"Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № ҚР ДСМ-43/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 мамырда № 20556 болып тіркелді.
- Бұйрық нөмірі
- ҚР ДСМ-43/2020
- Қабылданған күні
- 30.04.2020
- Актіні өзгерту күні
- 07.10.2026
- Мәртебесі
- Жаңартылған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
- "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
- 1-тарау. Жалпы ережелер
- 2-тарау. "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
- "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесі
- Тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға өтініш
- Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына өтініш
- Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына өтініш
- Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
- Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия
- Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияға қосымша
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.02.2022 № ҚР ДСМ-10 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.02.2022 № ҚР ДСМ-10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | Е. Биртанов |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 30 сәуірдегі 2020 жылғы № ҚР ДСМ-43/2020 бұйрығымен бекітілген |
"Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.06.2023 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 12) тармақшасына , "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетеді.
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылңан.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.
Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензиялар Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы бір рет өтуге беріледі.
Біржолғы лицензияның иесі оның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның орындалуы туралы анықтаманы (еркін нысанда) ұсынады.
6. Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының төлем шлюзі арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
7. Көрсетілетін қызметті алушылар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды және мәліметтерді ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды және мәліметтерді тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі-сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен:
"трансплантология: ағзалардың трансплантологиясы (ағзалардың бөліктері)", "тіндердің трансплантологиясы (тіндердің бөліктері)", "консервіленген мөлдірқабық тінінің трансплантологиясы", "гематология", "қан дайындау" мамандықтары бойынша медициналық қызметке лицензия және лицензияға қосымшалар туралы;
көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
сервис арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алым сомасын (оның ішінде лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын қайта ресімдеу не алу жағдайлары үшін) төлеу туралы;
адамның ағзаларын (орган бөлігін) және (немесе) тіндерін (ұлпа бөлігін), қанын және оның компоненттерін транспланттау мәселелері жөніндегі халықаралық шартты Қазақстан Республикасы ратификациялау туралы мәліметтер алады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Тізбедегі 8 - тармағында көрсетілген құжаттарды және мәліметтерді порталға тапсырған сәттен бастап:
адам тіндерін қан мен оның компоненттерін әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде-3 (үш) жұмыс күні;
адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде-1 (бір) жұмыс күні.
10. Көрсетілетін қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық мониторинг жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді:
адам тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде құжаттарды және мәліметтерді тапсырған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде құжаттарды және мәліметтерді тапсырған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 1 жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қарауға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін түрде) береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңның 25-бабы 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімін қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
13. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қағидаларға 1- қосымша |
"Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 07.10.2026 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| 1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру. |
| 2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (болған кезде) атауы | жоқ |
| 3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті |
| 4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері | "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) |
| 5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзімі | адам тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде – 3 (үш) жұмыс күні; адам ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күн. |
| 6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
| 7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесі | 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге адам ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкетуге лицензия; 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде дәлелді бас тарту. |
| 8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері. | Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау ұйымдарына ақылы көрсетіледі, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензиялық алым алынады. |
| 9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі | 1) көрсетілетін қызметті беруші-демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 08.00-ден 17.30-ға дейін; 2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
| 10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар және мәліметтер тізбесі: 1. Адам ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін адамның ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тіннің бөлігін) ішкі тұтыну үшін экспорттың немесе шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырған жағдайларда медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес "трансплантология: ағзалар (ағзалардың бөліктері) трансплантологиясы", "тіндер (тіндердің бөліктері) трансплантологиясы", "консервіленген мөлдірқабық тінінің трансплантологиясы", "гематология" мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынады: 1) денсаулық сақтау ұйымдарында транспланттау қажет болған кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; 2) қажет болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулерді: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды; сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық түрде көшірмесі; адам ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) әкелу немесе әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі; 3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде: Осы Тізбеге қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық түріндегі көшірмесі; адам ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) әкелу немесе әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі. 2. Адам ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес "трансплантология: ағзалар (ағзалардың бөліктері) трансплантологиясы", "тіндер (тіндердің бөліктері) трансплантологиясы", "консервіленген мөлдірқабық тінінің трансплантологиясы", "гематология" мамандығы бойынша қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы адам ағзаларын (ағзаларының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) экспорттың