Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-219/2020 бұйрық (30.11.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-219/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21704 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-219/2020
Қабылданған күні
30.11.2020
Актіні өзгерту күні
21.04.2025
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпарат беру тәртібі
  4. Медициналық қалдықтарды күн сайын есепке алу журналы 20___жыл ішінде ____________________________________ (денсаулық сақтау объектісінің атауы)
  5. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру және (немесе) жою жөніндегі күн сайын есепке алу журналы 20___жыл ішінде ____________________________________ (Мамандандырылған ұйымның атауы)
  6. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы денсаулық сақтау ұйымының есебі
  7. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы денсаулық сақтау ұйымының есебі (Индекс: MO-1, жылдық мерзімділік)
  8. 1-тарау. Жалпы ережелер
  9. 2-тарау. Нысанды толтыру туралы түсіндірме
  10. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мамандандырылған ұйымының есебі
  11. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме Медициналық қалдықтарды басқару саласында мамандандырылған ұйымның есебі (Индекс: MO-2, жыл сайынғы мерзімділік)
  12. 1-тарау. Жалпы ережелер
  13. 2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 9-бабының 13) тармақшасына және 100-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2025 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қоса беріліп отырған Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидалары бекітілсін.

2. "Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18459 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросы

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және табиғи

ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 қарашасы № ҚР ДСМ-219/2020 бұйрығымен бекітілген

Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 100-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленген және медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру тәртібі мен мерзімділігін айқындайды.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2025 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:

1) қалдықтардың меншік иелері – медициналық қалдықтармен жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар;

2) мамандандырылған ұйымдар – қызметі медициналық қалдықтарды жинаумен, залалсыздандырумен, сақтаумен, көмумен және кәдеге жаратумен байланысты субъектілер;

3) медициналық қалдықтар – медициналық қызметтер көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде пайда болатын, қауіптілік сыныптары бойынша жіктелетін қалдықтар;

4) медициналық қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою бойынша операциялар;

5) медициналық қалдықтармен жұмыс істеу – қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, жинақтауды, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (қоймаға жинауды), жоюды қоса алғанда қалдықтармен байланысты қызмет түрлері және олармен байланысты өзге де іс-қимылдар;

6) медициналық қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;

7) медициналық қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;

8) медициналық қалдықтарды көму – көмілген қалдықтардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті әсерін болдырмайтын шектеусіз мерзім бойы оларды сақтау үшін белгіленген орындарда қалдықтарды жинау.

2-тарау. Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпарат беру тәртібі

3. Денсаулық сақтау ұйымдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қалдықтарды залалсыздандыру және (немесе) жою жөніндегі күн сайын есепке алу журналын жүргізеді.

4. Мамандандырылған ұйымдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қалдықтарды залалсыздандыру және (немесе) жою жөніндегі күн сайын есепке алу журналын жүргізеді.

5. Қалдықтардың меншік иелері Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 319-бабына және 30-тарауына сәйкес медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрына енгізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жыл сайынғы есеп (бұдан әрі – есеп) түрінде береді.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2025 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Есеп осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру арқылы және оған ақпарат беруге жауапты уәкілетті тұлғаның қол қоюы арқылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ұсынылады.

7. Қалдықтардың меншік иелері есептің толықтығын, үздіксіздігін және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

8. Қалдықтардың меншік иелері қалдықтарды есепке алу бойынша құжаттаманы кемінде бес жыл сақтайды.

9. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері қоршаған ортаны қорғау жүйесі арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде медициналық қалдықтар бойынша деректерге талдау жүргізеді.

Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидаларына 1-қосымша
Нысан

Медициналық қалдықтарды күн сайын есепке алу журналы 20___жыл ішінде ____________________________________ (денсаулық сақтау объектісінің атауы)

күні"А" сыныбы* (м3)"Б" сыныбы
Биологиялық/анатомиялық қалдықтар (кг)
Пайда болдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіпайда болдыДенсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырды (кәдеге жаратты)Залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілді
Өртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
1234567

Кестенің жалғасы

"Б" сыныбы
Өткір, үшкір қалдықтар (кг)Өзге де (кг)
пайда болдыДенсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырды (кәдеге жаратты)Залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіпайда болдыДенсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырды (кәдеге жаратты)Залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілді
Өртеу арқылыӨртемеу әдістеріменӨртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
89101112131415

* "А" сыныбы қалдықтарының пайда болу көлемі тоқсан сайын, жарты жылдықтың және жылдың қорытындысы бойынша, ТҚҚ қалдықтарын әкетуге арналған жүкқұжатына сәйкес толтырылады

Кестенің жалғасы

"В" сыныбы
Биологиялық/ анатомиялық қалдықтар (кг)Өткір, үшкір қалдықтар (кг)Өзге де (кг)
Пайда болдыДенсаулық сақтау объектісі залалсызданды рдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыДенсаулық сақтау объектісі залалсыздан дырдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыДенсаулық сақтау объектісі залалсыздан дырдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілді
Өртеу арқылыӨртемеу әдістеріменӨртеу арқылыӨртемеу әдістеріменӨртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
161718192021222324252627

Кестенің жалғасы

"Г" сыныбы"Д" сыныбы (кг)
Құрамында сынап бар заттар (дана)Сұйық (л), қатты (кг) дәрілік заттарӨзге де (кг)
Пайда болдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыДенсаулық сақтау объектісі залалсыздан дырдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілді
Өртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
28293031323334353637

Ескертпе.

Күн сайын есепке алу нысаны электронды түрде xls (Mіcrosoft Excel) форматында толтырылады.

Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан

Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру және (немесе) жою жөніндегі күн сайын есепке алу журналы 20___жыл ішінде ____________________________________ (Мамандандырылған ұйымның атауы)

Кесте
"Б" сыныбы
Биологиялық/ анатомиялық қалдықтар (тонна)Өткір, үшкір қалдықтар (тонна)Өзге де (тонна)
Денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан қабылдандыЗалалсыздандырылдыКөмілдіКөму үшін жіберілдіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан қабылдандыЗалалсыздандырылғанКәдеге жарату немесе қайта өңдеу үшін жіберіледіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан қабылдандыЗалалсыздандырылғанКәдеге жарату немесе қайта өңдеу үшін жіберіледі
12345678910

Кестенің жалғасы

"В" сыныбы
Биологиялық/ анатомиялық қалдықтар (тонна)Өткір, үшкір қалдықтар (тонна)Өзге де (тонна)
Денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан қабылдандыЗалалсыздандырылдыКөмілдіКөму үшін жіберілдіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан қабылдандыЗалалсыздандырылдыКәдеге жарату немесе қайта өңдеу үшін жіберіледіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан қабылдандыЗалалсыздандырылдыКәдеге жарату немесе қайта өңдеу үшін жіберіледі
11121314151617181920

Кестенің жалғасы

"Г" сыныбы
Құрамында сынап бар заттар (дана)Сұйық (л), қатты (тонна) дәрілік заттарӨзге де (тонна)
Денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан қабылдандыДемеркуризацияланғанДемеркуризация үшін жіберілдіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан қабылдандыЗалалсыздандырылдыКәдеге жарату үшін жіберіледіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан қабылдандыКөму үшін жіберілдіКәдеге жарату үшін жіберіледі
Механикалық және химиялықТермо-вакуумБасқа әдістерменӨртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
212223242526272829303132

Кестенің жалғасы

"Д" сыныбы(тонн)Күні
Денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан қабылдандыКөмілдіКөму үшін жіберілді
333435

Ескертпе.

Күн сайын есепке алу нысаны электронды түрде xls форматында толтырылады.

Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидаларына 3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы денсаулық сақтау ұйымының есебі

Беріледі: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға

Әкімшілік деректер нысаны Интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entіtіes/dsm?lang=kk

Әкімшілік деректер нысаны индексі: MO-1

Мерзімділігі: жыл сайын

Есеп беру кезеңі: 20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

Ақпарат беретін адамдардың тобы: денсаулық сақтау ұйымдары

Әкімшілік деректер нысанын беру мерзімі: 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін

Денсаулық сақтау ұйымының БСН немесе ЖСН:

Кесте
"А" сыныбы (м3)"Б" сыныбы
Биологиялық және анатомиялық қалдықтар (тонна)Өткір, үшкір қалдықтар (тонна)
Пайда болдыЗалалсыздандыру үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыДенсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыДенсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілді
Өртеу арқылыӨртемеу әдістеріменӨртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
12345678910

Кестенің жалғасы

"Б" сыныбы
Өзге де (тонна)
Пайда болдыДенсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілді
Өртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
11121314

Кестенің жалғасы

"В" сыныбы
Биологиялық және анатомиялық қалдықтар (тонна)Өткір, үшкір қалдықтар (тонна)Басқа (тонна)
Пайда болдыДенсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыДенсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыДенсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілді
Өртеу арқылыӨртемеу әдістеріменӨртеу арқылыӨртемеу әдістеріменӨртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
151617181920212223242526

Кестенің жалғасы

"Г" сыныбы
Құрамында сынап бар заттар (дана)Сұйық (л), қатты (тонна) дәрілік заттарӨзге де (кг)
Пайда болдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыДенсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіПайда болдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілді
Өртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
2728293031323334

Кестенің жалғасы

"Д" сыныбы (тонна)Басқа ұйымдарға берілді (залалсыздандыру, кәдеге жарату, демеркуризациялау үшін)
Пайда болдыЗалалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілдіҚалдықтардың сыныбыЖөнелту мәліметтері
Ұйымның атауыБеру үшін негіздер (күні мен келісімшарт №)
3536373839
Денсаулық сақтау ұйымының атауы ____________________________Мекен-жайы (облыс, аудан, елді мекен)__________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Жауапты тұлға __________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін орындаушы ________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)қолы

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы денсаулық сақтау ұйымының есебі (Индекс: MO-1, жылдық мерзімділік)

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы түсіндірме "Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы денсаулық сақтау ұйымының есебі" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысанды денсаулық сақтау ұйымдары толтырады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

3. Нысанға басшының өзі немесе оның міндеттерін атқарушы өзінің тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

4. Нысан 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ұсынылады

5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру туралы түсіндірме

1-2-бағандарда "А" сыныбындағы медициналық қалдықтар туралы деректер көрсетіледі (текше метрмен).

1-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

2-бағанда залалсыздандыру үшін басқа ұйымдарға берілгендігі көрсетіледі.

3-14-бағандарда "Б" сыныбындағы медициналық қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі (тоннада).

3-6-бағандарда биологиялық және анатомиялық қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

3-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

4-5-бағандарда денсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

4-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

5-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

6-бағанда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

7-10-бағандарда өткір, үшкір қалдықтар туралы деректер көрсетіледі.

7-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

8-9-бағандарда денсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

8-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

9-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

10-бағанда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

11-14-бағандарда өзге де қалдықтар туралы деректер көрсетіледі.

11-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

12-13-бағандарда денсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

12-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

13-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

14-бағанда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

15-26-бағандарда "Б" сыныбындағы медициналық қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі (тоннада).

15-18-бағандарда биологиялық және анатомиялық қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

15-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

6-17-бағандарда денсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

16-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

17-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

18-бағанда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

19-22-бағандарда өткір, үшкір қалдықтар туралы деректер көрсетіледі.

19-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

20-21-бағандарда денсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

20-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

21-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

22-бағанда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

23-26-бағандарда өзге де қалдықтар туралы деректер көрсетіледі.

23-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

24-25-бағандарда денсаулық сақтау объектісінің өзі залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

24-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

25-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

26-бағанда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

27-34-бағандарда "Г" сыныбындағы медициналық қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

27-28-бағандарда құрамында сынап бар заттар бойынша деректер көрсетіледі (дана түрінде).

27-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

28-бағанда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

29-32-бағандарда дәрілік заттар туралы мәліметтер көрсетіледі (сұйықтық литрде, қатты тоннада).

29-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

30-31-бағандарда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

30-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

31-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

32-бағанда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

33-34-бағандарда өзге де қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

33-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

34-бағанда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

35-36-бағандарда "Д" сыныбындағы медициналық қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

35-бағанда қанша пайда болғандығы көрсетіледі.

