Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-113 бұйрық (22.08.2019): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № ҚР ДСМ-113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 тамызда № 19291 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-113
Қабылданған күні
22.08.2019
Актіні өзгерту күні
30.11.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. "Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру"
  2. "Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі" Жиналмалы сөмкені жарақтандыру
  3. Медициналық бұйымдар

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 № ҚР ДСМ-225/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 7-бабының 1-тармағына 96) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларында :

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"19. Пациенттің өміріне қауіп төнген жағдайда (жіті жүрек-тамыр және тыныс алу функцияларының жеткіліксіздігі) оны тасымалдау шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсететін жақын жердегі медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесіне жүзеге асырылады";

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"28. Медициналық іріктеуге сәйкес шартты түрде пациенттер 3 топқа бөлінеді:

бірінші топ (қызыл аймақ) – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі;

екінші топ (сары аймақ) – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;

үшінші топ (жасыл аймақ) - өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.";

38 , 39 , 40 , 41 , 42 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"38. Облыстық және қалалық ЖМКС құрамына ЖМК станциясы, ЖМК кіші станциялары, ЖМК аудандық бөлімшелері және санитариялық авиация бөлімшелері кіреді.

39. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМКС құрамында ішкі істер органдары және өңірдегі төтенше жағдайлар қызметтерімен, ЖМК кіші станцияларымен, МСАК жанындағы ККМК бөлімшелерімен, медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерімен жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген және емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыратын Сall – орталықтар (колл-орталықтар) құрылады.

40. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астананың ЖМКС шақыруларды қабылдау және өңдеу жөніндегі автоматтандырылған басқару жүйелерімен және навигациялық жүйелер арқылы санитариялық автокөлікке мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін жүйелермен, сондай-ақ абоненттермен диалогтарды компьютерлік жазу жүйесімен және қоңырау келіп түсетін телефон нөмірін автоматты анықтаушымен жабдықталады. Диалог жазбаларын сақтау кемінде 2 жыл жүзеге асырылады.

41. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың ЖМКС осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.

42. Төтенше жағдай режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМКС:

1) "Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидаларын, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 қаулысына , "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) және "Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақытылы кешенді көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 919, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 819 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14387 болып тіркелген) сәйкес ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде әрекет етеді;

2) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою жөніндегі ЖМК бригадаларын төтенше жағдай аймағына жібереді;

3) төтенше жағдайларды жою кезінде зардап шеккендерге емдеу-эвакуациялау іс-шараларын өткізеді;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер, медициналық көмек көрсету үшін жүгінген немесе жеткізілген оқиғалар мен жағдайлар, сондай-ақ алынған жарақаттан қайтыс болғандар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл ұсынады.";

мынадай мазмұндағы 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51-тармақтармен толықтырылсын:

"43. Зардап шеккендер саны 3 және одан да көп адам болатын төтенше оқиға кезінде төтенше жағдай орнына бірінші келген ЖМК бригадасы бірінші кезекте медициналық іріктеуді жүзеге асырады.

Медициналық іріктеу (триаж) нәтижелері бойынша ЖМК бригадасы зардап шеккендерді бұдан әрі көрсетілімдері бойынша медициналық ұйымдарға тасымалдаумен, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

44. Шұғыл медициналық көмек: "Базалық реанимация" - Basic Life Support (BLS), "Кеңейтілген жүрек - өкпе реанимациясы" - Advanced Cardiac Life Support (ACLS), "Педиатриядағы кеңейтілген жүрек - өкпе реанимациясы" - Pediatric Advanced Life Support (PALS), "Жарақаттар кезінде емдеуге дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету" - Prehospital Trauma Life Support (PHTLS) жедел және кезек күттірмейтін көмек көрсетудің халықаралық танылған стандарттарына оқытудан өткен мамандар көрсетеді. Облыстық және қалалық ЖЖМС базасында шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларының мамандарына практикалық дағдыларды пысықтау мақсатында симуляциялық кабинеттер ұйымдастырылады.

45. Ауыл халқына жедел медициналық көмек қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін облыстың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының шешімі бойынша жету қиын елді мекендерде (жол жабындыларының болмауы, таулы жер), медициналық көмекке қол жеткізуден алыс учаскелерде облыстық ЖМКС қосымша қосалқы станциялары (бөлімшелері) құрылуы мүмкін.

