Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-241/2020 бұйрық (08.12.2020): толық мәтін және скачать

Жаңа

Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-241/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 21745 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-241/2020
Қабылданған күні
08.12.2020
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету тәртібі
  4. Жылжымалы медициналық кешен және медициналық поезд кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру
  5. Жылжымалы медициналық кешен мен медициналық поездың штат нормативтері

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 8 желтоқсаны № ҚР ДСМ-241/2020 бұйрықпен бекітілген

Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 81) тармақшасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде медициналық-санитариялық алғашқы көмектің және мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әзірленді.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

2) диагностика – аурудың болу немесе болмау фактісін анықтауға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

3) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

4) жоспарлы медициналық көмек – көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

5) жылжымалы медициналық кешендер – ауылдық жерлердің және шалғайдағы елді мекендердің халқына көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін не қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін пайдаланылатын, қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған автомобиль көлігі базасындағы мобильдік клиникалар (кабинеттер);

6) кезек күттірмейтін медициналық көмек- пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай – күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

7) Кетле индексі – ағзаның дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші, дене салмағының бойдың ұзындығына қатынасы;

8) мамандандырылған медициналық көмек – бейінді мамандар диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін қажет ететін аурулар кезінде, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету құралдарын пайдалана отырып көрсетілетін медициналық көмек;

9) Медициналық пойыздар (бұдан әрі – МП) – теміржол станцияларының (жолдарының) жанында және оларға жақын орналасқан аумақтарда тұратын халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін пайдаланылатын қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған теміржол көлігіндегі мобильдік клиникалар;

10) медициналық – санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке қол жеткізу орны;

11) медициналық ақпаратты жүйе (бұдан әрі – МАЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін элетрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

12) скринингтік зерттеулер – халықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте сатыларда анықтау және аурулар дамуының, аурулардың пайда болуына ықпал ететін тәуекел факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі;

13) ВI-RADS жіктемесі сүт безін сәулелік зерттеудің нәтижелерін талдау және хаттамалау – маммографиялық зерттеулердің сипаттамаларын стандарттау;

14) Үйлестіруші орталығы – медициналық ұйым базасында өңірлік деңгейде ЖМК және (немесе) МП қызметін үйлестіру үшін (қызметті қамтамасыз ету, мамандармен, медициналық ұйымдармен және дәрілік заттармен жиынтықтау) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қалыптастырылған айқындайтын құрылым;

15) фильтр кабинеті (тіркеу аймағы) – пациентті тіркеу алғашқы қарап – тексеру орны;

16) хабардар етілген келісім – адамның медициналық көмек алуға және (немесе) оның шешім қабылдауы үшін маңызы бар медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің барлық аспектісі туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі. Хабардар етілген жазбаша келісім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ресімделеді;

17) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

2-тарау. Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету тәртібі

3. Ауылдық денсаулық сақтаудың барлық деңгейінде медицина ұйымынан тыс денсаулықты нығайту, алдын алу, емдеу және оңалту бойынша қызмет көрсету қажеттілігі жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар (бұдан әрі – ЖМК және (немесе) МП) арқылы медициналық көмек көрсетудің көрсеткіштері болып табылады.

4. ЖМК және (немесе) МП медициналық көмек:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетіледі.

5. ЖМК және (немесе) МП Кодекстің 134-бабының 3-тармағына сәйкес инвазиялық араласуларды жүргізуге пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша ерікті келісімін алғаннан кейін МСАК маманының жолдамасынсыз көрсетіледі.

6. ЖМК және (немесе) МП көрсететін медициналық қызметтердің ең аз көлемінің тізбесі өзіне мыналарды:

1) Кодекстің 88-бабының 2-тармағына сәйкес бейінді мамандардың медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды консультациялық қабылдауды;

2) аурулардың анықталған жағдайларын одан әрі МСАК деңгейінде динамикалық байқауға жіберумен Кодекстің 87-бабының 2-тармағына сәйкес МЖК және (немесе) МП мамандары халықтың нысаналы топтарына скрингтік зерттеулер жүргізуді және сауықтыруды қамтиды.

