Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-7/2020 бұйрық (31.01.2020): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 ақпанда № 19966 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-7/2020
Қабылданған күні
31.01.2020
Актіні өзгерту күні
23.09.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі
  2. Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2020 № ҚР ДСМ-108/2020 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 89) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық-әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріЕ. Биртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7/2020 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21сәуірдегі № 367 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі

№АуруларАХЖ 10 кодтары
1ТуберкулезA15-A19;
2Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруB20-B24;
3Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозыВ18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74;
4Қатерлі ісіктерС00-97; D00-09; D37-48;
5Қант диабетіE10-E14;
6Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуыF00-F99;
7Балалардың церебралдық параличіG80;
8Миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай)I21, I22, I23;
9РевматизмI00-I02; I05-I09; M12.3; M35.3;
10Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануларыM30-M36;
11Нерв жүйесінің дегенерациялық ауруларыG30-G32;
12Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші ауруларыG35-G37;
13"Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығымен айқындалған орфандық аурулар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11511 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған)В55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0- E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81

Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

№АуруларАХЖ-10 кодтары
1Адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру (АИВ)B20-B24;
2Геморрагиялық қызбаА90-А99;
3ДифтерияА36;
4Менингококтік жұқпаА39;
5ПолиомиелитА80;
6МерезА50-А53.9
7АлапесА30;
8Безге кВ50-54;
9КүйдіргіА22;
10ТуляремияА21;
11ТуберкулезА15.0- А19;
12ТырысқақА00;
13ОбаА20;
14Іш сүзегіA01.0.
15Жіті вирустық гепатитВ 15; 16; 17;
16Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуыF06.0-F06.3, F06.8-F07.9, F10.2-F10.8, F11.2-F11.8, F12.2-F12.8, F13.2-F13.8, F14.2-F14.8, F15.2-F15.8, F16.2-F16.8, F18.2-F18.8, F19.2-F19.8, F20.0-F20.2, F22, F30.2, F31.2, F31.4-F31.5, F32.2-F32.3, F33.2-F33.3, F60.0-F60.3, F70-F79, F91.1-F91.3;
17Анықталмаған локализациядағы коронавирустық инфекцияВ 34.2

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-7/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-7/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-7/2020, жетінші бұйрық, ҚР ДСМ-7/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.