Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ — 133/2020 бұйрық (15.10.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ - 133/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21452 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ - 133/2020
Қабылданған күні
15.10.2020
Актіні өзгерту күні
29.09.2026
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.06.2022 № ҚР ДСМ-59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі – мемлекеттік норматив) бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) , 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыМ. Шоранов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 15 қазандағы
№ ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына
1-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі

Ескерту. Норматив жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.09.2026 № 124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Аудандық деңгейде:

1) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

халық саны 50 (елу) адамнан 500 (бес жүз) адамға дейінгі әрбір елді мекенде (ауылдық округте) құрылатын медициналық пункт*;

халық саны 500-ден (бес жүз) бастап 1500 (бір мың бес жүз) адамға дейінгі әрбір елді мекенде (ауылдық округте) аудандық (нөмірлік) емхана құрамында құрылатын фельдшерлік-акушериялық пункт**;

бекітілген халық саны 1 500-ден (бір мың бес жүз) бастап 5 000 (бес мың) адамға дейінгі елді мекенде (ауылдық округте) стационарлық көмек көрсететін аудандық емхананың немесе денсаулық сақтау ұйымдарының құрамында құрылатын дәрігерлік амбулатория (Отбасылық денсаулық орталығы)***;

бекітілген халық саны 5 000-нан (бес мың) бастап 30 000 (отыз мың) адамға дейінгі елді мекенде (ауылдық округте) стационарлық көмек көрсететін аудандық емхананың немесе денсаулық сақтау ұйымдарының құрамында құрылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

аудандық немесе көп бейінді орталық аудандық аурухана құрамында аудандық орталықта құрылатын аудандық емхана;

халық саны 30 000 (отыз мың) және одан жоғары болатын ауылдық елді мекендері бар аудандық аурухана жанынан құрылатын нөмірлік аудандық емхана;

аудандық орталықта аудандық немесе көпсалалы орталық аудандық аурухана құрамында құрылатын жастар денсаулық орталығы;

2) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

аудан орталығында және аудандық маңызы бар қалаларда құрылатын аудандық аурухана****;

халық саны 30 000 (отыз мың) және одан жоғары болатын ауылдық елді мекендері бар ауданда аудандық немесе көп бейінді орталық аудандық аурухана құрымында құрылатын нөмірлік аудандық аурухана;

жақын орналасқан аудандардың халқына қызмет көрсету үшін жұмыс істеп тұрған аудандық аурухана базасында құрылатын, құрамында инсульт орталығы және (немесе) тері арқылы коронарлық араласу орталығы, босандыру бөлімшесі, травматология, хирургия және медициналық оңалту, паллиативтік көмек (оның ішінде балаларға паллиативтік көмек көрсету) және мейірбикелік күтім бөлімшелері бар көпбейінді орталық аудандық аурухана*****;

3) аудандық немесе көп бейінді орталық аудандық аурухананың құрамында құрылатын орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше;

4) аудандық немесе көпсалалы орталық аудандық аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылатын орталықтандырылған зертхана;

5) жедел медициналық көмек облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылымдық бөлімшесі нысанында ұйымдастырылады;

6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары:

аудандық деңгейде құрылатын ұлттық сараптау орталығының құрылымдық бөлімшелері;

инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында құрылатын обаға қарсы станциялардың бөлімшелері;

7) медициналық оңалту ұйымдары − санаторийлік-курорттық ұйымдар, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы, медициналық ұйымдар жанынан ұйымдастырылатын оңалту бөлімшесі (төсектері).

2. Қалалық деңгейде:

1) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

бекітілген халық саны 1 500-ден (бір мың бес жүз) бастап 10 000 (он мың) адамға дейінгі аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде қалаларда қалалық емхана құрамында құрылатын дәрігерлік амбулатория (Отбасылық денсаулық орталығы)***;

бекітілген халық саны 10 000-нан (он мың) бастап 30 000 (отыз мың) адам дейінгі аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде қалаларда немесе халық саны 30 000 (отыз мың) адамнан аспайтын қалаларда қалалық аурухана құрамында құрылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

бекітілген халық саны 30 000 (отыз мың) адамнан асатын, бірақ кемінде бір қалалық емхана аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде немесе қалалық аурухана құрамында халық саны 30 000 (отыз мың) адамнан аспайтын қалаларда құрылатын қалалық емхана;

