Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-191/2020 бұйрық (13.11.2020): толық мәтін және скачать

Жаңа

Дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-191/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 қарашада № 21647 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-191/2020
Қабылданған күні
13.11.2020
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 231-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі бекітілсін.

2. "Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қарашадағы № 670 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5872 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің №1 жинағында 2010 жылғы 20 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 13 қарашасы № ҚР ДСМ-191/2020 бұйрығымен бекітілген

Дәрілік заттардың құрамындағы Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояуыштар мен қосалқы заттардың тізбесі

КодҚазақ тіліндегі атауыАғылшын тіліндегі атауы
Дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған бояуыштар
Е121Цитрус Қызыл 2Citrus Red 2
Е123АмарантAmaranth
Е154Қоңыр FKBrown FK
Балаларға арналған дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған бояуыштар
Е102ТартразинTartrazine
Е104Сары хинолинQuinoline Yellow
Е107Сары 2 GYellow 2 G
Е110Сары "Күннің батуы" FCF, қызғылт сары SSunset Yellow FCF, Orange Yellow S
Е120Кошениль, Кармин қышқылы, КарминдерCochineal, Carminic acid, Carmines
Е122Азорубин, КармоизинAzorubine, Carmoisine
Е127ЭритрозинErythrosine
Е128Қызыл 2GRed 2G
Е131Көк патенттелген VPatent Blue V
Е132Индиготин, ИндигокарминIndigotine, Indigo Carmine
Е133Көк жылтыр FCFBrilliant Blue FCF
Е155Қоңыр НТBrown HT
Е162Қызылшадай қызыл, БетанинBeetroot Red, Betanin
р/с №Дәрілік заттардың құрамында қолдануға тыйым салынған қосалқы заттар
1Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясына енгізілмеген
2Қазақстан Республикасында қолданыстағы деп танылған фармакопеяларға енгізілмеген
3Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарды өндіруге және дайындауға арналған қосалқы заттар жөніндегі нормативтік құқықтық актілеріне енгізілмеген

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-191/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-191/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-191/2020, жүз тоқсан бірінші бұйрық, ҚР ДСМ-191/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.