Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-109/2020 бұйрық (23.09.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21262 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-109/2020
Қабылданған күні
23.09.2020
Актіні өзгерту күні
07.08.2025
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 88-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.08.2025 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі бекітілсін.

2. "Динамикалық байқау жүргізілетін науқастардың созылмалы аурулар тізбесін, медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілетін әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесін, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика тізбесін, инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулар мен шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың жекелеген санаттары тізбесін, алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру еміне жататын аурулар (жай-күйлер) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № ҚР ДСМ-136 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 18 қазанда № 19484 тіркелген, 2019 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына қосымша

Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі

Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.08.2025 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№Cозылмалы аурулардың тізбесіАурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі (10 қайта қарау) бойынша кодтар
1. Инфекциялық және паразитарлық аурулар
1.В және С және Д вирусты созылмалы гепатит, бауырдың циррозынсызB18, В18.0, B18.1. B18.2, B18.8 қоса алғанда
2. Қанайналым жүйесінің аурулары
2.Артериялық гипертензия:
2.1. Эссенциалды (бастапқы) гипертензияI10
2.2. Жүректің гипертензиялық ауруы (жүректі басымырақ зақымдайтын гипертониялық ауру)I11
2.3. Бүйректерді басымырақ зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауруI12
2.4. Жүрек пен бүйректі басымырақ зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауруI13
2.5. Екінші гипертензияI15
3.Жүректің ишемиялық ауруы:
3.1. Жүректің тұрақсыз қыспасыI20.0
3.2. Жүрек қыспасының басқа түрлеріI20.8
3.3. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруыI25
3.4. Жүрек функциясының жеткіліксіздігіI 50
3.5. Механикалық құрылғыны имплантациялаудан кейінгі жағдайZ 95.8
4.Брахиоцефалдық артерияның экстракраниялдық аурулары:
4.1. Цереброваскулярлық ауруларI65-I69
4.2. Ми инфаргін тудырмайтын прецеребралдық артерияның бітелуі мен тарылуыI65
4.3. Ми инфаргіне əкелмейтін ми артерияларының бітелуі мен тарылуыI66
4.4. Ми-тамырлық басқа ауруларI67
4.5. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысында ми тамырлырының зақымдануларыI68
4.6. Ми-тамырлық аурулардың салдарларыI69
4.7. Қол артерияларының эмболиясы мен тромбозыI74.2
4.8. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы қолқаның қабынуыI79.1
4.9. Мидың торлы қабығының астына қан құйылуI 60
4.10. Мидың ішіне қан құйылуI 61
4.11. Бас сүйек ішіне жарақаттық емес басқа қан құйылуI 62
4.12. Ишемиялық инсультI 63
4.13. Қан құйылу немесе инфаркт ретінде анықталмаған миға қан құйылуI 64
5.Жүрек қақпақшасының зақымдануы
Жүрек қақпақшасының ревматикалық зақымдалуы:I05-I09
5.1. Қос жармалы қақпақшаның ревматикалық ауруларыI05
5.2. Қолқа қақпақшасының ревматикалық ауруларыI06
5.3. Үш жармалы қақпақшаның ревматикалық ауруларыI07
5.4. Бірнеше қақпақшалардың зақымдалуыI08
5.5. Жүректің ревматикалық басқа ауруларыI09
Жүрек қақпақшаларының ревматикалық емес зақымданулары:I34-I39
5.6. Қос жармалы қақпақшаның ревматикалық емес зақымдануларыI34
5.7. Қолқа қақпақшасының ревматикалық емес зақымдануларыI35
5.8. Үш жармалы қақпақшаның ревматикалық емес зақымдануларыI36
5.9. Өкпе артериясы қақпақшасының зақымдануларыI37
5.10. Эндокардит, қақпақша анықталмағанI38
5.11. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы эндокардит пен қақпақшалардың зақымдануларыI39
6.6.1. АритмияI47
6.2. Жүрекшелердің фибрилляциясы мен лупілдеуіI48
3. Қан және қан шығарушы ағзалардың аурулары
7.7.1. VIII фактордың тұқым қуалайтын тапшылығыD66
7.2. IX фактордың тұқым қуалайтын тапшылығыD67
7.3. Виллебранд ауруыD68.0
7.4. Ұюдың басқа факторларының тұқым қуалайтын тапшылығыD68.2
4. Тыныс алу жүйесінің аурулары
8.Төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы:
8.1. Өкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруыJ44
8.2. ДемікпеJ45