немесе ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырған жағдайларда ұсынады: 1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде жүрген: Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде адам ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бір бөлігін) экспорттың немесе кедендік шығарудың рәсімдерімен орналастыру жағдайларында: осы Тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; 2) қажет болған кезде диагностикалық зерттеулерді: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық түрдегі көшірмесін; адам ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) әкелу немесе әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесін; 3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық түріндегі көшірмесі; адам ағзаларын (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) әкелу немесе әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі; 4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда: осы Тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; 3. Қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және әкету үшін, "қан дайындау" қызметі мамандығы бойынша медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынады: 1) Осы Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған кезде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; 2) Қазақстан Республикасына шегінен тысқары жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматына, сондай-ақ шетелде тұратын реципиенттерге медициналық көмек көрсету қажет болған кезде: қан мен оның компоненттерін әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі. 3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасы азаматтарының жақын туыстары мен жұбайларына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде: қан мен оның компоненттерін әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі. 4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда: осы Тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; 5) Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету мақсатында шетелдік өндірушінің зауыттарында плазмалық қан препараттарын өндіру үшін Қазақстан Республикасының қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан компоненттерін шетелге жіберген кезде (келісімшарттық фракциялау): осы Тізбеге сәйкес электрондық құжатпен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші; сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың электрондық түрде көшірмесі; қан мен оның компоненттерін әкету мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға уәкілетті үшінші елдердің мемлекеттік органдары рұқсатының электрондық көшірмесі. |
| 11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер | 1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) лицензиялық алымның енгізілмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмегені; 4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған жағдайда; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған; 7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау. |
| 12 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | 1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтанба болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің kmk@dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. 4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс. 5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777. |
| "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымша | ||
| нысан |
Тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға өтініш
Уәкілетті орган
| 1. Лицензияның № | 2. Қолданыс кезеңі – бастап – дейін | |
| 3. Лицензияның типі ЭКСПОРТ | 4. Келісімшарт ____ жылғы № ___ | |
| 5. Өтініш беруші | 6. Сатып алушы | |
| 7. Жөнелтілетін елі | 8. Сатып алушының елі | |
| 9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
| 12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
| 15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
| 16. Қосымша ақпарат | ||
| 17. Лицензия беру үшін негіздеме | 18. Уәкілетті тұлға Т.А.Ә (бар болса) Лауазымы Қолы және мөрі, күні | |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына өтініш
Уәкілетті орган
| 1. Лицензияның № | 2. Қолданыс кезеңі – бастап – дейін | |
| 3. Лицензияның типі ИМПОРТ | 4. Келісімшарт ____ жылғы № ___ | |
| 5. Өтініш беруші | 6. Сатушы | |
| 7. Жөнелтілетін елі | 8. Сатушының елі | |
| 9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
| 12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
| 15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
| 16. Қосымша ақпарат | ||
| 17. Лицензия беру үшін негіздеме | 18. Уәкілетті тұлға Т.А.Ә (бар болса) Лауазымы Қолы және мөрі, күні | |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына өтініш
Уәкілетті орган
№ лицензияға қосымша
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| Барлығы парақ | Парақ № | 18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы Т.А.Ә. (бар болса) Лауазымы Телефоны | |
| Қолы және мөрі | Күні | ||
| "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша | |||
| нысан | |||
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
Уәкілетті орган
| 1. Лицензияның № | 2. Қолданыс кезеңі – бастап – дейін | |
| 3. Лицензияның типі ЭКСПОРТ | 4. Келісімшарт ____ жылғы № ___ | |
| 5. Өтініш беруші | 6. Сатып алушы | |
| 7. Жөнелтілетін елі | 8. Сатып алушының елі | |
| 9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
| 12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
| 15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
| 16. Қосымша ақпарат | ||
| 17. Лицензия беру үшін негіздеме | 18. Уәкілетті тұлға Т.А.Ә (бар болса) Лауазымы Қолы және мөрі, күні | |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия
Уәкілетті орган
| 1. Лицензияның № | 2. Қолданыс кезеңі – бастап – дейін | |
| 3. Лицензияның типі ИМПОРТ | 4. Келісімшарт ____ жылғы № ___ | |
| 5. Өтініш беруші | 6. Сатушы | |
| 7. Жөнелтілетін елі | 8. Сатушының елі | |
| 9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
| 12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
| 15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
| 16. Қосымша ақпарат | ||
| 17. Лицензия беру үшін негіздеме | 18. Уәкілетті тұлға Т.А.Ә (бар болса) Лауазымы Қолы және мөрі, күні | |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияға қосымша
Уәкілетті орган
№ лицензияға қосымша
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
| Құны | |||
| Барлығы парақ | Парақ № | 18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы Т.А.Ә. (бар болса) Лауазымы Телефоны | |
| Қолы және мөрі | Күні | ||
| "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша | |||
| нысан | |||
| [Көрсетілетін қызметті берушінің атауы қазақ тілінде] | [Көрсетілетін қызметті берушінің атауы орыс тілінде] | ||
| [Нөмері] | [Берілген күні] | ||
| Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту | |||
| [Көрсетілетін қызметті алушының атауы], Сіздің [күні] [өтініш нөмірі] тіркелген өтінішіңізді қарап мынаны хабарлайды. [Хат мәтіні] | |||
| [Қол қоюшының лауазымы] [Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)] | |||
Түпнұсқадағы суреттер, кестелер және скан (2)
TXT файлы мәтіндік бөлікті қамтиды. Көрнекі бөліктер ресми дереккөзден ашылады.
Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-43/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-43/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-43/2020, қырық үшінші бұйрық, ҚР ДСМ-43/2020 бұйрық скачать.