Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-272/2020 бұйрық (15.12.2020): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21816 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-272/2020
Қабылданған күні
15.12.2020
Актіні өзгерту күні
30.09.2026
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Экстракорпоралдық ұрықтандыру жүргізу тәртібі
  4. 3-тарау. Ооцит цитоплазмасына сперматозоидты инъекциялау тәртібі
  5. 4-тарау. Суррогат ана болу
  6. 5-тарау. Донор немесе жыныстық серіктесінің шәуетімен жасанды инсеминациялау
  7. 6-тарау. Имплантаттау алдындағы генетикалық тестілеу
  8. Экстракорпоралды ұрықтандыру жүргізу алдында пациенттерді зерттеп-қарау көлемі
  9. Суррогат аналарды зерттеп-қарау көлемі
  10. Жасанды инсеминация жүргізу алдында жыныстық серіктестің шәуетін зерттеп-қарау көлемі
  11. Жасанды инсеминация жүргізу алдында шәует донорларын зерттеп-қарау көлемі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 146-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2. Мынадай:

1) "Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 627 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5919 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жарияланған, №3, 2010 жыл);

2) "Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 627 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 162 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6921 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2011 жылғы 23 маусымдағы № 88(1904) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 Бұйрығына қосымша

Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар мен шарттар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.02.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Осы Қағидалар мен шарттарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1) азооспермия – эякулятта сперматозоидтардың болмауы;

2) бедеулік – бұл контрацепциясыз 12 ай тұрақты жыныстық өмірден кейін клиникалық жүктіліктің болмауымен көрінетін репродуктивтік жүйенің ауруы;

3) гистероскопия – кейіннен диагностикалық және операциялық манипуляциялар жүргізе отырып, гистероскоптың көмегімен жатыр қуысын ең аз инвазивті зерттеп-қарау әдісі;

4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

5) донор – донорлық қанды, оның компоненттерін, өзге де донорлық материалды (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, репродуктивтік ағзалардың, жыныс жасушаларының, эмбриондардың тіндері) алу, сондай-ақ реципиентке трансплантаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;

6) донорлық функция – донордың медициналық зерттеп-қараудан ерікті түрде өтуі және қан мен оның компоненттерінің аллогендік донациясын орындау;

7) емдеу – ауруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) оның ағымын жеңілдетуге, сондай-ақ оның өршуінің алдын алуға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

8) кариотип – осы биологиялық түрдің (түрлік кариотип), осы организмнің (жеке кариотип) немесе жасушалар сызығының (клонының) жасушаларына тән хромосомалардың толық жиынтығы белгілерінің жиынтығы (саны, мөлшері, нысаны);

9) қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар (бұдан әрі – ҚРТ) – бедеулікті емдеу әдістері (жасанды инсеминациялау (бұдан әрі – ЖИ), экстракорпоралдық ұрықтандыру (бұдан әрі– ЭКҰ) және эмбрионды ауыстыру), оларды қолдану кезінде ұрықтанудың және эмбриондардың ерте дамуының жекелеген немесе барлық кезеңдері ана организмінен тыс (оның ішінде донорлық және (немесе) криоконсервацияланған жыныстық жасушаларды, репродуктивтік ағзалардың тіндерін және эмбриондарды, сондай-ақ суррогат ана болуды пайдалана отырып) жүзеге асырылады;

10) маркерлік хромосомалар – фрагменттің мөлшеріне байланысты әдетте арнайы геномдық талдаусыз сәйкестендірілмейтін хромосоманың шағын фрагментін білдіреді;

11) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету бойынша құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

12) репродуктивтік денсаулық – адамның толыққанды ұрпақты өмірге келтіру қабілетін көрсететін денсаулығы;

13) суррогат ана – суррогат ана болу шартына сәйкес тапсырыс берушілер үшін қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологиялар қолданылғаннан кейін құрсақ көтеретін және бала (балалар) туатын әйел;

14) суррогат ана болу – сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша, күні жетпей босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балаларды) көтеру және туу;

15) суррогат ана болу шарты – некеде тұратын (ерлі-зайыпты) және балалы болғысы келетін, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар мен қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдану жолымен бала көтеруге және тууға өз келісімін берген әйел арасындағы нотариатта куәландырылған жазбаша келісім;

16) эпидидимит – ұманың аумағында қабыну үдерісімен, гиперемиямен, домбығумен және ісінумен сипатталатын ұрық қосалқысының қабынуы.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.02.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3. Некедегі әйел мен ер адам ақпараттық ерікті келісімі болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарында қауіпсіз және тиімді әдістермен, оның ішінде ҚРТ пайдалана отырып, олардың тиімділігі, қолданудың оңтайлы мерзімдері туралы, ықтимал асқынулар, медициналық және құқықтық салдарлар және олардың ағзаға әсері туралы толық және жан-жақты ақпарат ала отырып, бедеулікке ем алады.