46. Медициналық персоналдың жедел жұмысын қамтамасыз ету, санитариялық автокөлік пен медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалану мақсатында санитариялық автокөлік мынадай кластарға бөлінеді:

А клаcы: емдік-іс-шараларды жүргізуге және медицина персоналдарының алып жүруімен алдын ала болжам бойынша шұғыл емес пациенттерді тасымалдауға арналған санитариялық автокөлік;

В класы: дәрігерлік (фельдшерлік) бригадалар күшімен жедел медициналық көмектің емдеу іс-шараларын өткізуге, емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде пациенттерді тасымалдауға және жағдайына мониторинг жүргізуге арналған санитариялық автокөлік;

С класы: мамандандырылған бригаданың күшімен реанимациялық іс-шараларды және қарқынды терапияны жүргізуге, сондай-ақ пациенттерді санитариялық авиация желісі бойынша тасымалдауға арналған жедел медициналық көмек көлігі (реанимобиль).

47. Қажетті кластағы санитариялық автокөлік болмаған жағдайда бригаданың шығуы бар бос санитариялық автокөлік жүзеге асырады. Көшпелі бригада қажетті кластағы санитариялық автокөлік келгенге дейін емдеу іс-шараларын өткізуді жалғастырады немесе пациентті жақын жердегі стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тасымалдауды қамтамасыз етеді.

48. Санитариялық автокөлікті медициналық емес мақсатта пайдалануға рұқсат берілмейді. ЖМКС бірінші басшысы осы тармақтың сақталуын қамтамасыз етеді.

49. Санитариялық авиация бөлімшесі санитариялық автокөлік арқылы өңірлік және өңіраралық деңгейде медициналық қызметтер көрсетеді.

Санитариялық авиация бөлімшесінің санитариялық көлігін пайдалану негіздері:

пациенттің (тердің) орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар маманның (дардың) жетіспеушілігінен медициналық көмек көрсету (консультация және (немесе) операция жасау үшін) білікті мамандарды жеткізу болып табылады;

мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін аудандық деңгейдегі медициналық ұйымнан қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі медициналық ұйымға пациентті(терді) тасымалдау;

әуе кемесінде жедел өтінімді орындау кезінде пациентті (терді) және санитариялық авиацияның мобильді бригадасын (САМБ) әуежай мен медициналық ұйым арасында санитариялық автокөлікпен тасымалдау;

ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді кейіннен транспланттау үшін тиісті медициналық ұйымға жеткізу.

50. Санитариялық авиация бөлімшесінің диспетчері стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан медициналық қызметке өтінімді қабылдайды және санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігеріне береді.

51. Санитариялық авиация бөлімшесінің үйлестіруші-дәрігері:

келіп түскен өтінімді, пациенттің медициналық құжаттамасын зерделейді;

медициналық қызметтің көлемін анықтайды;

пациенттің (тердің) патология бейініне сәйкес САМБ құрамын қалыптастырады;

кейіннен транспланттау үшін білікті мамандарды (САМБ), пациентті (терді), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және тіндерді, биоматериалдарды санитариялық автокөлікпен тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастырады.";

3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) , 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МинистрЕ. Биртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № ДСМ-113 бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 3-қосымша

"Жедел медициналық көмек көрсететін стационардың қабылдау бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру"

1. Қабылдау бөлімшесі – пациенттерді шұғыл емдеуге жатқызуды жүзеге асырылатын медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Пациенттерді емдеуге жатқызу үшін бос кірме жолдар орнатылады және пациенттің медициналық көмек көрсетудің тиісті кезеңіне дейін қабылдау бөлімшесіне еркін қол жеткізуі (жеткізуі) қамтамасыз етіледі (табалдырықтың болмауы, бос лифтілер, ашық есіктер).

3. Бөлімшенің негізгі қызметтері:

тәуліктік режимде шұғыл медициналық көмек көрсету;

пациенттерге триаж-жүйе бойынша іріктеу жүргізу;

төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қызметтермен байланысты ұстау және өзара іс-қимыл жасау;

пациенттердің жаппай түсуіне дайындықты қамтамасыз ету.

