Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-116 бұйрық (28.08.2019): толық мәтін және скачать

Жаңа

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға 2019-2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № ҚР ДСМ-116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 тамызда № 19301 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-116
Қабылданған күні
28.08.2019
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. 2019-2020 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2019-2020 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

МинистрЕ. Биртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № ДСМ-116 бұйрығына қосымша

2019-2020 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

№Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
Резидентура
1."С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы368Балалар онкологиясы және гематологиясы8
Сәулелік терапия6
Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы4
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары4
Психиатрия, соның ішінде балалар психиатриясы50
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы18
Жалпы хирургия15
Педиатрия14
Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы10
Неонатология19
Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы15
Терапия30
Клиникалық фармакология10
Дене медицинасы және оңалту14
Отбасылық медицина151
2."Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы145Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы11
Жалпы хирургия3
Психиатрия, соның ішінде балалар психиатриясы19
Педиатрия15
Неонатология8
Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы15
Терапия10
Клиникалық фармакология10
Отбасылық медицина54
3."Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы261Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы7
Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы3
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары16
Психиатрия, оның ішінде балалар психиатриясы20
Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы12
Жалпы хирургия10
Педиатрия6
Неонатология12
Неврология, оның ішінде балалар неврологиясы20
Дене медицинасы және оңалту5
Отбасылық медицина150
4."Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы167Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы3
Сәулелік терапия3
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары6
Психиатрия, соның ішінде балалар психиатриясы20
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы5
Жалпы хирургия18
Педиатрия8
Неонатология9
Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы7
Терапия10
Отбасылық медицина60
Жедел кезек күттірмейтін медициналық көмек18
5."Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы194Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы9
Сәулелік терапия3
Психиатрия, соның ішінде балалар психиатриясы10
Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы4
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары12
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы11
Жалпы хирургия6
Педиатрия12
Неонатология11
Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы10
Дене медицинасы және оңалту14
Клиникалық фармакология6
Терапия10
Отбасылық медицина76
6."Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" акционерлік қоғамы75Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы15
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары3
Психиатрия, соның ішінде балалар психиатриясы10
Жалпы хирургия5
Педиатрия3
Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы5
Дене медицинасы және оңалту10
Клиникалық фармакология6
Неонатология3
Отбасылық медицина15
7."Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" акционерлік қоғамы141Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары15
Жалпы хирургия5
Педиатрия5
Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы7
Терапия10
Отбасылық медицина99
8."Қазақстан-Ресей медицина университеті" мемлекеттік емес білім беру мекемесі38Психиатрия, соның ішінде балалар психиатриясы11
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы6
Педиатрия6
Отбасылық медицина15
9."Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ–Түрік халықаралық университеті" мекемесі80Жалпы хирургия2
Педиатрия5
Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы3
Отбасылық медицина70
10."Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" акционерлік қоғамы4Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы4
11."Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамы5Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы5
12."University Medical Center" корпоративтік қоры22Балалар онкологиясы және гематологиясы4
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы3
Неонатология10
Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы5
БАРЛЫҒЫ15001500
Докторантура
1."С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы31Медицина (ғылыми-педагогикалық)25
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)3
Фармация (ғылыми-педагогикалық)3
2."Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы18Медицина (ғылыми-педагогикалық)14
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)4
3."Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы5Медицина (ғылыми-педагогикалық)4
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)1
4."Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы22Медицина (ғылыми-педагогикалық)17
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)5
5."Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы22Медицина (ғылыми-педагогикалық)17
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)5
6."Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" акционерлік қоғамы24Медицина (ғылыми-педагогикалық)16
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)8
7."Қазақ медициналық университеті "Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі17Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)17
8."Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ–Түрік халықаралық университеті" мекемесі5Медицина (ғылыми-педагогикалық)4
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)1
9.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын16Медицина (ғылыми-педагогикалық)9
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)7
барлығы160160

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-116 бұйрық, ҚР ДСМ-116-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-116, жүз он алтыншы бұйрық, ҚР ДСМ-116 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.