36-бағанда залалсыздандыру (кәдеге жарату) үшін басқа ұйымдарға берілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

37-40-бағандарда басқа ұйымдарға берілген медициналық қалдықтар туралы мәліметтер көрсетіледі (залалсыздандыру, кәдеге жарату, демеркуризациялау үшін).

37-бағанда қалдықтардың сыныбы көрсетіледі.

38-40-бағандарда жөнелту мәліметтері көрсетіледі.

38-бағанда мамандандырылған ұйымның атауы көрсетіледі.

39-бағанда қалдықтарды мамандандырылған ұйымдарға беру негізі көрсетіледі (шарттың күні мен №).

Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру қағидаларына 4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мамандандырылған ұйымының есебі

Беріледі: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға

Әкімшілік деректер нысаны Интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entіtіes/dsm?lang=kk

Әкімшілік деректер нысаны индексі: MO-2

Мерзімділігі: жыл сайын

Есеп беру кезеңі: 20___ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

Ақпарат беретін адамдардың тобы: мамандандырылған ұйымдар

Әкімшілік мәліметтер нысанын тапсырудың соңғы мерзімі: 1 қаңтардағыжағдай бойынша жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін

Денсаулық сақтау ұйымының БСН немесе ЖСН:

кесте
"Б" сыныбы
Биологиялық және анатомиялық қалдықтар (тонна)Өткір, үшкір қалдықтар (тонна)Өзге де (тонна)
Денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылғанЗалалсыздандырылдыКөмілдіКөму үшін жіберілдіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылғанЗалалсыздандырылдыКәдеге жарату немесе қайта өңдеу үшін жіберіледіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылғанЗалалсыздандырылғанКәдеге жарату немесе қайта өңдеу үшін жіберіледі
Өртеу арқылыӨртемеу әдістеріменӨртеу арқылыӨртемеу әдістеріменӨртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
12345678910111213

Кестенің жалғасы

"В" сыныбы
Биологиялық және анатомиялық қалдықтар (тонна)Өткір, үшкір қалдықтар (тонна)Өзге де (тонна)
Денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылғанЗалалсыздандырылдыКөмілдіКөму үшін жіберілдіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылғанЗалалсыздандырылдыКәдеге жарату немесе қайта өңдеу үшін жіберіледіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылғанЗалалсыздандырылдыКәдеге жарату немесе қайта өңдеу үшін жіберіледі
Өртеу арқылыӨртемеу әдістеріменӨртеу арқылыӨртемеу әдістеріменӨртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
14151617181920212223242526

Кестенің жалғасы

"Г" сыныбы
Құрамында сынап бар заттар (дана)Сұйық (л), қатты (тонна) дәрілік заттарӨзге де (тонна)
Денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылғанДемеркуризацияланғанДемеркуризация үшін жіберілдіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылғанЗалалсыздандырылдыКәдеге жарату үшін жіберіледіДенсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылғанКөму үшін жіберілдіКәдеге жарату үшін жіберіледі
Механикалық және химиялықТермо-вакуумБасқа әдістерменӨртеу арқылыӨртемеу әдістерімен
272829303132333435363738

Кестенің жалғасы

"Д" сыныбы (тонн)Басқа ұйымдарға берілді (залалсыздандыру, кәдеге жарату, демеркуризациялау үшін)
Қалдықтардың сыныбыЖөнелту мәліметтері
Денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылғанКөмілдіКөму үшін жіберілдіҰйымның атауыБеру үшін негіздер (күні мен келісімшарт №)
394041424344
Мамандырылған ұйымның атауы ____________________________Мекен-жайы (облыс, аудан, елді мекен)__________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық поштаның мекенжайы _______________________________________
Жауапты тұлға ___________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін орындаушы _____________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)қолы

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме Медициналық қалдықтарды басқару саласында мамандандырылған ұйымның есебі (Индекс: MO-2, жыл сайынғы мерзімділік)

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы түсіндірме "Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мамандандырылған ұйымның есебі" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысанды мамандандырылған ұйымдар толтырады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

3. Нысанға басшының өзі немесе оның міндеттерін атқарушы өзінің тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

4. Нысан 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ұсынылады

5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1-13-бағандарда "Б" сыныбындағы медициналық қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі (тоннада).