4. Қабылдау бөлімшесінің құрылымында:

1) тіркеу постары (тіркеу бөлімі - диспетчерлік);

2) пациенттерді байқауға арналған пост;

3) триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу нәтижелері ескерілген функционалдық сырғытқылары/кереуеттері бар қарау кабинеттері;

4) шұғыл операциялық араласуға арналған операциялық зал;

5) манипуляциялық бөлме;

6) науқастардың келіп түскен сәтінен бастап емдеуге жатқызуға көрсетілімдері және болжамды диагнозы анықталғанға дейін шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған қысқа мерзімді болу палаталары (диагностикалық палаталар);

7) қарқынды терапия палатасы(лары) (бұдан әрі – ҚТП);

8) зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық диагностика жүргізуге арналған аймақтар;

9) амбулаториялық пациенттерді қарап-зерттеу аймағы;

10) инфекциялық ауруларға күмәнді адамдарға арналған изолятор ұйымдастырылады.

5. Қабылдау бөлімшесінде: іріктеу алаңы, сырғытқыларды орналастыруға арналған, еріп келген адамдардың пациентті күтуге арналған аймағы, қабылдау бөлімшесіне келіп түскен пациенттерді санитариялық өңдеу көзделеді.

6. Барлық қарап-тексеру аймақтары төсекаралық төбеге арналған шымылдықтар арқылы бір-бірінен бөлінген мобильдік функциялық сырғытқылармен/кереуеттермен жарақтандырылуы тиіс. Сырғытқылардың/кереуеттердің жанында мобильдік диагностикалық жабдық орналасқан.

7. Қабылдау бөлімшесінде зерттеп-қараудың зертханалық әдістеріне арналған мобильдік, жылжымалы, портативтік аппараттар, шағын автоматтандырылған гематологиялық талдауыштар, пациенттің жанында палатада жедел түрде диагностикалау жүргізу үшін несептің автоматтандырылған талдауыштары пайдаланылады.

8. ҚТП реанимациялық көмек көрсету үшін функционалдық сырғытқылармен/кереуеттермен, қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталған.

9. Шұғыл түрдегі операциялық араласуға арналған операциялық зал кез-келген күрделі шұғыл операцияны өткізуге арналған медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жабдықталады.

10. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеуді жүргізу кезінде түстермен кодтау қолданылады. Іріктеу үшін қарап-тексеру, зерттеп-қарау, емдеу бойынша басымдыққа байланысты қызыл, сары және жасыл түстер қолданылады.

11. Зерттеп-қарауды талап етпейтін пациенттер жасыл аймаққа жіберіледі. Қабылдау бөлімінде зерттеп-қарау талап етілетін пациенттер сары аймаққа жіберіледі. Ауыр жағдайдағы пациенттер медициналық іріктеусіз және тіркеусіз тікелей қызыл аймаққа жіберіледі.

12. Қызыл аймақта алып жүретін адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

13. Зерттеп-қарау және талдау үшін талап етілетін үлгілер (материалдар) пациенттің тұрған жерінде сары және қызыл аймақтарда алынады және персоналдың алып жүруімен тиісті бөлімшелерге жіберіледі.

14. Қабылдау бөлімінде биологиялық материалдарды пациенттердің және олардың жақындарының жеткізуіне жол берілмейді.

15. Егер пациент жүгінген немесе жеткізілген медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық ресурстар болса, пациент басқа медициналық ұйымға жіберілмейді.

16. Өміріне қауіп төну жай-күйі бар пациенттер басқа медициналық ұйымға тасымалдауға жатпайды.

17. Пациент жіберілетін медициналық ұйым пациентті қабылдау және емдеуді кідіріссіз бастау үшін қажетті шараларды қабылдайды.

18. Егер іріктеу нәтижесінде жұқпалы инфекциялар немесе жіті қауіпті инфекциялар фактісі анықталған жағдайда пациентті бақылау және шұғыл көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінің басқа үй-жайларынан оқшауланған арнайы бокстарға орналастырылады.

