Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-120 бұйрық (29.08.2019): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 тамызда № 19317 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-120
Қабылданған күні
29.08.2019
Актіні өзгерту күні
07.04.2023
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ережесі, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) және 98) тармақшаларына сәйкес және Қарағанды облысы үшін пилоттық жобада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды апробациялау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9108 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2014 жылғы 29 мамырда № 104 (27725) жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру Стандартында :

4 - 7-тараулар алып тасталсын;

2) Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.10.2020 № ҚР ДСМ-116/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.10.2020 № ҚР ДСМ-116/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

МинистрЕ. Биртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-120 бұйрығына қосымша

Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ережесі, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары

Ескерту. Қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.10.2020 № ҚР ДСМ-116/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-120 бұйрық, ҚР ДСМ-120-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-120, жүз жиырмасыншы бұйрық, ҚР ДСМ-120 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.