7. ЖМК және (немесе) МП қызмет көрсету аймағындағы елді мекеннің МСАК ұйымынан тартылған медицина қызметкері МЖК және (немесе) МП арқылы медициналық көмек көрсету үшін:

1) скринингтік зерттеулерге жататын бекітілген халықтан адамдардың тізімдерін қалыптастырады;

2) бекітілген халық қатарындағы нысаналы топтың адамдарын скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі туралы көлемін көрсете отырып, хабардар етеді;

3) осы елді мекендегі ЖМК және (немесе) МП жұмыс кестесіне сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдарды, оның ішінде бейінді мамандардың қарап-тексеру уақыты мен кестесін айқындайды;

4) ЖМК және (немесе) МП келгенге дейін МАЖ-ға деректерді нысан бойынша енгізе отырып, ауруларды (қанайналымы жүйесі, глаукома, жатыр мойны обыры, сүт безі, колоректалдық обыр және В және С вирустық гепатиттері) ерте анықтауға скринингтің бірінші кезеңін жүргізеді;

5) скринингтік зерттеулерге шақырылған және өткен ЖМК және (немесе) МП консультациялық-диагностикалық қызметтерді алған адамдарды тіркейді;

6) ЖМК және (немесе) МП мамандарына диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізуде көмек көрсетеді;

7) жүргізілген скринингтің нәтижелері бойынша аурулардың қауіп факторлары бар нысаналы топтағы адамдарды бейіндері бойынша денсаулық мектептеріне жібереді;

8) саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мамандармен бірлесіп, аурулардың қауіп факторлары бар адамдарды және науқастарды профилактика, саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне оқытуға қатысады;

9) денсаулық сақтау саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының бекітілген нысандарына сәйкес МАЖ-ға пациенттердің деректерін, көрсетілген медициналық қызметтер туралы мәліметтерді енгізеді.

8. Бейінді маман ЖМК және (немесе) МП жағдайында мамандандырылған медициналық көмек көрсеткеннен кейін пациентке алдын ала медициналық қорытынды береді, онда алдын ала диагнозды, жүргізілген зерттеп-қарау мен емдеу нәтижелерін, сондай-ақ жіберу себебін көрсетеді.

9. ЖМК және (немесе) МП жағдайында қажетті аспаптық және зертханалық медициналық бұйымдар болмаған жағдайда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмекке мұқтаж пациентке одан әрі толық зерттеп-қарау және емдеуді түзету үшін ауру бейіні бойынша денсаулық сақтау ұйымына жолдама беріледі.

10. Фильтр кабинеті (тіркеу аймағы) орта медицина қызметкерлеріне арналған, мынандай жұмыстар атқарылады:

1) паспорттық деректерді (тегі, аты, әкесінің аты, бар болса жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні мен жылы және антропометриялық деректері) толтырумен пациенттерді тіркеу;

2) пациенттерді физикалық зерттеп-қарау: жалпы жай-күйі айқындау, дене температурасын, артериялық қысымды (бұдан әрі – АҚ өлшеу), жүректің жиырылу жиілігін (пульс), тыныс алу жиілігін және сатурацияны анықтау;

3) антропометриялық өлшеулер (салмағы, бойы, бел көлемі), Кетле индексі бойынша есептеу;

4) сауалнама бойынша сұрау жүргізу;

5) қан қысымын отыру кезінде 1-2 минут аралықпен екі рет өлшеу өткізіледі. Қан қысымын өлшеу алдында зерттеп-қаралатын адам 3-5 минут отырады.

11. Жалпы қабылдау кабинетінде терапевт және (немесе) жалпы практика дәрігері мыналарды:

1) пациентті зерттеп – қарап, шағымдарды, өмір мен аурудың анамнездерін жинайды, объективті қарап – тексеріп жүргізеді, алдын ала диагноз қояды;

2) қанайналым жүйесі ауруларының, тыныс алу, ас қорыту ағзалары ауруларының, эндокриндік жүйенің, қан мен қан түзетін ағзалардың, сондай-ақ басқа да ағзалар мен жүйелердің қауіп факторлары анықтайды;

3) ем тағайындауды және түзетуді жүргізеді;

4) саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізеді;

5) созылмалы инфекциялық емес аурулармен ауыратын адамдарға ЖМК және (немесе) МП зертханалық – диагностикалық ресурстарын пайдалана отырып, созылмалы инфекциялық емес аурулармен ауыратын адамдарға динамикалық байқау жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білікті медициналық көмек көрсетеді;

6) амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдетілген дәрілік заттарды алуға рецепт жазып беруді жүзеге асырады;

7) МАЖ-да медициналық көмек алған пациенттердің деректері есепке алу және есеп беру құжаттамасының бекітілген нысандарына сәйкес енгізеді;

8) бейінді маманның консультациясын өткізу және диагностикалық зерттеудің нәтижесін түсіндіру үшін аудандық, облыстық деңгейдегі телемедицина орталығымен өзара байланысты қамтамасыз етеді;

9) төтенше жағдайлар кезінде медициналық іріктеуді ұйымдастырады.