19. Боксқа кіру жеке қорғану құралдары орналасқан (бір реттік пайдалануға арналған киім, бір реттік пайдалануға арналған маска, қалпақ, бахиллалар) арнайы тамбур арқылы жүзеге асырылады. Бокста санитариялық тораппен санитариялық бөлме бар.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы №ДСМ-113 бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына 4-қосымша

"Жедел медициналық көмек станциясындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ең төмен тізбесі" Жиналмалы сөмкені жарақтандыру

АХЖ кодыФармакологиялық топ/ ХПАДәрілік түріӨлшем бірлігі
AАсқазан жолы және зат алмасу
A03АІЖ тарапынан болған функциялық бұзылуларды емдеу препараты
A03AІшек қызметінің бұзылуы кезінде пайдаланылатын препарат
A03AXІшек қызметінің бұзылулары кезінде пайдаланылатын басқа да препарат
Платифиллин1 мл инъекцияға арналған препарат, 0,2%ампула
A03BИтжидек және оның туындылары
A03BAИнжидек алкалоидтары, үштік аминдер
A03BA01Атропин сульфаты1 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
A03FАІЖ моторикасын ынталандырғыштар
A03FA01Метоклопрамид2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%ампула
A07Диареяға қарсы, ішектік қабынуына қарсы және микробқа қарсы препарат
A07ВА01Белсенді көмір250 мг таблеткатаблетка
А07СКөміртегімен электролиттер
А07СААуызға қолданылатын регидратациялық тұзІшке қабылдауға арналған ерітіндіні дайындайтын ұнтақпакет
A11Дәрумендер
A11DB1 дәрумені және оны В6 дәруменімен бірге пайдалану
A11DAB1 дәрумені
A11DA01Тиамин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%ампула
A11GАскорбин қышқылы (басқа да препараттармен бірге пайдалануды қоса алғанда)
A11GA01Аскорбин қышқылы2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%ампула
A11HБасқа да дәрумендер
A11HA02Пиридоксин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5%ампула
B01ACТромбқа қарсы препараттар, тромбоциттер агрегациясының ингибиторлары (гепаринді қоспағанда)
B01AC04КлопидогрелҚабықпен қапталған 300 мг таблеткалартаблетка
B01AC24ТикагрелорҚабыршақты қабықпен қапталған 90 мг таблеткалартаблетка
BҚан түзу және қан
B01Антикоагулянттар
B01ABГепарин және оның туындылары
B01AB01Натрий гепарині5000 БІР/мл 5 мл инъекцияға арналған ерітіндіқұты
B01ADФерментті препараттар
B01AD02Алтеплаза50 мг венаішілік инфузияға арналған ерітінділерді дайындатын лиофильденген ұнтаққұты
B01AXБасқа да антикоагулянттар
B01AX05Натрий фондапаринуксы2,5 мг/0,5 мл тері астына және вена ішіне енгізуге арналған ерітінділершприц
B02BK дәрумені және басқа да қан тоқтатқыштар
B02BXЖүйелі падалануға арналған басқа да қан тоқтатын препараттар
B02BX01Этамзилат2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 12,5%ампула
B05Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер
B05AҚан препараты
B05AAҚан плазмасы препараты және плазма алмастыратын препараттар
B05AA05Декстран200 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%құты
B05AA07Гидроксиэтилкрахмал (пентакрахмал)500 мл инфузияға арналған ерітінді, 10%құты
B05BВена ішіне енгізуге арналған ерітінді
B05BBСу-электролитты теңгеріміне әсері бар ерітінділер
B05BB01Натрий хлориді5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,9%ампула
B05CИрригациялық ерітінділер
B05CBТұзды ерітінділер
B05CB01Натрий хлориді200, 400 мл-ден инфузияға арналған ерітінді, 0,9%құты
B05CXБасқа да ирригациялық ерітінділер
B05CX01Декстроза200 мл 5% инфузияға арналған; 5 мл 5% инъекцияға арналған ерітіндіқұты
B05XВена ішіне енгізуге арналған ерітінділерге қосындылар
B05XAЭлектролитті ерітінділер
B05XA05Магний сульфаты5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 25%ампула
