Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-74 бұйрық (13.05.2019): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 мамырда № 18666 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-74
Қабылданған күні
13.05.2019
Актіні өзгерту күні
22.12.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 22.12.2020 № ҚР ДСМ-313/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына , "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8421 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2014 жылғы 25 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

13-қосымшада :

"Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар мен аурулар туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанда :

"2300 Арнайы ем алуға тиіс қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды емдеу туралы мәліметтер (ІІ клин. топ)" бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"

Ісіктің орналасқан жеріЖолдың нөміріХ қайта қараудың Халықаралық аурулар жүйесі бойынша шифрыЕсепті жылы алғаш есепке алынғандар ем алуға тиісті (2100-кесте 3-қат.-дан 9-қат.-ны шегергендеОлардың ішінде
Қарсы көрсетілімдер болғандарЕмделуден бас тартқандарЕмделуді аяқтамағандарҚандайда бір себептермен емдеуге алынбаған науқастар
барлығыоның ішінде I-II сатыдабарлығыоның ішінде I-II сатыда
АБВ1234567
Қатерлі ісіктер барлығы01С 00-С 97
Оның ішінде 14 жасты қоса алғанда балалар02С 00-С 97
Жалпы қатерлі ісіктердің ішінде: еріннің03С 00
Тілдің, ауыз қуысы мен ауыз жұтқыншағының04С 01-С 06, С 09, С 10, С 46.2
Сілекей безінің (кішкентай сілекей безінен басқа)05С 07-С 08
Мұрын жұтқыншағының06С 11
Көмей жұтқыншағының07С 12, С 13, С 14
өңештің08С 15
асқазанның09С 16
тоқ ішектің10С 18
тік ішек, ректосигмалық қосылыстың, анустың11С 19-С 21
бауырдың12С 22
ұйқы безінің13С 25
көмейдің14С 32
кеңірдектің, бронхтардың, өкпенің15С 33-С 34
сүйектердің және буын шеміршектерінің16С 40-С 41
дәнекер және басқа жұмсақ тіндердің17С 45, С 46.1, С 47, С 49
тері меланомасы18С 43
Терінің басқа да ісіктері *)19С 44, С 46.0
әйел сүт безінің20С 50
жатыр мойнының21С 53
жатыр денесінің22С 54
аналық жыныс безінің23С 56
қуық асты безінің24С 61
аталық жыныс безінің25С 62
бүйректің26С 64
қуықтың27С 67
көз және оның қосымша аппараттарының28С 69
бас миы мен орталық жүйке жүйесінің29С 70-С 72
қалқанша безінің30С 73
қатерлі лимфомалар31С 81- С 90, С 96
лейкемиялар32С 91- С 95, С 96
басқалары33С 17, С 23- С 24, С 26- С 31, С 35- С 39, С 46.3- С 46.9, С 48, C50 (ер), С 51- С 52, С55, С 57, С 58, С 60, С 63, С 65- С 66, С 68, С 74- С 80, С 97

кестенің жалғасы:

Олардың ішіндеЕсеп беру жылында науқастардың жалпы санынан (2100 кесте 20 баған) қабылдады
Есеп беру жылы арнайы ем қабылданған науқастардың санысондай-ақ әдістерді қолдана отырып:Тек амбулаториялық ем қабылдағанДәрілік емдеуСәулелік емдеуШетелде емдеу
Тек хирургиялықТек сәулелікТек дәрілікқұрамдастырылғанкешендіХимиялылық-сәулелікқайталануменөршуменқайталануменөршумен
891011121314151617181920

*жыныс мүшелерінің терісі есепке алынбайды

Басшы __________________________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Орындаушы ______________________________

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

тел_______________

күні 20___жылғы "_____" _____________";

"Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар мен аурулар туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктемедегі :

11-тармақтағы :

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"9) 16-19 бағандарға – бұған дейінгі 9-15-тармақтарда көрсетілген науқастарды қоса есеп беру жылында дәрімен ем қабылдағандарды қайталану пен өршуге (16 және 17-тармақтар) бөле отырып және сәулелік терапия қабылдағандарды қайталану мен өршуге бөле отырып (18 және 19-тармақтар) аурудың сатысына және есепке алу уақытына қарамастан науқастардың жалпы саны".;

мынадай редакциядағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

"9-1) 20-бағанда – шетелде ем қабылдаған науқастардың саны.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Келісілді"

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігінің

Статистика комитеті

___________________________

201 __ жылғы "___"_________

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-74 бұйрық, ҚР ДСМ-74-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-74, жетпіс төртінші бұйрық, ҚР ДСМ-74 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.