12. Функционалдық диагностика кабинетінде мыналар:

1) жүректі, іш перде ағзаларын, кіші жамбас, қалқанша безін ультрадыбыстық зерттеу;

2) ашып жазуымен жүректі электрокардиографиялық зерттеу;

3) ашып жазуымен миды эхоэнцефалографиялық зерттеу;

4) МАЖ-ға медициналық зерттеу алған пациенттердің деректерін есепке алу және есеп беру құжаттамасының бекітілген нысандарына сәйкес қадағалап – қарау өткізіледі .

13. Акушер – гинеколог кабинетінде, акушер – гинеколог дәрігері мыналарды:

1) гинекологиялық қарап – тексерумен және Папаниколау бойынша бояумен жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу үшін материал алумен әйелдердің нысаналы тобына бастапқы зерттеп – қарауды жүргізеді (Рар –тест);

2) көрсеткіштер бойынша кольпоскопия өткізеді;

3) ісік патологиясын анықтау үшін сүт бездерін қарап – тексеруді жүргізеді;

4) маммограмманы оқу және BI-RADS жіктемесі бойынша түсіндіруді жүргізеді;

5) әйелдердің репродуктивті жүйесінің ауруларын анықтайды;

6) қажет болған жағдайда шұғыл акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетеді;

7) репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша саламатты өмір салтын қалыптастыруды жүргізеді;

8) жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің асқынулары бар диспансерлік топтағы адамдарды зерттеп – қарауды жүзеге асырады;

9) қажет болған жағдайда емдеуді тағайындайды немесе түзетеді, толық зерттеп – қарауды және емдеу әдісін айқындауға бекітілген емханаға, оның ішінде телемедицина мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жібереді;

10) Үйлестіруші орталықтың басшысына скринингті жүргізуге байланысты туындайтын немесе туындаған проблемаларды ұсынады;

11) репродуктивті жүйесінде патологиясы бар анықталған пациенттерді қадағалап – қарау әдісін айқындауға тікелей қатысады.

14. Бейінді мамандар кабинетінде хирург оториноларинголог, офтальмолог дәрігер мыналарды:

1) көзге көрінетін жердегі ісіктерді (қуық асты безінің обыры, тік ішек обыры) ерте анықтауға скрининг жүргізеді;

2) көз, есту және жоғарғы тыныс алу жолдары ағзалары ауруларының ерте диагностикасын және профилактикасын жүргізеді;

3) амбулаториялық хирургиялық операцияларды (оториноларингологиялық) жүзеге асырады;

4) төтенше жағдайлар кезінде шұғыл травматологиялық және хирургиялық көмек көрсетеді;

5) саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттайды;

15. Зертханалық диагностика кабинетінде зертханашы - дәрігер немесе зертханашы мынандай зерттеулерді:

1) қандағы глюкоза деңгейіне, холестерин деңгейіне, қан триглицеридтеріне;

2) биохимиялық зерттеулер: жалпы, тікелей билирубин, аланинаминотрансфераза (АлАТ), аспартатаминотрансфераза (АсАТ), креатинин, несепнәр, жалпы ақуыз, калий, натрий;

3) ЖМК және (немесе) МП мамандарының тағайындауы бойынша басқа да клиникалық және биохимиялық зерттеулер;

4) несепті жалпы клиникалық зерттеу (несептің жалпы талдауы) жүргізіледі;

5) жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін МАЖ-ға денсаулық сақтау саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының бекітілген нысандарына сәйкес енгізеді.

16. Рентгенография және маммография кабинетінде сәулелік диагностика мамандары мынадай зерттеулерді:

1) сүт безінің ісікалды және ісік ауруларын ерте анықтауды;

2) туберкулезді, өкпе ісіктерін және өкпенің басқа созылмалы ауруларын диагностикалау мақсатында;

3) шұғыл медициналық көмек жағдайларында жарақаттық зақымдануларды диагностикалау мақсатында жүргізіледі;

4) жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін МАЖ-ға денсаулық сақтау саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының бекітілген нысандарына сәйкес енгізеді.