алғашқы психикалық денсаулық орталығы бекітілген халық саны 60 000 (алпыс мың) адам және одан жоғары адам болатын қалалық емханада орналасқан, оның ішінде бір немесе бірнеше жақын орналасқан амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың халқына қызмет көрсетуге арналған психикалық денсаулық орталығының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

астанада және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын стоматологиялық емхана;

астанадағы, республикалық маңызы, облыстық бар маңызы бар және аудандық маңызы бар қалаларда көпсалалы қалалық аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылатын орталықтандырылған зертхана******;

астандағы және республикалық манызы бар қалалардағы қалалық немесе көп бейінді аурухананың (клиникалық аурухана) құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылатын консультациялық-диагностикалық орталық *******;

астандағы және республикалық манызы бар қалалардағы перинаталдық орталықтың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылатын әйелдер консультациясы;

қалалық поликлиникалардың құрылымдық бөлімшесі ретінде немесе қалада, облыстық маңызы бар қалаларда әкімшілік-аумақтық бірлікке кіретін әр ауданында кемінде 1 (бір) дербес ұйым ретінде құрылатын жастар денсаулығы орталығы;

2) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

халық саны 100 000 (жүз мың) адамнан аспайтын қалаларда құрылатын қалалық аурухана;

астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және қалаларда құрылатын қызмет көрсететін халықтың саны 100 000 (жүз мың) адамнан асатын жақын орналасқан аудандардың халқына қызмет көрсетуге арналған көп бейінді қалалық аурухана;

астанада және республикалық маңызы бар қалаларда университеттік аурухана (клиника) жұмыс істейтін аумақта құрылатын қалалық клиникалық аурухана;

астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және халық саны 300 000 (үш жүз мың) мың адамнан асатын қалаларда, және құрылатын көп бейінді қалалық балалар ауруханасы;

астанада және республикалық маңызы бар қалаларда университеттік аурухана (клиника) жұмыс істейтін аумақта құрылатын қалалық клиникалық балалар ауруханасы;

астанада және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын психикалық денсаулық орталығы;

астанада және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын фтизиопульмонология орталығы;

көп бейінді ауруханалардың және (немесе) клиникалық ауруханалардың, және (немесе) университеттік ауруханалардың (клиникалардың) құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылатын тері-венерология, травматология, инсульт, ревматология, офтальмология, кардиология және кардиохирургия орталықтары;

көп бейінді ауруханалар және (немесе) клиникалық ауруханалар, және (немесе) университеттік ауруханалар (клиникалар) құрамындағы онкологиялық орталықтарды қоспағанда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын онкологиялық орталық;

қалаларда құрылатын инфекциялық аурухана және (немесе) қалалық немесе көп бейінді қалалық аурухананың (қалалық клиникалық аурухана), және (немесе) көп бейінді қалалық балалар ауруханасының (қалалық балалар клиникалық ауруханасы) жанынан ұйымдастырылатын инфекциялық бөлімше;

астанада және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын перинаталдық орталық, перзентхана және (немесе) қалалық немесе көп бейінді қалалық ауруханада (қалалық клиникалық ауруханада) ұйымдастырылатын перинаталдық орталық (акушерлік бөлімше);

астанада және республикалық маңызы бар қалаларда университеттік аурухана (клиника) жұмыс істейтін аумағында құрылатын қалалық клиникалық перинаталдық орталық;

астанада және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын қалалық кардиологиялық орталық.

3) астанада және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын жедел медициналық жәрдем станциясы;

астананы мен республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда, қалаларда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

4) медициналық оңалту ұйымдары − санаторийлік-курорттық ұйымдар, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы немесе медициналық ұйымдар жанынан ұйымдастырылатын оңалту бөлімшесі (төсектері);

5) паллиативтік көмек (оның ішінде балаларға паллиативтік көмек көрсету) және мейіргер күтімін көрсететін ұйымдар – хоспис, мейіргер күтімі ауруханасы және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының жанынан ұйымдастырылатын бөлімше, төсектер;

6) қан қызметі саласында жұмысты жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары болмаған кезде қан қызметі саласында жұмысты жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және қала халқының саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда құрылады;

7) астанада және республикалық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ халық саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда құрылатын патологиялық анатомия (цитопатология) салада қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары. Халық саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан аспайтын қалаларда қалалық немесе көп бейінді қалалық аурухана (қалалық клиникалық аурухана) құрылымында орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде құрылады;

8) астанада және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын АИТВ инфекциясы профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

9) астанада және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

10) астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және қалаларда құрылатын денсаулық сақтау саласындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары:

қалаларда құрылымдық бөлімшелері бар және астанада құрылатын ұлттық сараптау орталығы;

астанада және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын ғылыми ұйымдар;

инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында құрылатын обаға қарсы станциялар.