1-5-бағандарда биологиялық және анатомиялық қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

1-бағанда денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан алынған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

2-3-бағандарда залалсыздандырылған қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

2-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

3-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

4-бағанда көмілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

5-бағанда көму үшін жіберілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

6-9-бағандарда өткір, үшкір қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

6-бағанда денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан алынған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

7-8-бағандарда залалсыздандырылған қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

7-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

8-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

9-бағанда кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеу үшін жіберілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

10-13-бағандарда өзге де қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

10-бағанда денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан алынған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

11-12-бағандарда залалсыздандырылған қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

11-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

12-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

13-бағанда кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеу үшін жіберілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

14-22-бағандарда "В" сыныбындағы медициналық қалдықтар бойынша мәліметтер көрсетіледі (тоннада).

14-18-бағандарда биологиялық және анатомиялық қалдықтар бойынша мәліметтер көрсетіледі.

14-бағанда денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан алынған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

15-16-бағандарда залалсыздандырылған қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

15-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

16-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

17-бағанда көмілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

18-бағанда көму үшін жіберілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

19-22-бағандарда өткір, үшкір қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі (тоннада).

19-бағанда денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан алынған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

20-21-бағандарда залалсыздандырылған қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

20-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

21-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

22-бағанда кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеу үшін жіберілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

23-26-бағандарда өзге де қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

23-бағанда денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан алынған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

24-25-бағандарда залалсыздандырылған қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

24-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

25-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

26-бағанда кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеу үшін жіберілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

27-38-бағандарда "Г" сыныбындағы медициналық қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

27-31-бағандарда құрамында сынап бар заттар бойынша деректер көрсетіледі (дана түрінде).

27-бағанда денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан алынған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

28-30-бағандарда демеркуризацияланған қалдықтардың деректері көрсетіледі.

28-бағанда механикалық және химиялық әдіспен демеркурирленген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

29-бағанда термо-вакуум әдісімен демеркурирленген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

30-бағанда басқа әдістермен демеркурирленген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

31-бағанда демеркуризац үшін жіберілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

32-35-бағандарда дәрілік заттар бойынша деректер көрсетіледі (сұйықтық литрде, қатты тоннада).

32-бағанда денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан алынған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

33-34-бағандарда залалсыздандырылған қалдықтар бойынша деректер көрсетіледі.

33-бағанда өртеу арқылы залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

34-бағанда өртемеу әдістерімен залалсыздандырылған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

35-бағанда кәдеге жарату үшін жіберілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

36-38-бағандарда өзге де қалдықтар туралы деректер көрсетіледі (тоннада).

36-бағанда денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан алынған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

37-бағанда көму үшін жіберілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

38-бағанда кәдеге жарату үшін жіберілген қалдықтардың саны көрсетіледі.

39-41-бағандарда "Д" сыныбындағы медициналық қалдықтар туралы мәліметтер көрсетіледі (тоннада).

39-бағанда денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдардан алынған қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

40-бағанда көмілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

41-бағанда көму үшін жіберілген жіберілген қалдықтардың мөлшері көрсетіледі.

42-44-бағандарда басқа ұйымдарға берілген медициналық қалдықтар туралы мәліметтер көрсетіледі (залалсыздандыру, кәдеге жарату, демеркуризациялау үшін).

42-бағанда қалдықтардың сыныбы көрсетіледі.

43-44-бағандарда жөнелту мәліметтері көрсетіледі.

43-бағанда мамандандырылған ұйымның атауы көрсетіледі.

44-бағанда қалдықтарды мамандандырылған ұйымдарға беру негізі көрсетіледі (шарттың күні мен №).

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-219/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-219/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-219/2020, екі жүз он тоғызыншы бұйрық, ҚР ДСМ-219/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.