B05XA07Кальций хлориді5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 10%ампула
CЖүрек қантамыр жүйесі
C01Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар
C01AЖүрек гликозидтері
C01AAЖалбыз гликозидтері
C01AA05Дигоксин0,25 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
C01BI және III санатының аритмияға қарсы препараты
С01ВВIВ санатының аритмияға қарсы препараты
C01BDIII санатының аритмияға қарсы препараты
C01BD01Амиодарон150 мг/3 мл венаішілік инъекцияға арналған ерітінділерампула
C01CЖүрек гликозидтерін қоспағанда кардиотониялық препарат
C01CAАдренергетиктер мен допаминомиметиктер
C01CA04Допамин5 мл инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын концентрат, 4%ампула
C01CA07Добутамин250 мг инфузияға арналған ерітіндіні дайындайтын лиофилизатампула
C01CA24Эпинефрин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,18 %ампула
C01DЖүрек ауруларын емдеуде пайдаланылатын шеткі тамыр кеңейткіштер
C01DAОрганикалық нитраттар
C01DA02НитроглицеринМөлшерленген тіл асты аэрозолі 0,4 мг/доза 10гқұты
C01DA08Изосорбид динитраты1 мг/мл 10 мл/аэрозоль инфузияға арналған ерітіндіні дайындатын концентратампула/ құты
C01EЖүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
C02Антигипертензивті препараттар
C02CПерифериялық антиадренергиялық препараттар
C02CAАльфа-адреноблокаторлар
C02CA06Антигипертензивті заттар, альфа - адреноблокаторлар (Урапидил)5 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіампула
C03Диуретиктер
C03C"Ілмек" диуретиктер
C03CAСульфонамидті диуретиктер
C03CA01Фуросемид2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
C07Бета-адреноблокаторлар
C07AБета-адреноблокаторлар
C07ABСелективті бета-адреноблокаторлар
C07AB02Метопролол1 мг/мл 5 мл вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіампула
C08Кальций каналдарының блокаторы
C08CТамырларға айрықша әсер ететін кальций каналдарының селективті блокаторлары
C08CAДигидропиридин туындылары
C08CA05Нифедипинқаптамамен қапталған 20 мг таблеткалартаблетка
C09Ренин-ангиотензивті жүйеге әсері бар препарат
C09AАнгиотензин-айналдырушы ферменттерінің (ААФ) ингибиторлары
C09AA01Каптоприл25 мг таблеткалартаблетка
C09AA02Эналаприл1,25 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітінді; 5мг;10мг;20 мг таблеткалар;ампула /таблетка
DДерматология
D03Жарақаттар мен жараны емдеуге арналған препараттар
D03AҚалыпты тыртықтануға мүмкіндік беретін препараттар
D03AX03Декспантенол117 г сыртқа пайдалануға арналған аэрозольқұты
D08Антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AGЙод препараттары
D08AG03Йод20 мл спиртті ерітінді, 5%құты
D08AXБасқа да антисептиктер мен дезинфекциялық препараттар
D08AXБриллиант жасылы20 мл спиртті ерітінді, 1%құты
D08AX01Су тетігінің асқын тотығы50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 3%құты
D08AX08Этанол50 мл сыртқа пайдалануға арналған ерітінді, 70%құты
HЖыныс гормондары мен инсулинді қоспағанда жүйелі пайдалануға арналған гормондар
H01Гипоталамус және гипофиз гормондары және олардың аналогтары
H01BГипофиздің артқы бөлігінің гормондары
H01BBОкситоцин және оның аналогтары
H01BB02Окситоцин5 БІРЛ./мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
H02Жүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02AЖүйелі пайдалануға арналған кортикостероидтар
H02ABГлюкокортикоидтар
H02AB02Дексаметазон4 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
H02AB06Преднизолон30 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
MСүйек-бұлшықет жүйесі
M01Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AСтероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар
M01AEПропион қышқылының туындылары
M01AE01Ибупрофен100 мг/5 мл 100 мл ішке қабылдауға арналған суспензияқұты
M01AE03Кетопрофен100 мг/2 мл инъекцияға арналған ерітінді; қаптамамен қапталған 100 мг таблетка; 50 мг капсула;ампула/таблетка
M03Миорелаксанттар
M03AШетке әсер ететін миорелаксанттар
M03ABХолин туындылары
M03AB01Суксаметоний хлориді0,1 г/5 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
NЖүйке жүйесі
N01Анестетиктер
N01AЖалпы жансыздандыруға арналған препарат
N01AHАпиындық анальгетиктер
N01AH01Фентанил2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,005%ампула
N01AXЖалпы жансыздандыруға арналған басқа да препарат
N01AX10Профол1 мг/мл 20 мл тамыр ішіне енгізуге арналған эмульсияампула
N01BЖергілікті жансыздандыруға арналған препараттар
N01BAАминобензол қышқылы эфирлері
N01BA02Прокаин5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 0,5%ампула
N01BBАмидтер
N01BB02Лидокаин2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%ампула
N02Анальгетиктер
N02AАпиындар
N02AAАпиынның табиғи алкалоидтары
N02AA01Морфин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
N02ABФенилпиперидин туындылары
N02ABТримеперидин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2%ампула
N02AXБасқа да апиындар
N02AX02Трамадол2 мл инъекцияға арналған ерітінді, 5 %ампула
N02BАнальгетиктер және антипиретиктер
N02BAСалицил қышқылы және оның туындылары
N02BA01Ацетилсалицил қышқылытаблетка, 500 мгтаблетка
N02BEАнилидтер
N02BE01Парацетамол500 мг таблетка; 80 мг тік ішек суппозиториилері, 100 мг,250 мг, ішке қабылдауға арналған суспензия 120 мг/5 мл 100 млтаблетка/суппозитории /суспензия
N03Эпилепсияға қарсы препараттар
N03AGМай қышқылдарының туындылары
N03AG01Вальпров қышқылы100 мг/мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
N05Психолептиктер
N05BАнксиолитиктер
N05BAБензодиазепин туындылары
N05BA01Диазепам5 мг/мл 2 мл бұлшықет және вена ішілік инъекцияға арналған ерітіндіампула
RТыныс алу жүйесі
R03Бронх демікпесін емдеуге арналған препараттар
R03AТамақты булауда қолдануға арналған симпатомиметиктер
R03ACСелективті бета-2-адреномиметиктер
R03AC02Сальбутамол100 мкг/мөл. 200 мөл.тамақты булауға арналған аэрозольқұты
R03AKАнтихолинергиялық препараттарды қоспағанда кортикостероидтармен немесе басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланылатын симпатомиметиктер
R03AK03Демікпеге қарсы заттар, демікпеге қарсы басқа да заттармен бірлесіп қолданлатын адренергиялық заттар (тыныс алу жолдарының обструктивті ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттармен бірлесіп пайдаланатын фенотерол)20 мл булауға арналған ерітіндіқұты
R03BБронх демікпесін емдеуге арналған тамақты булауда пайдаланылатын басқа да препараттар
R03BАГлюкокортикоидтар
R03BА02БудесонидТамақты булауға арналған мөлшерленген суспензияқұты
R03DЖүйелі пайдалануға арналған бронх демікпесін емдейтін басқа да препараттар
R03DAКсантин туындылары
R03DA05Аминофиллин5 мл инъекцияға арналған ерітінді, 2,4%ампула
R06Жүйелі пайдалануға арналған антигистаминді препараттар
R06AAАминоалкильді эфирлер
R06AA02Дифенгидрамин1 мл инъекцияға арналған ерітінді, 1%ампула
R06ACЭтилендиамин алмастырғыштар
R06AC03Хлоропирамин20 мг/мл 1 мл инъекцияға арналған ерітіндіампула
R07Тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
R07ABАммиак20 мл, 40 мл ерітінді, 10%құты
VБасқа да препараттар
V03Басқа да әртүрлі препараттар
V03ABАнтидоттар
V03AB06Натрий тиосульфаты10 мл инъекцияға арналған ерітінді, 30%ампула
V03 АВ15Налоксон0,04% инъекцияға арналған ерітіндіампула