3. Облыстық деңгейде:

1) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

облыс орталығында құрылатын стоматологиялық емхана;

облыс орталығындағы көпсалалы облыстық аурухананың (облыстық клиникалық аурухананың) құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылатын орталықтандырылған зертхана ******;

көп бейінді облыстық аурухананың (облыстық клиникалық аурухана) құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылатын консультативтік-диагностикалық орталық *******;

облыс орталығындағы перинаталдық орталықтың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылатын әйелдер консультациясы;

2) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

облыс орталығында құрылатын көп бейінді облыстық аурухана;

облыстық клиникалық аурухана облыс орталығында құрылады, оның аумағында университеттік аурухана (клиника) жұмыс істейді;

облыс орталығында құрылатын көп бейінді облыстық балалар ауруханасы;

облыстық клиникалық балалар ауруханасы облыс орталығында құрылады, оның аумағында университеттік аурухана (клиника) жұмыс істейді;

облыс орталығында құрылатын облыстық психикалық денсаулық орталығы;

облыс орталығында құрылатын облыстық фтизиопульмонология орталығы;

тері-венерологиялық, травматологиялық, инсульттік, ревматологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық және кардиохирургиялық орталықтар көп бейінді облыстық аурухананың және (немесе) облыстық клиникалық аурухананың, және (немесе) университеттік аурухананың (клиниканың) құрылымдық бөлімшелері ретінде құрылады;

облыс орталығында құрылатын онкологиялық орталық және (немесе) көп бейінді облыстық аурухананың, және (немесе) облыстық клиникалық аурухананың, және (немесе) университеттік аурухананың (клиниканың) құрамындағы онкологиялық орталық;

облыстық орталықта құрылатын инфекциялық аурухана және (немесе) көп бейінді облыстық аурухананың (облыстық клиникалық аурухананың), және (немесе) көп бейінді облыстық балалар ауруханасының (облыстық балалар клиникалық ауруханасының) жанынан ұйымдастырылатын инфекциялық бөлімше;

облыстық орталықта құрылатын перинаталдық орталық, перзентхана және (немесе) көп бейінді облыстық ауруханада (облыстық клиникалық аурухана) жанынан ұйымдастырылатын перинаталдық орталық, перзентхана бөлімшесі;

облыстық клиникалық перинаталдық орталық облыс орталығында құрылады, оның аумағында университеттік аурухана (клиника) жұмыс істейді;

3) медициналық авиация бөлімшесін қоса алғанда, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы;

4) медициналық оңалту ұйымдары − санаторийлік-курорттық ұйымдар, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы немесе медициналық ұйымдар жанынан ұйымдастырылатын оңалту бөлімшелері (төсектері);

5) паллиативтік көмек (оның ішінде балаларға паллиативтік көмек көрсету) және мейіргер күтімін көрсететін ұйымдар – хоспис, мейіргер күтімі ауруханасы және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының жанынан ұйымдастырылатын бөлімше, төсектер;

6) қан қызметі саласында жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар;

7) патологиялық-анатомиялық (цитопатология) қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

8) АИТВ инфекциясы профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

9) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға және арнаулы әлеуметтік қызметтердің алушысы болып табылатын балаларға үш жасқа толғанға дейін, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға психологиялық − педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс деңгейінде құрылатын денсаулық сақтау ұйымдары;

10) облыстық деңгейде құрылатын денсаулық сақтау саласындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары:

облыстық деңгейде (облыс орталықтарында) құрылатын ұлттық сараптама орталығының құрылымдық бөлімшелері;

инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында құрылатын обаға қарсы станциялар.

4. Республикалық деңгейде:

1) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын ғылыми және республикалық ұйымдар:

ұлттық орталық, ғылыми орталық, ғылыми − практикалық орталық, ұлттық ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты, ғылыми − өндірістік орталық, ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана, клиникалық госпиталь, лепрозорий, апаттар медицинасы орталығы, сот − сараптамалары орталығы;

2) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдары немесе олардың құрылымдық бөлімшелері:

жоғары медициналық колледж, медициналық университет, университет ауруханасы (клиника);

университеттік аурухана (клиника) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе заманауи ғылым мен практиканың жетістіктері базасында жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білім беру бағдарламалары іске асырылатын көп бейінді емдеу-профилактикалық ұйым ретінде құрылады.

