Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-42 бұйрық (14.12.2018): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 желтоқсанда № 17962 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-42
Қабылданған күні
14.12.2018
Актіні өзгерту күні
16.10.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.10.2020 № ҚР ДСМ-134/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. РҚАО-ның ескертпесі! Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда № 14630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) , 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-42 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына қосымша

Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

№КодЖоғары технологиялы медициналық қызметтердің атауы
1. Бірегей түрлері
Хирургиялық бейін
1.00.93Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу
2.02.93Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
3.03.93Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
4.33.5Өкпені транспланттау
5.33.6"Жүрек - өкпе" кешенін аралас транспланттау
6.37.51Жүректі транспланттау
7.37.66Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
8.41.06Кіндік дің жасушаларын транспланттау
9.41.10Феталдық бағаналық жасушаларды транспланттау
10.50.52Кадаврдан бауырды транспланттау
11.52.80Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған
12.55.62Кадаврдан бүйректі транспланттау
13.99.791Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау
Терапиялық бейін
14.92.247Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия
2. Негізгі түрлері
Хирургиялық бейін
15.00.50Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)
16.00.51Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын импланттау (CRT-D)
17.00.65Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау
18.01.53Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы
19.03.7992Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
20.03.7993Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
21.35.05Аорталық қақпақшаны эндоваскулярлық ауыстыру
22.35.11Ауыстырмай аорталық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
23.35.12Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
24.35.121Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы
25.35.14Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
26.35.21Аорталық қақпақшаны тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру
27.35.23Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру
28.35.33Аннулопластика
29.35.55Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою
30.35.82Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
31.35.83Артериялық діңді толық қалпына келтіру
32.35.84Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
33.35.91Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы
34.35.9900Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу
35.35.991Митралдық тесікті клиптеу
36.36.1000Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау
37.36.16Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау
38.37.32Жүрек аневризмасын кесу
39.37.35Парциалдық вентрикулоэктомия
40.37.36Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау
41.37.76Трансвеналық атриалдық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру
42.37.94Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау
43.37.941Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру
44.37.96Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана импланттау
45.38.12Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы
46.38.34Анастомозбен қолқаның резекциясы
47.38.341Аорта доғасының үзілісін түзету
48.39.28Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау
49.39.591Аорта-өкпе саңылауының пластикасы
50.39.72Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
51.39.73Кеуде аортасына протезді эндоваскулярлық имплантанттау
52.39.731Аортаның коарктациясын стенттеу
53.41.01Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау
54.41.04Аутологиялық гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тазартусыз транспланттау
55.41.05Аллогендік гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тазартусыз транспланттау
56.50.59Бауырды басқа транспланттау
57.52.53Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
58.55.5016Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия
59.56.7404Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия
60.63.8301Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия
61.78.191Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектеріне сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану
62.81.041Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
63.81.042Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
64.81.062Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
65.81.073Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
66.81.53Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
67.81.55Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
68.81.9610Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру
69.86.66Теріні аллотранспланттау
Акушериялық-гинекологиялық бейін
70.69.921Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама
71.69.922Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
72.69.923АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама
73.69.924АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
Педиатриялық бейін
74.20.95Электромагниттік есту аппаратын импланттау
Терапиялық бейін
75.39.65Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
76.92.201Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы
77.92.202Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)
78.92.291Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-42 бұйрық, ҚР ДСМ-42-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-42, қырық екінші бұйрық, ҚР ДСМ-42 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.