5. Ас қорыту жүйесінің ауруы
9.Жоғарғы асқазан-ішек жолдарының ауруы:
9.1. Эзофагит қабаттасқан асқазан-өңеш рефлюксіK21.0
Асқазанның және он екі елі ішек ойық жарасы 9.2. Асқазанның ойық жарасы 9.3. Он екі елі ішектің ойық жарасы 9.4. Орналасуы анықталмаған пептикалық ойық жараK25-К27 К25 К26 К27
9.5. Атрофиялық созылмалы гастритK29.4
9.6. Асқазан (полипозы) полипыK31.7
10.Инфекциялық емес энтерит және колит:
10.1. Крон ауруы (аймақтық энтерит)К50
10.2. Ойық жаралы колитК51
10.3. Инфекциялық емес гастроэнтериттер мен колиттерK52
11.Бауыр цирозы 11.1. Бауырдың уыттық зақымдануы 11.2. Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі 11.3. Басқа айдарларда жіктелмеген созылмалы гепатит 11.4. Бауыр фиброзы мен циррозы 11.5. Бауырдың басқа қабынба аурулары 11.6. Бауырдың басқа ауруларыК70-К76
К71
К72
К73
К74
К75
К76
6. Сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің ауруы
12.Артропатиялар, дорсопатиялар:
12.1. Ревматоидты артритМ 05-М 06
12.2. Басқа псориаздық артропатияларМ 07.3
12.3. Жасөспірімдердің (ювенилдік) артритіМ08
12.4. Палиндромды ревматизмМ12.3
12.5. Анкилоздаушы спондилитМ45
13.Дәнекер тінінің жүйелі түрде зақымдануы:
13.1. Түйінді полиартерит пен сол тектес жағдайларМ30
13.2. Басқа өлі еттендіруші васкулопатияларМ 31
13.3. Жүйелі қызыл жегіМ32-М32.9
13.4. ДерматополимиозитM33-М33.9
13.5. Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия)М34-М34.9
13.6. Дəнекер тіннің басқа жүйелі зақымдануыМ35
13.7. Ревматикалық полимиалгияM35.3
13.8. Дәнекер тінінің басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы жүйелі зақымдануларыМ36
7. Эндокриндік жүйенің ауруы, тамақтану бұзылыстары және зат алмасу бұзылулары
14.14.1. Ересек және балалардағы қантты диабетінің І-түріЕ 10
14.2. Инсулинтәуелсіз қантты диабетЕ11 - Е11.9
14.3. Тамақтану жеткіліксіздігімен байланысты қантты диабетЕ12
14.4. Қантты диабеттің басқа анықталған нысандарыЕ13
14.5. Анықталмаған қантты диабетЕ14
15.Қалқанша безі аурулары:
15.1. ГипотиреозЕ02
15.2. ТиреотоксикозЕ05 - Е05.9
8. Нерв жүйесінің ауруы
16.Нерв жүйесінің басқа дегенерациялық ауруларыG30-G32
17.Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші ауруларыG35-G37
18.ЭпилепсияG 40
19.Балалардың церебралдық параличіG 80
9. Несеп-жыныс жолдарының аурулары
20.Гломерулярлық аурулар:
20. 1. Бүйректің созылмалы қабыну синдромыN03
20.2. Нефроздық синдромN04
20.3. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіN18
20.4. Бүйрек зақымдануының соңғы сатысыN18.0
20.5. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің басқа көріністеріN18.8
21.Бүйректің созылмалы түтік-интерстициалдық қабынуыN11
22.Қуық асты безінің гиперплазиясыN40
23.Сүт безінің қатерсіз дисплазиясыN60
24.Əйелдер жыныс ағзаларының қабынба емес аурулары:
24.1. ЭндометриозN80
24.2. Əйелдер жыныс ағзаларының түймешігіN84
24.3. Жатыр денесінің сілемейлі қабығының без тінді гиперплазиясыN85.0
24.4. Жатыр денесінің сілемейлі қабығының без тінді гиперплазиясыN85.1
24.5. Жатыр мойнының жалақ жарасы мен эктропионыN86
24.6. Жатыр мойны сілемейлі қабықтарындағы ақшыл дақтарN88.0
24.7 Анабездің қатерсіз өспесіD27
10. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жеке жағдайлар:
25.Бронх-өкпенің перинаталдық кезеңде пайда болған дисплазиясыР27.1
11. Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері), деформациялар мен хромосомалық бұзылулар (балалар)
26.Операциядан кейінгі туа біткен жүрек ақаулары:
26.1. Жүрек камералары мен қосылыстарының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)Q20
26.2. Жүрек қалқасының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)Q21
26.3. Өкпе жəне үш жармалы қақпақшалардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)Q22
26.4. Қолқа жəне қос жармалы қақпақшалардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)Q23
26.5. Жүректің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)Q24
26.6. Ірі артериялардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)Q25
27.Өңештің туабіткен ақаулары:
27.1. Өңештің туа біткен ауытқуларыQ39
27.2. Аноректальдың туабіткен ақауларыQ42
27.3. Туабіткен диафрагмалық жарықQ79

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-109/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-109/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-109/2020, жүз тоғызыншы бұйрық, ҚР ДСМ-109/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.