Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-72 бұйрық (13.05.2019): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 мамырда № 18659 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 16 ақпандағы № 24 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-72
Қабылданған күні
13.05.2019
Актіні өзгерту күні
16.02.2023
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 16.02.2023 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағына 28-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91840 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерінің бекіту туралы";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері бекітілсін";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері

№Жабдықтың атауыӨлшем бірлігіҰсынылатын норма
Симуляциялық орталықСимуляциялық кабинет
1Жүрек-өкпе реанимациясын орындауға арналған манекендана2 (6-7 адамнан тұратын топқа)2 (8-12 адамнан тұратын топқа)
2Оқу дефибрилляторыдана2 (орталыққа)1 (8-12 адамнан тұратын топқа)
3Инъекциялар дағдыларын орындауға арналған тренажер (ересек / балалар)дана2 (6-7 адамнан тұратын топқа)1 (8-12 адамнан тұратын топқа)
4Қуық катетеризациясына арналған тренажер (ерлер / әйелдер / балалар)дана1 (6-7 адамнан тұратын топқа)1 (8-12 адамнан тұратын топқа)
5Өкпе мен жүректің аускультациясына арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)2 (8-12 адамнан тұратын топқа)
6Тораптарды байлауға арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
7Коникотомия және трахеотомияға арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
8Қан тоқтауға арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
9Көзді зерттеуге арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
10Құлақ ауруларын диагностикалауға арналған тренажердана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
11Сүт безі моделідана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)4 2 (8-12 адамнан тұратын топқа)
12Балалар басына инъекциялар жасау тренажерыдана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-
13Омыртқа және бел пункциясына арналған симулятор (ересек / бала)дана1-2 (орталыққа)-
14Жатыр мойнын зерттеу тренажерыдана1-2 (орталыққа)-
15Зондты тамақтандыруға арналған манекен/фантомдана1-2 (орталыққа)1 (кабинетке)
16Асқазан түтігі (ересек/балалар)дана1-2 (орталыққа)1 (кабинетке)
17Күтім жасау дағдыларына арналған сәби үлгісідана-3 (8-12 адамнан тұратын топқа)
18Ауру адамға күтім жасауға оқытуға арналған манекендана-1 (8-12 адамнан тұратын топқа)
19Спирографдана1 (орталыққа)1 (кабинетке)
20Шала туған сәбилерге арналған кювездана-1 (кабинетке)
21Шала туған сәбидің моделідана-2 (8-12 адамнан тұратын топқа)
22Тік ішекті зерттеуге арналған моделідана1 (орталыққа)1 (кабинетке)
23Жаңа туған нәрестеге интубация жасауға арналған әмбебап үлгідана1 (орталыққа)1 (кабинетке)
24Бала крикотиреотомиясын жасауға арналған тренажерідана1 (орталыққа)-
25Эзофагогастродуоденоскопия оқытуға арналған тренажердана1-2 (орталыққа)-
26Бронхоскопия жүргізуге оқытуға арналған тренажерідана1-2 (орталыққа)-
27Пациенттің кардиологиялық тренажерідана1 (орталыққа)-
28Көзді зерттеуге арналған симулятордана1 (орталыққа)-
29Эпидуралық инъекцияға арналған симулятордана2 (орталыққа)-
30Босанатын әйел симуляторыдана2 (орталыққа)-
31Простата пальпациясына арналған симулятордана1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)-

Ескерту: шығындау материалдары - қажеттілігіне қарай Симуляциялық орталық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады. Симуляциялық кабинет – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады.

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-72 бұйрық, ҚР ДСМ-72-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-72, жетпіс екінші бұйрық, ҚР ДСМ-72 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.