Некеде тұратын және тұрмайтын әйел мен ер адам бірлесіп өтініш жасаған кезде ер адамның ұрығы олардың келісімімен қатырылмайды.

Некеде тұрмайтын әйел денсаулық сақтау ұйымдарында қауіпсіз және тиімді әдістермен, оның ішінде ҚРТ пайдалана отырып (суррогат ана болуды қоспағанда), олардың тиімділігі, қолданудың оңтайлы мерзімдері туралы, ықтимал асқынулар, медициналық және құқықтық салдарлар және олардың ағзаға әсері туралы толық жан-жақты ақпарат ала отырып, бедеулікке ем алады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.02.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-1. Некеде тұрмайтын әйелдің немесе ер адамның медициналық араласуға әйелдің (ер адамның) хабардар етілген келісімі болған кезде, суррогат ана болуды қоспағанда, қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға құқығы бар.

Ескерту. 1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек ҚРТ- цикл емшарасын көздейді, онда суперовуляцияны ынталандыру жүргізу, аналық бездерді трансвагинальды пункциялау, аналық жасушаны алу, ооцитті (ооциттерді) инсеминациялау және (немесе) аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау (бұдан әрі – АЖСИИ), эмбриондарды өсіру, ынталандырылған циклде эмбриондарды ауыстыруға қарсы көрсетілімдер болған кезде кейінге қалдырылған тасымалдау кезінде мұздатылған эмбриондарды тасымалдауды қоса алғанда, эмбриондарды ауыстыру (аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромының қаупі, нәтижелілікті төмендететін факторлардың болуы – овуляцияны ынталандыру шеңберінде эндометрия гиперплазиясы, эндометрия гипоплазиясы, кез келген жердегі жіті қабыну аурулары) жүргізіледі.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-1. Жыныс жасушаларын, эмбриондарды және репродуктивтік ағзалар тіндерін криоконсервациялау пациенттің қалауы бойынша және (немесе) медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады және МӘМС жүйесіндегі қызметтер тізбесіне кірмейді.

Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. МӘМС жүйесінде ҚРТ қолданылатын емшараны жүргізу үшін іріктеу өлшемшарттары мынадай факторларды біріктіреді:

1) қанағаттанарлық овариалдық резерв кемінде 2 (екі) фактордың болуымен сипатталады: 0,8 (нөл бүтін оннан сегіз) нанограммнан/миллилитрден артық мюллерге қарсы гормон (бұдан әрі – МҚГ), 12 (он екіден) кем емес (циклдің 2-5 (екінші-бесінші) күніне) фолликулды ынталандыратын гормон (бұдан әрі – ФЫГ), антральды фолликулалардың саны әр аналық безде кемінде 3 (үш) (циклдің 2-5 (екінші-бесінші) күнінде) немесе жалғыз аналық без болған жағдайда 5 – 6 (бес-алты) антральды фолликула;

2) жүктіліктің басталу нәтижелілігін төмендететін факторлардың болмауы (имплантацияға және жүктіліктің дамуына кедергі келтіретін ішкі жыныс мүшелерінің даму аномалиялары, гидро (сактосальпингстер), 3-4 (үшінші-төртінші) дәрежелі жатыр қуысының синехиясы, аналық бездер жылауығы, обтурациялық емес азооспермия);

3) ерлер факторына байланысты бедеулік (анықтамасы бойынша: олигозооспермия – сперматозоидтардың концентрациясының 16 (он алты) миллион/миллилитрге дейін төмендеуі; астенозооспермия – прогрессивтік жылжымалы (А+В класы) 1 (бір) миллилитрдегі эякуляттың 5 % (бес пайыздан) 1 (бір) миллилитрдегі 30% (отыз пайызға) дейін; тератозооспермия – қалыпты құрылымдағы сперматозоидтардың 1 % (бір пайыздан) бастап 4 % (төрт пайызға) дейін; шәуеттің біріктірілген патологиясы (шәуеттің ұрықтандыру қабілетін төмендететін сперматозоидтардың қозғалғыштығы және құрылымы концентрациядағы өзгерістің әртүрлі үйлесімділігі); эякулятта антиспермалдық антиденелердің болуы (МАР-тест 50 % (елу пайыздан) көп) сперматозоидтардың қалыпты шоғырлануы жағдайында табиғи ұрықтандыруға кедергі келтіреді, сондай-ақ хирургиялық биопсия әдісімен сперматозоидтары алынған азооспермиясы бар пациенттер (МӘМС жүйесінде ҚРТ-ға жолдама берілгенге дейін);