Медициналық бұйымдар

№ММБ атауыСанитариялық көлік үшін
А класыВ класыС класы
1Фонарь+++
2Байланыс құралы (рация)+++
3Өрт сөндіргіш+++
4Медициналық құжаттама (пациент туралы ақпаратты берудің есептік нысандары)+++
5Матаны қиюға арналған қайшы+++
6Автоматты қыстырғышы бар қысатын жгут+++
7Бір реттік пайдаланылатын шприцтер 2,0; 5,0; 10,0; 20,0+++
8Венаішілік енгізуге арналған бір реттік пайдаланылатын система+++
9Стерильденбеген қолғаптар+++
10Стерильденген қолғаптар+++
11Терапиялық жарық шпатель+++
12Бір реттік пайдаланылатын маскалар+++
13Бұластыр+++
14Сантиметрлік таспа+++
15Стетоскоп+++
16Фонедоскоп+++
17Тонометр+++
18Дене қызуын анықтауға арналған электрондық термометр+++
19Триаждау/іріктеу кезінде пациенттерге арналған ұяшықтар++
20Несептік катетер+++
21Медициналық көмектің жиналмалы сөмкесі+++
22Бір реттік пайдаланылатын ақжайма+++
23Медициналық кленка – 1 метр+++
24Катетері бар, бір реттік пайдаланылатын, стерильденген венаішілік канюля (өлшемі 16, 18, 20, 22, 24)+++
25Бір реттік пайдаланылатын, стерильденген көбелек тәріздес ине 23,24+++
26Спиртті мақта және/немесе салфеткалар (саны қажеттілік бойынша)+++
27Дезинфекциялаушы затқа малынған майлықтар+++
28Несептегі ақуызды анықтауға арналған тест-жолақшалар++
29Ларингеальді бетперде+
30Ауа жібергіштер жиынтығы+++
31Ересектер мен балаларға арналған бір реттік пайдаланылатын оттекті маскалар+++
32Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған кеуекті сүйектерді канюляциялау жиынтығы (шприц – пистолет немесе дәрілік препараттарды сүйек ішіне енгізу жүйесі бар сүйек ішіне енгізуге арналған канюляны орналастырудың басқа да құрылғылары)+
33Эндотрахеальдық түтіктер++
34Ауызкергіш++
35Тілқышқыш++
36Коникотомиялық жиынтық++
37ЭКГ жасауға арналған жағылатын гель+++
38Дәкелер (стерильденген, стерильденбеген)+++
39Қан тоқтатқыш жгут+++
40Хладоэлемент (спорттық және бұқаралық іс-шараларға қызмет көрсету үшін)+
41Анатомиялық пинцет++
42Таңу материалына арналған қайшы+++
43Қатты және (немесе) пневматикалық және (немесе) ваккумды шиналардың жиынтығы (балалар мен ересектерге арналған). Иммобилизациялайтын жағалар жиынтығы.++
44Жиынтықтағы босандыру пакеті (акушерлік жиынтық, кіндікке салуға арналған қапсырма)++
45Термо көрпе++
46Құсық массасына арналған пакет+++
47Жиынықтағы 1 типті обаға қарсы костюм (бір реттік)+++
48А класының қалдықтарына арналған пакет+++
49Б класының қалдықтарына арналған пакет+++
50Өткір құралдарды жинауға арналған В класының сыйымдылық контейнері (қауіпті қалдықтар) (бір реттік) 250мл+++
51Жанэ бір реттік пайдаланылатын шприці+++
52Бір реттік пайдалануға арналған барлық өлшемдердегі асқазан сүңгісі+++
53*Базалық жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуге арналған аппаратураның чемодандағы немесе рюкзактағы жиынтығы (қосымша оксигенацияны қосу мүмкіндігі бар тыныс алу қапшығы (қаптар) немесе ересектердің, 1 жастан асқан балалардың өкпесіне жасанды желдету жүргізуге арналған ӨЖЖ Автоматты аппараты; механикалық жетегі және аспаптар жиынтығымен оттегі көзі бар аспиратор)+
54*Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосалқы желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқаратын және қосалқы жасанды желдету аппараты; оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған жүйе жиынтығы маска мен түтікше (ересектер мен балалар); бір рет қолданылатын тыныс алу контурына арналған сүзгіштер жиынтығы (балалар мен ересектер)+
55*Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға арналған оттегі көзі бар көлік платформасында орналасқан, өкпені жасанды және қосымша желдету режимдері бар жедел медициналық көмекке арналған өкпені портативті басқарылатын және қосымша жасанды желдету аппараты; оттегі көздерін ауыстырып қосу кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жұмыс газына арналған кемінде екі кірісі бар; оттегі ингаляциясына арналған жүйе жиынтығы маска мен түтікше (ересектер мен балалар), тыныс алу Контурына арналған сүзгілердің жиынтығы бір реттік (балалар мен ересектер), кіріктірілген немесе сыртқы волюметриялық блок+
