Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-76 бұйрық (14.05.2019): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 мамырда № 18678 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 75 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-76
Қабылданған күні
14.05.2019
Актіні өзгерту күні
05.08.2021
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 № ҚР ДСМ – 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15724 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілсін";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесінде :

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілсін";

реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

24.Е84Кистозды фиброз (Муковисцидоз)Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлық дәрежесіне қарамастан барлық түріДорназа альфа, ингаляцияларға арналған ерітіндіR05CB13
Панкреатин, капсулаА09АА02
Колистиметат натрийі, инъекция мен инфузияға арналған ерітінді дайындайтын ұнтақJ01XB01
Тобрамицин, капсулада ингаляцияға арналған ұнтақJ01GB01
";

реттік нөмірлері 35 және 36 -жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"

35.А15-А19ТуберкулезДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарҚарқынды және қолдаушы фазаПиридоксин, инъекцияларға арналған ерітіндіA11HA02
Амоксициллин-клавулан қышқылы, таблетка, ішкізу арқылы қолданылатын ерітінді дайындауға арналған ұнтақJ01CR02
Кларитромицин, таблеткаJ01FA09
Стрептомицин, бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақJ01GA01
Канамицин, инъекциялар үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақJ01GB04
Амикацин, инъекцияларға арналған ерітінді, инъекциялар үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақJ01GB06
Левофлоксацин, таблеткаJ01MA12
Моксифлоксацин,J01MA14
Аминосалицил қышқылы және оның туындылары, таблетка, түйіршіктер, ішке қабылдауға ерітінді дайындау үшін дозаланған ұнтақJ04AA01
Циклосерин, капсулаJ04AB01
Рифампицин, капсулаJ04AB02
Капреомицин, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақJ04AB30
Изониазид, таблетка, шәрбат, инъекцияларға арналған ерітіндіJ04AC01
Протионамид, таблеткаJ04AD01
Пиразинамид, таблеткаJ04AK01
Этамбутол, инъекцияларға арналған ерітінді, таблеткаJ04AK02
Рифампицин+Изониазид+Пиразинамид+Этамбутол, таблетка,J04AM06
Рифампицин+Изониазид, таблеткаJ04AM02
Клофазимин, капсулаJ04BA01
Линезолид, таблеткаJ01XX08
Бедаквилин, таблеткаJ04AK05
Деламанид, таблеткаJ04AK06
36.В20-В24АИТВ инфекциясыДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттар. Диспансерлік еесепте ұрған балалар 18 жасқа толғанға дейін бір өндірушінің дәрілік препараттарын қолданадыАнтиретровирустық терапияның схемасына сәйкес, оның ішінде жүкті әйелдер мен АИТВ жұқтырған аналардан туған балалардың профилактикасы үшін барлық сатылар мен дәрежелер. Диспансерлік есепте тұрған балалар 18 жасқа келгенге дейін бір өнім шығарушының дәрілік препараттарын қабылдайдыДарунавир, таблеткаJ05AE10
Тенофовир, таблеткаJ05AF07
Ламивудин, таблетка, ішкізу арқылы қолданатын ерітіндіJ05AF05
Абакавир, таблетка; ішкізу арқылы қолданатын ерітіндіJ05AF06
Зидовудин, капсула, ішке қабылдау үшін ерітіндіJ05AF01
Невирапин, таблетка, ауыз арқылы қолданылатын суспензияJ05AG01
Эфавиренз, таблетка, капсулаJ05AG03
Эмтрицитабин+Тенофовир, таблеткаJ05AR03
Этравирин, таблеткаJ05AG04
Зидовудин+Ламивудин, таблетка,J05AR01
Лопинавир+Ритонавир, таблетка, ішке қабылдау үшін қолданатын ерітіндіJ05AR10
Абакавир+Ламивудин, таблеткаJ05AR02
Абакавир+Ламивудин+Зидовудин, таблеткаJ05AR04
Эмтрицитабин+Тенофовир+ Эфавиренз, таблеткаJ05AR06
Долутегравир, таблеткаJ05AX12
Абакавир-Ламивудин-Долутегравир, таблеткаJ05AR13
Дарунавир – Комбицистат, таблеткаJ05AR14
Эмтрицитабин – Рилпивирин – Тенофовир, таблеткаJ05AR06
";

"

Медициналық мақсаттағы бұйымдар
"

деген жол;

мынадай редакцияда жазылсын:

"

Медициналық бұйымдар
".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдерінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың), 2) , және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 19 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-76 бұйрық, ҚР ДСМ-76-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-76, жетпіс алтыншы бұйрық, ҚР ДСМ-76 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.