4) "Емдеуге жатқызу бюросы" порталына енгізу кезінде әйелдің жасы 42 (қырық екі) жасқа дейін болуы;

5) медициналық-генетикалық консультация нәтижелері бойынша тұқым қуалайтын аурулардың берілу типі мен генетикалық қауіпі ескеріле отырып, донордың биоматериалдарын пайдалану арқылы немесе донорлық жасушалар мен эмбриондардың имплантация алдындағы генетикалық тестілеуді (бұдан әрі – ИГТ) қолдана отырып, донорлық жасушалар мен ИГТ ақысы пациенттердің өз қаражаты есебінен дербес төлеу шартымен, ауыр генетикалық анамнезі бар ерлі-зайыптылар. Пациенттер жыныс жасушалары донорларын таңдауды фенотиптік сипаттама негізінде ерікті және дербес жүзеге асырады;

6) МӘМС жүйесінде ҚРТ бағдарламаларын қолданғаннан кейін жүктілік болмаған кезде (эмбриондарды криоауыстыру рәсімін ағымдағы кезең ішінде биоматериалды тасымалдаусыз, ҚРТ бағдарламасын орындайтын медициналық ұйымға өз қаражаты есебінен қайта жүргізуге жолдама беру шартымен);

7) криоконсервацияланған эмбриондар болған жағдайда пациенттер криоконсервацияланған эмбриондар толық қолданғанға дейін МӘМС жүйесінде ҚРТ бағдарламасына қайта жіберілмейді.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. МӘМС жүйесінде ҚРТ қолданумен емшара көрсету Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынылады.

Мұздатылған эмбриондарды кешіктіріп ауыстыру кезінде емшара пациент үшін қолайлы кезеңде жүргізіледі.

Аналық бездердің әлсіз жұмыс істеуі немесе эмбриондардың дамуының тоқтауы себебінен ЭКҰ бағдарламасы аяқталмаса, бұл аяқталмаған жағдай болып жабылып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – ӘлМСҚ) жіберіледі және нақты жұмсалған шығындар бойынша төленеді.

МӘМС жүйесінде ҚРТ қолдана отырып бедеулікті емдеу тиімділігінің өлшемшарты ультрадыбыстық зерттеудің көмегімен жүктілігі расталған әйелдердің үлесі (емделгендер санының %) болып табылады.

ҚРТ қолданумен емшара жүргізу үшін сперматозоидтарды хирургиялық жолмен алуға көрсетілімдер:

обструктивті емес және обструктивті азооспермия;

эякуляцияның бұзылуы: аспермия, ретроградтық эякуляция;

эякуляттағы 100 % (жүз пайызда) некрозоспермия болып табылады.

Сперматозоидтарды хирургиялық жолмен алуға кез келген жердегі жіті инфекциялық аурулар қарсы көрсетілімдер болып табылады.

Сперматозоидтарды алудың оңтайлы әдісін уролог-дәрігер жүзеге асырады.

АЖСИИ-ға мынадай көрсетілімдер:

эякулят параметрлерінің айтарлықтай төмендеуінде көрінетін ерлер бедеулігінің факторы;

хирургиялық жолмен алынған сперматозоидтарды пайдалану;

мұздатылғаннан кейін ооциттерді пайдалану;

полимеразды тізбекті реакция әдісімен ИГТ жүргізу;

алдыңғы ҚРТ бағдарламасында ұрықтандырудың төмен жиілігі болып табылады.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6-1. ФСГ және кариотип қанағаттанарлық талдауы кезінде азоспермияның обструктивтік түрі (ұрық шығару жолдарының агенезиясы, созылмалы екі жақты обструктивтік эпидидимит) кезінде МӘМС жүйесінде жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізу мүмкін болады.

Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2021 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. Пациентті бекітілген орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдары бедеулігі бар диспансерлік науқастардың электрондық тіркеліміне енгізеді. Бедеуліктің себептерін зерттеп-қарағаннан және анықтағаннан кейін бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің бекітілген жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдары МӘМС жүйесінде ҚРТ жүргізу туралы мәселені шешу үшін пациенттің құжаттарын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының өңірлік комиссиясына (бұдан әрі – өңірлік комиссия) жібереді.

Бедеулікті емдеу кезінде ҚРТ-ны қолдана отырып медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар МӘМС жүйесінде жүргізілген ҚРТ емшаралары бойынша деректерді медициналық цифрлық жүйеге енгізеді.

Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8. ҚРТ пайдалана отырып, медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымды таңдауды пациент жүзеге асырады. Оң шешім қабылданған жағдайда өңірлік комиссия пациенттің құжаттар топтамасын қоса тіркей отырып, "Емдеуге жатқызу бюросы" порталында емдеуге жатқызуға жолдаманы тіркейді.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-1. МӘМС жүйесінде ҚРТ қолданылатын емшараны жүргізу үшін медициналық ұйымдарды іріктеу өлшемшарттары:

1) медициналық қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның болуы;

2) ҚРТ саласында соңғы 3 (үш) жыл ішінде үздіксіз қызмет тәжірибесінің болуы;

3) клиникалық жүктіліктің басталу жиілігі ≥ 31 % (отыз бір пайыз), бала туу көрсеткіші кемінде 27 % (жиырма жеті пайыз) болатын ҚРТ бағдарламаларының тиімділігі;

4) жылына ЭКҰ емдеу циклдерінің саны кемінде 300 (үш жүз) цикл;

5) ресурстық және техникалық қамтамасыз етілуі (жеке эмбриологиялық зертханасының, толық циклдің болуы, мультигазды инкубаторлар мен АЖСИИ жүйесінің болуы, асқынулар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкіндігі);

6) штатта "Репродуктология" немесе "Қосалқы репродуктивтік технологиялар" (ҚРТ) бағыты бойынша сертификаттау курстарынан өткен кемінде 2 (екі) акушер-гинекологтың болуы (еңбек өтілі кемінде 5 (бес) жыл), штаттық эмбриологтың болуы;

7) уәкілетті органның цифрлық жүйелерімен интеграциялануы болып табылады.

Ескерту. 1-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Экстракорпоралдық ұрықтандыру жүргізу тәртібі

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. ЖҰ суперовуляциясыз (табиғи етеккір циклінде) немесе суперовуляцияны ынталандырумен жүзеге асырылады.

10. Суперовуляцияны ынталандыратын ЭКҰ емшарасы мынадай кезеңдерден тұрады:

1) пациенттерді іріктеу және зерттеп-қарау;

2) фолликулогенез мониторингін және эндометрия дамуын қоса алғанда суперовуляция индукциясы;

3) аналық без фолликулаларын пункциялау, ооцитті (ооциттерді) алу;

4) ооцитті (ооциттерді) және (немесе) АЖСИИ инсеминациялау, invitro (пробирка) ішінде эмбриондарды өсіру;

5) эмбриондарды жатыр қуысына ауыстыру;

6) ауыстырудан кейінгі гормоналдық қолдау;

7) ерте мерзімдегі жүктіліктің диагностикасы.

Суперовуляцияны ынталандырусыз ЭКҰ емшарасы (табиғи етеккір циклінде) мынадай кезеңдерден тұрады:

1) пациенттерді іріктеу және зерттеп-қарау;

2) фолликулогенез мониторингін және эндометрияның дамуы;

3) аналық без фолликулаларын пункциялау, ооцитті (ооциттерді) алу;

4) ооцитті (ооциттерді) инсеминациялау және (немесе) АЖСИИ, invitro (пробирка) ішінде эмбриондарды өсіру;

5) эмбриондарды жатыр қуысына ауыстыру;

6) ауыстырудан кейінгі гормоналдық қолдау;

7) ерте мерзімдегі жүктіліктің диагностикасы.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. Донорлық жыныстық жасушаларды пайдалануға көрсетілімдер болған кезде, пациенттің жазбаша келісімімен ЭКҰ емшарасы мынадай кезеңдермен толықтырылады:

1) эмбриондарды криконсервілеу;

2) жыныс жасушаларын криоконсервілеу (ооциттер, шәуетті);

3) криоконсервіленген эмбрионды жатыр қуысына енгізу.

Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

12. ЭКҰ жүргізу үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:

1) терапияға 12 ай бойы көнбейтін бедеулік;

2) екі жатыр түтігінің жоқтығына байланысты түтік бедеулігі;

3) жатыр түтіктерінің окклюзиясынан (жалғыз қалған түтік), одан арғы консервативтік және хирургиялық емдеу перспективасы болмаған кезде кіші жамбастағы жабыспа процесімен негізделген түтікті, түтікті-перитонеалдық бедеулік;

4) 6-12 ай ішінде гормондық терапиядан әсер болмаған жағдайда эндокриндік бедеулік;

5) 6-12 айдың ішінде консервативтік емдеу әдістерін қолдану кезінде кіші жамбас ағзаларының эндометриозымен негізделген сәтсіз бедеулік;

6) шығу тегі белгісіз бедеулік және оны консервативті емдеудің тиімсіздігі кезінде;

7) аналық бездердің болмауы;

8) 6 ай бойы емделмейтін ерлердің бедеулігі;

9) бедеуліктің түрлерінің қосарлануы.

Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2021 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

13. ЭКҰ жүргізу және эмбриондарды жатыр қуысына ауыстыру мынадай қарсы көрсетілімдер болған кезде жүргізілмейді:

1) жүктілікті көтеруге қарсы көрсетілімдері бар соматикалық және психикалық аурулар;

2) туа біткен кемістігі, жатыр қуысының жүре пайда болған деформациялары (эмбриондарды ауыстыруға және жүктіліктің дамуына кедергі келтіретін);

3) операциялық емдеуді талап ететін және (немесе) ооцитті (ооциттерді) алуға кедергі келтіретін аналық бездердің қатерсіз ісіктері;

4) эндометрияның гиперпластикалық процестері;

5) операциялық емдеуді қажет ететін жатырдың қатерсіз ісіктері;

6) кез келген жерде орналасқан жіті қабыну аурулары;

7) кез келген жерде орналасқан қатерлі ісіктер (мультипәндік тобы мамандарының суперовуляцияны ынталандыру туралы қорытындысы бойынша химиотерапия және радиациялық терапияға дейін ооцитерді алу жағдайларын қоспағанда);

8) кесарь тілігі немесе миомэктомия операцияларынан кейін жатырда екі және одан да көп тыртықтың болуы, анатомиялық және функционалдық жеткіліксіздік белгілері аспаптық диагностика әдістерімен (УДЗ, МРТ, гистероскопия) расталған жағдайда, ана өлімінің жоғары қаупін (жатырдың жыртылуы, плацентаның шынайы бітісіп өсуі) туындатады.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14. Қарсы көрсетілімдер болмаған кезде ЭКҰ пациенттің немесе бедеуліктің кез келген түрімен ауыратын пациенттердің қалауы бойынша жасалады.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

15. Эмбриондарды жатыр қуысына имплантаттауға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, әйелден суперовуляциясыз және (немесе) суперовияцияларды ынталандыру арқылы ооациттер алынып, одан әрі эмбрионды (эмбриондарды) суррогат ананың жатыр қуысына ауыстыру жүргізіледі.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

16. ЭКҰ алдында пациенттерді зерттеп-қарау осы Қағидалар мен шарттарға 1-қосымшаға сәйкес көлемде жүргізіледі.

Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

17. Суперовуляция индукциясын емдеуші дәрігер Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға (бұдан әрі – ҚҰДФ) енгізілген дәрілік препараттардың мынадай топтарын пайдалана отырып жүргізеді:

эстрогендік рецепторлардың селективті модуляторлары;

гонадотропиндер (адам менопаузалық гонадотропин, фолликуланы ынталандырушы гормон, рекомбинантты фолликуланы ынталандырушы гормон, рекомбинантты лютеиндейтін гормон, хорионикалық қуықтық гонадотропин және рекомбинантты, фоллитропин дельта);

гонадотропин-рилизинг гормонының агонистері;

гонадотропин-рилизинг гормонының антагонистері;

антиэстроген және соматропты гормондар;

ферменттердің ингибиторлары.

Ынталандыру схемасын, енгізілетін препараттарды таңдауды, дозаны түзетуді және суперовуляция индукциясы хаттамасына өзгерістер енгізуді емдеуші дәрігер жеке тәртіппен жүзеге асырады.

Суперовуляцияны ынталандырусыз және (немесе) суперовуляцияны ынталандырумен фолликулдар мен эндометрияның дамуын динамикалық бақылау үшін емдеуші дәрігер ультрадыбыстық мониторингті және (немесе) гормондық мониторингті пайдаланады.

Ультрадыбыстық мониторинг барысында фолликулалардың саны анықталады, олардың орташа диаметрі өлшенеді (екі өлшемнің қосындысы бойынша), эндометрияның қалыңдығы анықталады.

Гормондық мониторинг кезінде қандағы эстрадиол мен прогестерон концентрациясын динамикалық анықтау жүргізіледі.

Суперовуляцияны ынталандырудың аяқталу көрсеткіштері:

1) жетекшi фолликулдың (фолликулдардың) диаметрі 17 миллиметрден астам және эндометрияның функционалдық қабатының жетілуі;

2) стериодогенездiң (қан плазмасындағы эстрадиолдың концентрациясы) белсендiлiгi деңгейі.