56*Ересектер мен балаларға арналған электродтары бар, дыбыстық кеңестерімен дербес қоректенуі бар герметикалық соққыға төзімді корпуста автоматты сыртқы дефибриллятор+
57*Көліктік дефибриллятор-монитор++
58Электрокардиограф++
59Автоматты режимі бар үш арналы электрокардиограф (дисплейдің болуы, 12 бұрылыстың синхрондық жазбасы, үш бұрылыстан немесе одан да көп графикалық бейнеленуі, электрокардиограмманы кейіннен сигналды қосымша өңдей отырып, компьютерге қосу мүмкіндігімен жаңғырту)+
60*Көліктік реанимациялық-анестезиологиялық монитор (3-ші бөлікте ЭКГ мониторингілеу; артериялық қысымды, капнометрияны, пульсоксиметрияны, температураны инвазивті емес өлшеу функцияларымен; деректерді компьютерге көшіру мүмкіндігімен қоса орнатылған принтермен)+
61Жүрек-өкпе реанимациясына арналған электромеханикалық аспап+
62Ересек және балалар датчиктерімен жиынтықта көліктік портативті пульсоксиметр+++
63*Көліктік электр сорғыш++
64Пациенттерді бекітуге арналған жұлын тақтасын, алмалы-салмалы аспаптар үстелін, ересек және педиатриялық белдіктерді орналастыруға арналған қуысы бар арба-сырғытқы+
65Жұлын тақтасын орналастыруға арналған қуысы бар, алмалы-салмалы құрал үстелімен, ересек және педиатриялық белдіктермен пациенттерді бекітуге арналған, көктамыр ішіне инфузия жүргізуге арналған телескопиялық штативі бар арба-сырғытқы+
66Жұлын тақтасын орналастыруға арналған орны, алмалы-салмалы аспаптар үстелі, ересектердің белдіктері және пациенттерді бекітуге арналған педиатриялық, интубация жүргізуге арналған реттелетін көктамыр ішіне инфузия жүргізуге арналған телескопиялық штатив, электримпульстік терапия жүргізуге арналған диэлектрлік материалдан жасалған төсемі бар сырғытқы - арба+
67Тасымалдауға арналған кемінде төрт жұп қаламы бар, науқасты бекітуге арналған арқандары (белдіктері) бар, науқасты отыратын жағдайда тасымалдауға арналған қақпақтары бар санитариялық қаңқасыз зембілдер (өлшемі 170 см х 70 см кем емес)+++
68Тест-жолақтар, скарификаторлар жиынтығы бар портативті қандағы глюкоза концентрациясының экспресс-өлшеуіші++
69Рентген сәулелері мен магниттік өрістер үшін өтетін, көлемі 182 см х 40,5 см кем емес, 4 деңгейдегі бекіткіш белдіктері бар басын бекітуге арналған құрылғысы бар жұлын қалқаны++
70*Жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған чемоданда немесе рюкзактағы реанимациялық жиынтық++
71Жедел медициналық көмек көрсетуге арналған күйікке қарсы жиынтық (стерильдеген күйікке қарсы таңғыштар, Термо көрпе, күйікке қарсы жергілікті қолдану құралдары (гель, аэрозоль)++
72Еденге орнату және зембілдерге бекіту мүмкіндігі бар құймаларға арналған жиналмалы штатив++
73Портативті компрессорлық небулайзер (ингалятор)++
74*Өкпені жасанды желдету аппаратын қосу мүмкіндігі бар оттекті (оттегі-ауа) және аэрозольды терапия жүргізуді қамтамасыз етуге арналған оттегі көлемі 2 л кем емес екі газды оттекті баллонынан кем емес редуктор-ингалятор+++
75*Вентилі 2 данадан кем емес, баллонға редукторы бар оттегіге немесе газ тұндырғыш аппаратураның пневможектендірілуін қамтамасыз ететін оттегінің өзге көзіне арналған көлемі 10 л газ баллоны++
76Инфузиялық ерітінділердің температурасын автоматты ұстап тұратын 6 құтыға термооқшаулағыш контейнер немесе 12 құтыға бір контейнерге++
77Вакуумды матрас (қажет болған кезде)++
78Шокқа қарсы костюм+

*- бұйымды санитариялық автокөлік қабырғасына орналастыруды қамтамасыз ететін өндіруші зауыт әзірлеген бекіткіші болуы тиіс. Зарядтау қажеттілігі бар электр бұйымдары үшін - санитариялық автокөлік қабырғасындағы зарядтау үшін бекітпеге орнатылған ажыратқыш.

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-113 бұйрық, ҚР ДСМ-113-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-113, жүз он үшінші бұйрық, ҚР ДСМ-113 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.