Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-182/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қарашада № 21606 болып тіркелді.
- Бұйрық нөмірі
- ҚР ДСМ-182/2020
- Қабылданған күні
- 04.11.2020
- Актіні өзгерту күні
- 05.04.2023
- Мәртебесі
- Жаңартылған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 48-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысаны бекітілсін.
2. "Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты беру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 181 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10866 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Цой |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-182/2020 бұйрығына қосымша | |
| Нысан |
20___ жылғы _________________ жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпарат
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2023 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| № р/с | Аудиттелетін субъекті туралы жалпы ақпарат (объекті мен субъектінің деректемелері және атауы) | Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу үшін негіз (өтініш және шарт) | Аудиттелетін субъектіні (объектіні) тексеру, арнайы зерттеулер, оның қызметкерлеріне сауалнама жүргізу нәтижелері | Объектінің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсынымдардың тізбесі | Аудиттелетін субъектінің (объектінің) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актідлер талаптарына сәкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытынды |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
_______________________________________________________________
(Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
__________________________________________________________________________
(Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Жасалған күні 20 ___ жылғы "__" _____
Ескертпе. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген аудиторлар жыл сайын есепті жылдан кейін оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне тапсырады.
Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-182/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-182/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-182/2020, жүз сексен екінші бұйрық, ҚР ДСМ-182/2020 бұйрық скачать.