5. Деңгейіне қарамастан:

қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар – медициналық пункт, дәрігерлік амбулатория және (немесе) соматикалық бөлімше,

тергеу изоляторларының аумағында орналасқан денсаулық сақтау ұйымдары мен уәкілетті органның келісімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанынан құрылады.

6. Осы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативін белгілейді және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына , сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22482 болып тіркелген) сәйкес "Денсаулық сақтау қызметтерінің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын қамтамасыз етеді.

7. Денсаулық сақтау объектілерін құру (ашу) халықтың қажеттілігін, агломерацияны, нозологиялық формалар бойынша сырқаттанушылық пен өлім‑жітім көрсеткіштерін, сондай‑ақ кадрлық ресурстарды ескере отырып жүзеге асырылады.

8. Қазақстан Республикасының шекаралас аумақтарындағы елді мекендерде денсаулық сақтау объектілерін құру (ашу) немесе жабу қажеттіліктің, көліктік қолжетімділіктің және эпидемиологиялық жағдайдың негізінде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту:

* Медициналық пункт халық саны 50 (елу) адамнан кем елді мекенде, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес 5 километр радиуста медициналық ұйым болмаған кезде құрылады.

Халық саны 50 (елу) адамнан кем елді мекенде халыққа медициналық көмек үйде медицина қызметкері көрсетеді.

Медициналық пункт сондай-ақ ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық – атқару жүйесі (қоныс-колониялары) мекемелерінің аумақтарында құрылады.

** Фельдшерлік-акушерлік пункт жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша дәрігерлік амбулаториялардан, аудандық ауруханалардан және облыс орталықтарынан қашықта орналасқан жағдайда халық саны 500 (бес жүз) аспайтын адам болатын ауылдық елді мекенде құрылады.

*** Дәрігерлік амбулатория (Отбасылық денсаулық орталығы) аудандық ауруханалар мен облыс орталықтарынан 60 (алпыс) километр және одан артық және (немесе) 1 (бір) сағат және одан да көп жол жүру уақыты қашықтықта халық саны 1 500 (бір мың бес жүз) адамнан кем ауылдық елді мекенде құрылады.

Халық саны 10 000 (он мың) адамнан аспайтын қалаларда дәрігерлік амбулатория (Отбасылық денсаулық орталығы) қалалық аурухананың немесе көп бейінді қалалық аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде, сондай-ақ тергеу изоляторлары мен кәмелетке толмағандар үшін орташа қауіпсіздік, орташа ең жоғары, төтенше, толық және аралас қауіпсіздік (колония) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында құрылады (қоныс − колониялар).

**** Аудандық аурухананың немесе көп бейінді орталық аудандық аурухананың бөлімшелері қызмет көрсетілетін халық саны кемінде 5 000 (бес мың) адам болатын шалғайдағы ауылдық елді мекендерде (округтерде) құрылады.

***** Халықтың қажеттілігін, нозологиялық нысандар бойынша сырқаттанушылық пен өлім көрсеткіштерін ескере отырып, штаттар терапия, педиатрия және (немесе) хирургия бөлімшесі құрамында тиісті бейін бойынша төсектер ашып, басқа бейінді бөлімшелер ашылуы мүмкін.

****** Халықтың қажеттіліктері мен сырқаттанушылық көрсеткіштерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі өңірлік перспективалық жоспарларда көзделген жағдайда дербес орталықтандырылған зертхананы ашылады.

******* Халықтың қажеттіліктері мен сырқаттанушылық көрсеткіштерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі өңірлік перспективалық жоспарларда көзделген жағдайда дербес консультативтікдиагностикалық орталықты ашылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 15 қазаны № ҚР ДСМ - 133/2020 Бұйрыққа 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1. "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 284 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 11231 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 маусымда "Әділет"ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2. "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 882 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 16087 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-39 бұйрығының 1-тармағы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 17965 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

4. "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 284 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-137 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 19537 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ - 133/2020 бұйрық, ҚР ДСМ - 133/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ - 133/2020, жүз отыз үшінші бұйрық, ҚР ДСМ - 133/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.