Мақала
Бұйрықтар

№ 12/236 бұйрық (13.04.2019): толық мәтін және скачать

Жаңа

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 12/236 нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 сәуірдегі № ҚР ДСМ-32 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 сәуірде № 18510 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
12/236
Қабылданған күні
13.04.2019
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптар
  2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесі туралы 20____ жылғы "____" ____________ анықтама
  3. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесі

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 59-бабы 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі БҰЙЫРАДЫ:

1. Бекетілсін:

1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптар осы бірлескен қаулы мен бұйрықтық 1 қосымшасына сай;

2) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтірілетін аурулардың тізбесі бекітілсін осы бірлескен қаулы мен бұйрықтық 2 қосымшасына сай.

2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

1) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 13 сәуір № 12/236 бірлескен нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 сәуір № ҚР ДСМ-32 бұйрығына бекітілген 1 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптар

1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйін медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат (бұдан әрі - кандидат) ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың бар немесе жоқ екендігі фактісін анықтау немесе растау үшін қарап-тексеру мақсатында жүргізіледі және кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы тиісті медициналық қорытындымен ресімделеді (бұдан әрі – медициналық қорытынды).

2. Кандидатты медициналық куәландыру оны ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің хаттамасы үзіндісінің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

3. Медициналық куәландыру медициналық қорытынды бере отырып кандидаттың тіркелген жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.

4. Медициналық қорытынды Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарға қосымшаға сай нысан бойынша жасалады.

5. Денсаулық сақтау ұйымдары берілген медициналық қорытындылардың есебін жүргізеді. Медициналық қорытындыға қолжетімділікке денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ие.

6. Медициналық қорытынды кандидаттың медициналық куәландыру жүргізу үшін жүгінген уақытынан бастап күнтізбелік үш күн мерзімде беріледі және Қазақстан Республикасының Президенттін сайлау мерзімі ішінде жарамды.

7. Кандидатта Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын кандидат "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабында көзделген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде тіркеу үшін ұсынады.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарға қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесі туралы 20____ жылғы "____" ____________ анықтама

Жеке тұлғаға берілді (Выдана физическому лицу)

Тегі (Фамилия) Аты (Имя)______________________________________________

Әкесінің аты (Отчество) ______________________________________________

(болған кезде / при наличии)

Тұған күні (дата рождения)________________ Жынысы (пол)_______________

Үйінің мекенжайы, телефоны (домашний адрес, телефон)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Жұмыс орны (место работы)___________________________________________

____________________________________________________________________

Психиатр дәрігердің қорытындысы (Заключение врача-психиатра):

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(ТАӘ) (ФИО) психиатр дәрігердің қолы және мөрі (подпись и печать врача-психиатра)

Мөр орны (ұйым)

Место печати (организации)

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 13 сәуір № 12/236 бірлескен нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 сәуір № ҚР ДСМ-32 бұйрығына бекітілген 2 қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесі

1Симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қосқанда, органикалық
1Альцгеймер ауруы кезіндегі ерте басталған деменция
2Кеш басталған Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция
3Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция, атипиялық немесе аралас түрі
4Жіті басталған тамыр деменциясы
5Мультиинфаркт деменциясы
6Субкортикалдық тамыр деменциясы
7Аралас қыртыстық және қыртысастылық тамыр деменциясы
8Басқа тамыр деменциясы
9Пик ауруы кезіндегі деменция
10Крейцфельдт-Якоб ауруы кезіндегі деменция
11Гентингтон ауруы кезіндегі деменция
12Паркинсон ауруы кезіндегі деменция
13Адамның иммунтапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған аурулар кезіндегі деменция
14Басқа бөлімдерде жіктелетін өзге де нақтыланған аурулар кезіндегі деменция
15Алкогольмен немесе басқа да психикалық-белсенді заттардан туындамаған органикалық амнестикалық синдром
16Органикалық галлюциноз
17Органикалық кататониялық бұзылу
18Органикалық сандырақтау (шизофренияға ұқсас) бұзылуы
19Органикалық (аффектілік) бұзылулар
20Жеке басының органикалық бұзылулары
21Постэнцефалиттік синдром
22Посткоммоциялық синдром
2Психикалық-белсенді заттарды тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылулары
23Алкогольді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуелділік синдромы
24Алкогольді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу
25Алкогольді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром
26Алкогольді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу
27Апиындарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы
28Апиындарды қабылдау нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу
29Апиындарды қабылдау нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром
30Апиындарды қабылдау нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзушылықтары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу
31Каннабиноидтерді тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы
32Каннабиноидтерді тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу
33Каннабиноидтерді тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром
34Каннабиноидтерді тұтынудың салдарынан болған психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу
35Седативтік немесе ұйықтататын заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы
36Седативтік немесе ұйықтататын заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу
37Седативтік немесе ұйықтататын заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром
38Седативтік немесе ұйықтататын заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу
39Кокаинді тұтыну нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы
40Кокаинді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу
41Кокаинді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром
42Кокаинді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу
43Кофеинді қосқанда, өзге ынталандырушыларды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы
44Кофеинді қосқанда, өзге ынталандырушыларды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылыс
45Кофеинді қосқанда, өзге ынталандырушыларды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром
46Кофеинді қосқанда, өзге ынталандырушыларды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылыс және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу
47Галлюциногендерді тұтыну нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы
48Галлюциногендерді тұтыну нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу
49Галлюциногендерді тұтыну нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром
50Галлюциногендерді тұтыну нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылыс және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу
51Ұшпалы ерітінділерді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы
52Ұшпалы ерітінділерді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу
53Ұшпалы ерітінділерді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром
54Ұшпалы ерітінділерді тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу
55Өзге де психикалық-белсенді заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, тәуекел синдромы
56Өзге де психикалық-белсенді заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, психотикалық бұзылу
57Өзге де психикалық-белсенді заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, амнезиялық синдром
58Өзге де психикалық-белсенді заттарды тұтынудың нәтижесіндегі психикалық және мінез-құлық бұзылулары, резидуалды психикалық бұзылу және кеш (қалдырылған) дебюті бар психотикалық бұзылу
3Шизофрения, шизотипиялық және сандырақ бұзылулары
59Параноидты шизофрения
60Гебефрендік шизофрения
61Кататониялық шизофрения
62Нақтыланбаған шизофрения
63Шизофрениядан кейінгі күйзеліс
64Резидуалды шизофрения
65Қарапайым шизофрения
66Шизофренияның басқа жасымдары
67Латенттік шизофрения
68Шизофрениялық реакция
69Жалған неврологиялық (неврозға ұқсас) шизофрения
70Жалған психопатиялық (психопаттияға ұқсас) шизофрения
71"Симптамдары нашар" шизофрения
72Шизотипиялық жеке тұлға бұзылуы
73Сандырақ бұзылуы
74Өзге де созылмалы сандырақ бұзылулары
75Шизоаффектік бұзылу, маниакалды түрі
76Шизоаффектілік психоз
77Шизоаффектілік бұзылыс, аралас түрі
78Өзге де шизоаффектілік бұзылулар
4Көңіл-күйдің аффектілік бұзылулары
79Гипомания
80Психотикалық симптомдары жоқ мания
81Психотикалық симптомдары бар мания
82Басқа да маниакалды эпизодтар
83Биополярлы аффектілік бұзылу, ағымдағы гипоманиакалды эпизоды
84Биополярлы аффектілік бұзылу, психотикалық симптомдары жоқ ағымдағы мания эпизоды
85Биополярлы аффектілік бұзылу, психотикалық симптомдары бар ағымдағы мания эпизоды
86Биополярлы аффективтілік бұзылу, орташа және жеңіл күйзелістің ағымдағы эпизоды
87Биополярлы аффективтілік бұзылу, психотикалық симптомдары жоқ күрделі күйзелістің ағымдағы эпизоды
88Биополярлы аффективтілік бұзылу, психотикалық симптомдары бар күрделі күйзелістің ағымдағы эпизоды
89Биополярлы аффективтілік бұзылу, ағымдағы аралас эпизоды
90Биополярлы аффективтілік бұзылу, ремиссия жағдайы
91Өзге де биополярлы аффективтілік бұзылу
92Циклотимия
93Дистимия
5Жетілгенның және ересектердің мінез-құлық бұзылулары
94Жеке тұлғаның параноидты бұзылуы
95Жеке тұлғаның шизоидты бұзылуы
96Жеке тұлғаның диәлеуметты бұзылуы
97Жеке тұлғаның эмоциялық тұрақсыз бұзылуы
98Жеке тұлғаның истериялық бұзылуы
99Жеке тұлғаның ананкаст (обсессивтік-компульсивтік) бұзылуы
100Жеке тұлғаның үрейлі (жалтару) бұзылуы
101Жеке тұлғаның тәуекел бұзылуы
102Жеке тұлғаның өзге де ерекше бұзылулары
103Жеке тұлғаның аралас бұзылулары
104Жеке тұлғаның алаңдаушылығын туғызатын өзгерістер
105Жеке тұлғаның апатты бастан кешкеннен кейінгі созылмалы өзгерістері
106Жеке тұлғаның психикалық аурудан кейінгі созылмалы өзгерістері
107Педофилия

Іздеу атаулары: №12/236 бұйрық, 12/236-бұйрық, приказ 12/236, 12/236 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.