Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-121/2020 бұйрық (09.10.2020): толық мәтін және скачать

Жаңа

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін және медициналық көмектің көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21407 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-121/2020
Қабылданған күні
09.10.2020
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі
  2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің көлемі
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 83-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдарға медициналық көмектің көлемі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 9 қазаны № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығына 1- қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

Реттік саныАурулардың атауыАурулардың халықаралық жіктелуі бойынша коды
1ДифтерияА 36
2ҚызылшаБ 05
3ҚызамықБ 06
4КөкжөтелА 37
5СкарлатинаА 38
6Жел шешегіБ 01
7Эпидемиялық паротитБ 26
8А, В, С ПаратифтеріА 01.1; А 01.2; А01.3
9ПолиомиелитА 80
10Менингококк инфекциясыА 39
11ТырысқақА 00
12Іш сүзегіА 01.0
13Туберкулез (қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін бактерио бөлетін өкпе туберкулезі; науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға қол жеткізгенге және қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін туберкулездің жіті үдемелі түрлері (менингит, милиарлық туберкулез))А 15-А 19
14Психикалық және мінез-құлық (аурулар) бұзылушылықтарыF00-99
15Күйдіргінің өкпелік түріA 22
16ОбаА 20
17Вирустық геморрагиялық қызбаларА 90-А99
18Сары қызбаА 95
19А, Е вирустық гепатиттеріВ 15,16,17
20БезгекВ 50-54
21Вирустың жаңа субтипінен туындаған адам тұмауыJ10.0-J11.8
22Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС)U04
23Коронавирусная инфекцияU07.1
бұйрығына 2- қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің көлемі

Реттік саныМедициналық қызметтің кодыМедициналық қызметтің атауыМедициналық көмектің көлемі
Консультациялық қабылдау
1A02.001.000ТерапевтЖылына 2 рет
2A02.002.000ПедиатрЖылына 1 рет
4A02.013.000ХирургЖылына 1 рет
5A02.020.000ИнфекционистЖылына 1 рет
6A02.023.000ОфтальмологЖылына 1 рет
7A02.012.000ГастроэнтерологЖылына 1 рет
8A02.014.000ОториноларингологЖылына 1 рет
9A02.016.000Пульмонолог6-айда 2 рет
10A02.046.000Психиатр6-айда 2 рет
11A02.074.000Рентгенолог (2 рентгенограммны оқу)6-айда 2 рет
Зертханалық диагностика
12B03.401.003Экспресс әдіспен қан құрамындағы жалпы холестеринді анықтауЖылына 1 рет
13B03.335.003Экспресс әдіспен қан құрамындағы глюкозаны анықтауЖылына 1 рет
14B02.111.002Жасаушылардың 3-сынабының дифференциалдық сыныбы бар талдаушыта қаның жалпы талдауыЖылына 1 рет
15B01.077.001Несепті қол әдісімен жалпы клиникалық зерттеу (несепті жалпы талдау)Жылына 1 рет
16B01.054.001Қақырықты талдауышта бактериологиялық зерттеу БҚ қолмен жасау әдісіменЖылына 1 рет
Ультрадыбыстық және Рентгенологиялық диагностика
17C03.008.004Кешенді ультрадыбыстық диагностика (бауыр,өт жолдары,ұйқы безі, көк бауыр, бауыр)Жылына 1 рет
18C03.019.005Кеуде құысы ағзасының шолу Рентгенографиясы (1 проекциясы)6-айда 2 рет
19C02.020.000ЭлектроэнцефалографияЖылына 1 рет
бұйрығына 3- қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

1. "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11317 болып тіркелді, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

2. "Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету қағидаларын мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 368 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11409 болып тіркелді, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

3. "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15572 болып тіркелді, 2017 жылғы 28 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

4. "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11317 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) 2-тармаққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-62 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 мамырдағы № 18637 болып тіркелді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде жарияланды).

5. "Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № ҚР ДСМ-18/2020 бұйрығы . (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 наурызда № 20143 болып тіркелді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде жарияланды).

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-121/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-121/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-121/2020, жүз жиырма бірінші бұйрық, ҚР ДСМ-121/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.