17. Стоматолог кабинетінде мыналар:

1) балалар мен ересектерге стоматологиялық (хирургиялық) көмек көрсетіледі (санация, диагностика, емдеу, алып тастаумен хирургиялық емдеу, тіс-жақ жүйесінің ауытқуларын диагностикалау);

2) балалар мен жасөспірімдерді тісжегі мен оның асқынуларының алдын алу бойынша гигиеналық оқыту және тәрбиелеу жүргізіледі;

3) тіс-жақ жүйесі ауытқуларын алдын алу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;

18. "Дәріхана пункті" кабинетінде провизор (фармацевт) ЖМК және (немесе) МП қамту аймағында халыққа медициналық көмек көрсетуде ЖМК және (немесе) МП мамандары үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауды қамтамасыз ететді.

19. ЖМК және (немесе) МП қызметін өңірлік деңгейде үйлестіру үшін (қызметті қамтамасыз ету, мамандармен, медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен жиынтықтау) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары медициналық ұйым базасында Үйлестіру орталығын қалыптастырады және айқындайды.

20. ЖМК және (немесе) МП кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

21. ЖМК және МП штат нормативтері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша

Жылжымалы медициналық кешен және медициналық поезд кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру

№Атауы
Тіркеу немесе фильтр кабинеті
1екі орындық және үстел шамы бар бір үстел
2компьютер (ноутбук)
3пациенттің киіміне арналған ілгіш және (немесе) ілгектер
4пациенттерге арналған еден төсеніштері 0,4*0,4 м
5қабырғалық мөлшерлегіш (санитайзер)
6бөлу аймағы үшін шымылдық немесе арақабырғаны қарастыру
7термометр
8пульоксиметрия
9тонометр
10фонендоскоп
11рециркулятор
12қалдықтарға арналған контейнер
13Бой өлшегіш
14еден таразысы
Жалпы қабылдау кабинеті (жалпы практика дәрігері, терапевт)
1екі орындық және үстел шамы бар бір үстел
2пациенттің киіміне арналған ілгіш және (немесе) ілгектер
3пациенттерге арналған еден төсеніштері 0,4*0,4 м
4қабырғалық мөлшерлегіш (санитайзер)
5бөлу аймағы үшін шымылдық немесе арақабырғаны қарастыру
6тонометр
7фонендоскоп
8саңылау шамы
9пациент картасы
10рециркулятор
11жиналмалы диван 1,8 м*0,5 м
12қабырға шкафы (шокқа қарсы төсеу)
13компьютер (ноутбук)
Акушер-гинеколог кабинеті
1қабырғалық мөлшерлегіш (санитайзер)
2гинекологиялық кушетка
3жылжымалы биіктікті аяқпен реттейтін дәрігердің бір орындығы
4су беретін раковина
5киімді шешу үшін бөлгіш шымылдық немесе арақабырғаны қарастыру
6екі орындық және үстел шамы бар үстел
7пациенттің киіміне арналған ілгіш және (немесе) ілгектер
8пациенттерге арналған еден төсеніштері 0,4*0,4 м
9қабырғаға ілетін айна
10медициналық құралдарға арналған кіші үстел
11гинекологиялық құралдар жиынтығы
12электротермометр
13таза және қолданған заттардың қалдықтарына арналған екі контейнер
14төсек жабдықтарын сақтауға арналған қабырға шкафы
15рециркулятор
16видеоколькоскоп
17бой өлшегіш, сантиметрлік таспа
18компьютер (ноутбук)
Хирург (офтальмолог, оториноларинголог) кабинеті
1екі орындық және үстел шамы бар үстел
2су беретін раковина
3пациенттің киіміне арналған ілгіш және (немесе) ілгектер
4пациенттерге арналған еден төсеніштері 0,4*0,4 м
5қабырғалық мөлшерлегіш (санитайзер)
6медициналық бұйымдарға арналған қабырға шкафы
7бөлу аймағы үшін шымылдық немесе арақабырғаны қарастыру
8термометр
9тонометр
10фонендоскоп
11отоскоп
12офтальмоскоп
13көз түбін өлшеудің байланыссыз тонометрі
14пациенттің картасы
15рециркулятор
16қалдықтарға арналған контейнер
17ректороманоскоп
18таңу үстелі
19иммобилизацияға арналған көлік шиналары
20компьютер (ноутбук)
21медициналық кушетка
Функционалдық диагностика кабинеті
1үстел шамы бар бір үстел
2жылжымалы биіктікті аяқпен реттейтін дәрігердің бір орындығы
3пациенттің киіміне арналған ілгіш және (немесе) ілгектер
4пациенттерге арналған еден төсеніштері 0,4*0,4 м
5су беретін раковина
6қабырғалық мөлшерлегіш (санитайзер)
7пациент картасы
8рециркулятор
9электротермометр
10жиналмалы диван 1,8 м*0,5 м
116-арналы электрокардиограф
12портативті ультрадыбыстық диагностикалық аппарат (сканерлер)
13ашып жазумен миды эхоэнцефалографиялық зерттеу
14қалдықтарға арналған контейнер
15принтері бар компьютер (ноутбук)
Зертханалық диагностика кабинеті
1бір орындық және үстел шамы бар үстел
2жылжымалы биіктікті аяқпен реттейтін дәрігердің бір орындығы
3бөлу аймағы үшін шымылдық немесе арақабырғаны қарастыру
4су беретін раковина
5айна
6қабырғалық мөлшерлегіш (санитайзер)
7рециркулятор
8реактивтерді сақтауға арналған тоңазытқыш
9биохимиялық қан анализаторы аппараты
10глюкометр
11лейкоциттер санауышы
12коагулометр
13электротермометр
14қалдықтарға арналған контейнер
15несеп анализаторы
16медициналық кушетка
Рентгенография (маммография) кабинеті)
1бір орындық және үстел шамы бар бір үстел
2киімге арналған шкаф
3пациенттің киіміне арналған ілгіш және (немесе) ілгектер
4пациенттерге арналған еден төсеніштері 0,4*0,4 м
5қабырғалық мөлшерлегіш (санитайзер)
6пациент картасы
7рециркулятор (2 бірлік)
8су беретін раковина
9қалдықтарға арналған контейнер 2 бірлік
10сандық рентген аппараты (маммограф)
11арнайы алжапқыштарға арналған шкаф
12компьютер (ноутбук)
Стоматолог кабинеті
1стоматологиялық кресло
2стоматологиялық қондырғы
3медициналық құралдарға арналған үстел
4су беретін раковина
5қабырғаға ілетін айна
6қабырғалық мөлшерлегіш (санитайзер)
Дәріхана пункті
1бір орындық және үстел шамы бар бір үстел
2су беретін раковина
3қабырғалық мөлшерлегіш (санитайзер)
4дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған тоңазытқыш
5медициналық бұйымдарға арналған қабырға шкафы
6электротермометр
7рециркулятор
8қалдықтарға арналған контейнер
Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша

Жылжымалы медициналық кешен мен медициналық поездың штат нормативтері

Жылжымалы медициналық кешеннің штат нормативтері
№Лауазымның атауыСаны
Мобильдік бригаданың құрамы
1ЖМК басшысы1 бірлік
2Терапевт және (немесе) жалпы практика дәрігері2 бірлік
3Хирург1 бірлік
4Отоларинголог Офтальмолог Онколог Травматолог Невропатолог Психолог Кардиолог Гастроэнтеролог Урологқажеттілік бойынша
5Акушер-гинеколог1 бірлік
6рентгенолог дәрігер және (немесе) рентген зертханашы1 бірлік
7стоматолог дәрігер1 бірлік
8зертханашы дәрігер немесе зертханашы1 бірлік (оны жедел диагностика әдістерін меңгерген зертханашы ауыстыра алады)
9Функционалдық диагностика дәрігері1 бірлік
10Провизор (фармацевт)1 бірлік
11Жүргізуші2 бірлік
12ЖМК медициналық жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі инженер1 бірлік
13Медициналық статист1 бірлік
14Мейіргер2 бірлік
Медициналық пойыздың штат нормативтері
№Лауазымның атауыСаны
Мобильдік бригаданың құрамы
1МО басшысы1 бірлік
2Терапевт және (немесе) жалпы практика дәрігері2 бірлік
3Хирург1 бірлік
4Отоларинголог Офтальмолог Онколог Травматолог Невропатолог Психолог Кардиолог Гастроэнтеролог Урологқажеттілік бойынша
5Акушер-гинеколог1 бірлік
6рентгенолог дәрігер және (немесе) рентген-зертханашы1 бірлік
7стоматолог дәрігер1 бірлік
8зертханашы дәрігер немесе зертханашы1 бірлік (оны жедел диагностика әдістерін меңгерген зертханашы ауыстыра алады)
9Функционалдық диагностика дәрігері1 бірлік
10Провизор (фармацевт)1 бірлік
11МП медициналық жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі инженер1 бірлік
12Медициналық статист1 бірлік
13Мейіргер2 бірлік

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-241/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-241/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-241/2020, екі жүз қырық бірінші бұйрық, ҚР ДСМ-241/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.