкілінің лауазымы

20__ж. "____" _________ ден 20__ж. "____" _________ дейінгі кезеңге Тізімнің II, III,

IV кестелеріндегі құрамында құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары

бар қолдану жарамсызданған, жалған, жарамдылық мерзімі өткен және Қазақстан

Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа (ақауы бар, сынған),

сондай-ақ Тізімнің ІІ кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттары бар

дәрілік заттарының пайдаланылған және (немесе) ішінара пайдаланылған ампулаларын

мына атаудағы:

________________________________________________________________________________

(ампулаларда, ұнтақтарда, таблеткаларда, данада атауы және мөлшері) жоюды жүргізді.

Дәрілік заттар жаншу; өртеу арқылы жойылды (керектісін сызу).

Төраға: ____________________________ (қолы)

Комиссия мүшелері: _________________ (қолы)

____________________________________ (қолы)

____________________________________ (қолы)"

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйек № ҚР ДСМ-12 бұйрығына 10-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларына 27-қосымша

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерде Тізімнің ІІ, ІІІ, IV Кестесіндегі құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттарды, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінен және (немесе) дәрілік заттарға жатпайтын сынақтардан (талдаулардан) кейінгі шикізат, материалдар, материалдардың, сынамалардың қалғандары, жартылай өнімдері әрі қарай қайта өңдеуге келмейтін жартылай өнімдертдін қадықтарын; сынықтардан (талдаулардан) қалған құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар сұйықтықты жою актісі

_____________________ қ. ______________________

Комиссия мынадай құрамда:

1) Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық

техниканың айналысы саласындағы объектінің басшысының Т.А.Ә. (бар болса);

2) Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық

техниканың айналысы саласындағы жауапты адам басшысының Т.А.Ә. (бар болса);

3) Ішкі істер органдары өкілінің Т.А.Ә. (бар болса) лауазымы;

4) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің өкілінің Т.А.Ә. (бар болса) лауазымы

20__ж. "____" _________ ден 20__ж. "____" _________ дейінгі кезеңге мынадай

атаулар бойынша:

________________________________________________________________________________

(ампулаларда, ұнтақтарда, таблеткаларда, данада, граммда, миллилитрде)

құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар

жарамсыз, жалған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және Қазақстан Республикасы

заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа (ақауы бар, сынған) дәрілік заттарды,

сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінен және (немесе) дәрілік заттарға жатпайтын сынақтардан

(талдаулардан) кейінгі шикізат, материалдар, материалдардың, сынамалардың қалғандары,

жартылай өнімдері әрі қарай қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтарды (керектісін сызу)жоюды

жүргізді.

жаншу; өртеу, 1:100 арақатынаста сумен араластыру, бейтараптандыру және пайда

болған суспензияны немесе ерітіндіні өндірістік кәрізге ағызу арқылы жойылды (керектісін сызу).

Төраға: ___________________________ (қолы)

Комиссия мүшелері: ________________ (қолы)

___________________________________ (қолы)

___________________________________ (қолы)

___________________________________ (қолы)

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-12 бұйрық, ҚР ДСМ-12-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-12, он екінші бұйрық, ҚР ДСМ-12 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.