Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-118/2020 бұйрық (08.10.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 қазанда № 21399 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-118/2020
Қабылданған күні
08.10.2020
Актіні өзгерту күні
10.07.2023
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы бекітілсін.

2. "Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11421 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 8 қазаны № ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығымен бекітілген

Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

Ескерту. Қобдишаның құрамы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.07.2023 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№АтауыСаны
1.Дәкелі бинттер 5 м х 10 см (стерильденген)2 дана
2.Дәкелі бинттер 5 м х 10 см (стерильденбеген)2 дана
3.Дәкелі бинттер 7 м х 14 см (стерильденбеген)2 дана
4.Таңу пакеті (стерильденген)1 дана
5.Бактерицидті жапсырма5 дана
6.Медициналық жапсырма1 дана
7.Серпімді құбырлы бинт № 11 дана
8.Серпімді құбырлы бинт № 31 дана
9.Серпімді құбырлы бинт № 61 дана
10.Медициналық қолғаптар (стерильденбеген)6 дана
11.Доғал ұшты, металл қайшылар1 дана
12."Ауыз - құрылғы - ауыз" жасанды тыныс алуға арналған құрылғы ("Ауыз - маска" өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы)1 дана
13.Таңуға арналған косынка-бандаж1 дана
14.Құтқару көрпесі (термиялық көрпе)1 дана
15.Жылдам мұзы бар пакет - гипотермиялық бір реттік пайдалануға арналған1 дана
16.Ысқырғыш1 дана
17.Фонарь (2 қосалқы батареямен)1 дана
18.Қобдишаға арналған футляр (былғары алмастырғыш)1 дана
19.Блокнот1 дана
20.Қарындаш1 дана
21.Ылғал майлықтар (антисептикалық)1 бума
22.Қысқыш1 дана

Ескертпе: Жеке алғашқы медициналық көмек қобдишалары жеке қажеттіліктер мен тілектерге сәйкес пайдаланушының қалауы бойынша толықтырыла алады.

Өнеркәсіптік объектілерде дәрі қобдишасының құрамы қолдану жөніндегі нұскаулықты қоса бере отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларға (қышқыл, сілті, фосфор, әк және басқалар) байланысты зардеп шеккен адамның денесінің зардап шеккен аймағын шұғыл өңдеуге арналған құралдармен (антидоттармен) толықтырылады.

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-118/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-118/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-118/2020, жүз он сегізінші бұйрық, ҚР ДСМ-118/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.