Ооциттердің жетілуін аяқтау үшін: хорионикалық гонадотропин немесе гонадотропин-рилизинг гормонының агонистері сәйкес таңдалған мөлшерде тағайындалады.

18. Аналық без фолликулаларының пункциясы және фолликулярлық сұйықтықтың аспирациясы овуляция триггерін (хорионикалық гонадотропин, гонадотропин-рилизинг агонистері, олардың аналогтарының гормоны және тиісті көрсетілімдері бар синтетикалық туынды препараттар) енгізген сәттен бастап 32-40 сағаттан кейін жүргізіледі немесе эндогенді лютеиндеуші гормон (ЛГ) шыңының болуын көрсететін гормондық тестердің бақылауымен овуляция триггерін қолданбай жүргізіледі.

Пункция стационарды алмастыратын жағдайларда, шағын операциялық бөлмеде, ультрадыбыстық бақылаумен трансвагинальды әдетте жалпы жансыздандыратын және (немесе) жансыздандырмайтын (жансыздандыру қажеттілігі, мүмкіндігі және түрі жеке шешіледі) арнайы пункциялық инелердің көмегімен жүргізіледі.

Трансвагиналдық пункцияны орындау мүмкін болмаған кезде ооциттер трансабдоминалды алынады.

Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

19. Фолликулалардың пункциясы нәтижесінде алынған фолликулалық сұйықтық арнайы контейнерге орналастырылады. Аспират стерео-микроскоппен зерттеледі және алынған ооциттер өсіру үшін ортаға қондырылады. Ооциттері бар шыныаяқ арнайы инкубаторға орналастырылады.

20. ЭКҰ үшін жыныстық серіктестің немесе донордың арнайы дайындалған шәуеті қолданады.

Шәуетті алу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

мастурбациялау;

пункция жасау арқылы;

аталық без қосалқысынан сперматозоидтарды перкутандық (тері арқылы) аспирациялау (алу);

аталық без тінінен сперматозоидтарды перкутандық аспирациялау;

аталық без қосалқысынан ашық биопсия жүргізіп, кейіннен сперматозоидтарды экстракциялау (алу) арқылы алу;

аталық безге ашық биопсия жүргізіп, кейіннен сперматозоидтарды экстракциялау арқылы алу.

Эякулятты жинауға арналған арнайы стерильді ыдыс таңбаланады. Шәует және (немесе) кейіннен пайдалану үшін алынған биопсиялық материал криоконсервациялауға жатады.

Нативті, криоконсервацияланған сперматозоидтарды пайдалану алдында ұрық плазмасынан жуылады. Морфологиялық қалыпты және неғұрлым жылжымалы сперматозоидтар фракциясы центрифугалау (флотация) немесе тығыздық градиентінде центрифугалау жолымен қалған сперматозоидтардан бөлінеді.

Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

21. Жыныс жасушалары донорларын таңдауды пациенттер фенотиптік сипаттама негізінде ерікті және дербес жүзеге асырады.

22. Ооциттердің ұрықтануы 12-24 сағаттан кейін екі айқын көрінетін пронуклеусты анықтау арқылы бағаланады. Зиготтар эмбриондардың бастапқы дамуы жүретін жаңа мәдени ортаға қондырылады.

23. Эмбриондарды жатыр қуысына қондыру әртүрлі кезеңдерде, ұсақтау сатысынан бастап ұрықтанғаннан кейін 5-7 күн ішінде адамда пайда болатын бластоцист сатысына дейін жүзеге асырылады. Егер операция техникасында қиындықтар болса, эмбрионды қондыру жалпы анестезиямен жүзеге асырылады.

24. Жатыр мойыны арнасының өтімділігі тежеусіз бұзылған жағдайда эмбриондарды қондыру жатыр қабырғасы арқылы (трансмиометралдық) жүзеге асырылады. Мандрені бар ине жатыр қуысына трансвагиналдық немесе трансабдоминалдық түрде енгізіледі.

25. Жатыр қуысына жатыр мойыны арнасы арқылы әйелдің жатыр қуысына енгізілетін арнайы катетерлерді қолдана отырып, 2 (екеуден) аспайтын эмбрион қондырылады.

26. Эмбриондарды жатыр қуысына ауыстыру алдында, импланттау жиілігін арттыру мақсатында бластоцистаның шығуын жеңілдету есебінен көрсетілімдер бойынша үш күннен жеті күнге дейінгі жастағы эмбриондардың мөлдір қабығын кесу жүргізіледі.

Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

27. Трансферден кейінгі гормондық қолдау прогестерон, эстроген препараттарымен және ҚҰДФ-ға енгізілген аналогтармен жүзеге асырылады.

28. Аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромының қаупі болмаған кезде трансферден кейінгі гормоналдық қолдау хорионикалық гонадотропин препараттарын енгізуді қамтиды.

29. Қандағы және несептегі бета-хорионикалық гонадотропин мөлшері бойынша жүктілікті диагностикалау эмбриондарды ауыстыру сәттен бастап күнтізбелік 12-14 (он екі - он төрт) күннен кейін жүзеге асырылады. Жүктіліктің ультрадыбыстық диагностикасы эмбрион (эмбриондар) ауыстырылғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бірінші) күннен бастап жүргізіледі.

Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

30. Көп ұрықпен (екі және одан да көп ұрықпен) байланысты акушерлік және перинаталдық асқынулардың профилактикасы мақсатында пациенттің келісімімен дамушы ұрықтардың санын азайту бойынша операция жүргізіледі (ұрықтарды редукциялау).

31. Ұрықты редукциялау жүкті әйелдің жазбаша хабардар етілген келісімі болған кезде орындалады. Редукцияланатын ұрықтандырудың санын әйел анықтайды.

32. Қалдырылған және редукцияланатын ұрықтарды таңдау жүктіліктің тоғыз аптасынан бастап олардың жағдайын сипаттайтын ультрадыбыстық зерттеу деректерін ескере отырып жүргізілуі керек.

33. Эмбриондарға қол жеткізу (трансвагиналдық, трансцервикалдық, трансабдоминалдық) және ұрықтың дамуын тоқтату әдісі жеке таңдалады.

34. Ұрықты редукциялау үшін қарсы көрсетілімдер: жүктілікті үзу қаупі және жіті қабыну аурулары болып табылады.

3-тарау. Ооцит цитоплазмасына сперматозоидты инъекциялау тәртібі

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

35. АЖСИИ-ге көрсетілімдер:

1) олигозооспермия – сперматозоидтардың шоғырлануы 15 (он бес) миллион/миллилитрден аз;

2) астенозооспермия – эякулятта А және В тобындағы сперматозоидтардың үлесі 32% (отыз екі пайызынан) аз;

3) тератозооспермия – морфологиялық талдаудың мәліметтері бойынша қалыпты нысандар 4% (төрт пайызын) аз;

4) шәуеттің қосарланған патологиясы;

5) эякулятта антисперматикалық антиденелердің клиникалық маңызды көлемі (аралас агглютинация реакциясы) 50% (елу пайыздан) жоғары;

6) алдағы эктракорпоралдық ұрықтандыру кезінде invitro ооциттерінің 50% (елу пайыздан) аз ұрықтандыру немесе оның осы циклде болмауы;

7) сексуалдық және эякуляциялық бұзылыстар;

8) аталық безді және оның қосалқысын пункциялық немесе ашық биопсиялау арқылы алынған сперматозоидтарды пайдалану кезінде;

9) криоконсервацияланған ооциттерді пайдалану;

10) ооцит цитоплазмасына сперматозоидты инъекциялау әдісімен ұрықтандыру болжамы ооциттердің инсеминациясына қарағанда жоғары болатын барлық жағдайлар болып табылады.

Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

36. Обструктивті азооспермия және бастапқы тестикулярлық жеткіліксіздік сперматозоидтарды хирургиялық жолмен алуға көрсетілімдер болып табылады.

Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

37. Жіті инфекциялық аурулар сперматозоидтарды хирургиялық алуға қарсы көрсетілімдер болып табылады.

Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

38. Сперматозоидтарды алу үшін хирургиялық араласу алдындағы зерттеп-қарау көлемі қан тобы мен резус-факторын анықтауды, қанның ұю уақытын қоса алғанда, клиникалық қан анализін, мерезге қан анализін, АИТВ, В және С гепатитіне, биохимиялық қан анализін, коагулограмманы, несептің жалпы талдауын, электрокардиограмманы, терапевттің қорытындысын қамтиды.

Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

39. АЖСИИ жүргізу кезеңдері:

1) мембрананың тұтастығын бұзу арқылы сперматозоидты қозғалыссыз қалдыру;

2) ооциттің сыртқы цитоплазмалық мембранасының тұтастығын бұзу;

3) сперматозоидты микроине көмегімен ооцит цитоплазмасына енгізу.

Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

40. Сперматогенез бұзылуы нысандарында сперматозоидтарды алудың оңтайлы тәсілін зерттеп-қараудан кейін "урология және андрология (негізгі мамандықтың бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар) мамандығы бойынша дәрігер таңдайды.

Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

41. Азооспермия кезінде сперматозоидтарды аналық жасушасына енгізу үшін аталық бездің ашық биопсиясы арқылы сперматозоидтарды экстракциялау немесе аталық бездің қосалқсы құрамын аспирациялау, аталық бездің қосалқысына немесе аталық безге тері арқылы аспирациялық хирургиялық араласулар арқылы алынады.

Биологиялық өлімді анықтағаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде ашық биопсия арқылы қайтыс болғаннан кейін сперматозоидтарды алу жүргізіледі.

Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

42. Операция әйелден фолликулдарды пункциялау және ооциттерді алу күні жасалады. Криоконсервацияланған тінді және аталық бездің және (немесе) оның эпидидимис аспиратын пайдалану пациенттердің жазбаша өтініші болған жағдайда жүзеге асырылады – бұл жағдайда сперматозоидтарды алу рәсімі жұбайының аналық безінің фолликулдарын пункциялауға қарамастан алдын ала жүргізіледі.

Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

43. Микроинъекция жүргізуден бұрын ооциттің сәулелі тәжінің жасушалары алып тасталады. Микроманипуляция бірінші полярлық денешігі бар жетілген ооциттерде жүргізіледі. Аталық безден немесе оның қосалқыларынан алынған эякулятты және аспиратты өңдеу әдістемесін сперматозоидтардың саны мен сапасына қарай эмбриолог жеке таңдайды.

Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

44. АЖСИИ арнайы микроқұралдарды пайдалана отырып, микроманипуляторлармен жабдықталған инверттелген микроскоптың көмегімен орындалады.

Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Суррогат ана болу

45. Мыналар суррогат ана болуға көрсетілімдер болып табылады:

1) жатырдың болмауы (туа біткен, жүре пайда болған);

2) туа біткен даму ақаулары, имплантация мен жүктілікті аяғына дейін көтеруге кедергі келтіретін аурулардың салдарынан жатыр қуысы мен мойнының деформациясы;

3) терапияға берілмейтін эндометрияның патологиясы: эндометрия атрофиясы, жатыр қуысының синехиялары;

4) жүктілік көтеруге қарсы көрсетілімдері бар соматикалық аурулар;

5) оларды қондыру жүктілікке алып келмеген жоғары сапалы эмбриондарды бірнеше рет алу кезінде ҚРТ сәтсіз қайталанған әрекеттер.

46. Суррогат аналарды зерттеп-қарау осы Қағидалар мен шарттарға 2 -қосымшаға сәйкес көлемде жүргізіледі.

47. "Суррогат ана болу" емшарасында ЭКҰ және эмбриондарды ауыстыруға қарсы көрсетілімдер болып табылады:

1) жүктілікке қарсы көрсетілімдері бар соматикалық және психикалық аурулар.

2) туа біткен даму кемістігі, жүре пайда болған жатыр қуысының деформациясы.

3) операция жасауды қажет ететін жатырдың қатерлі ісіктері.

4) кез-келген жерде орналасқан жіті қабыну аурулары.

5) кез-келген жерде орналасқан қатерлі ісіктер.

6) көп босанған әйел (анамнезінде 4 немесе одан да көп босану).

7) ауыр акушерлік анамнез (кесар тілігінен кейін жатырда тыртықтың болуы және консервативтік миомэктомия, жатырдың перфорациясы).

Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

48. "Суррогат ана" емшарасы шарт жасалғаннан кейін мынадай алгоритм бойынша жүзеге асырылады:

1) суррогат ананы таңдау және зерттеп-қарау;

2) суррогат және генетикалық аналардың етеккір циклдерін синхрондау. Криоконсервіленген эмбриондарды жатыр қуысына көшірген жағдайда циклдарды синхрондау жүргізілмейді;

3) генетикалық ананың овуляциясын ынталандыру;

4) генетикалық ананың аналық бездерінің пункциясы;

5) суррогат ананың жатыр қуысына эмбриондарды ауыстыру арқылы ЭКҰ емшарасы;

6) суррогат ананың лютеинді фазасын қолдау.

Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

49. Генетикалық ата-аналардың мұздатылған эмбриондарын ауыстыру емшарасы кезінде:

1) суррогат ананы таңдау және зерттеп-қарау (суррогат ана бір мезгілде аналық жасушасының доноры бола алмайды);

2) суррогат ананың эндометриясын дайындау;

3) суррогат ананың жатыр қуысына мұздатылған эмбриондарды ауыстыру (суррогат ана болу бағдарламасында донордың аналық жасушалары, шәует және эмбриондар бір уақытта қолданылмайды);

4) суррогат анаға ауыстырудан кейінгі гормональды қолдау жүргізіледі.

Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Донор немесе жыныстық серіктесінің шәуетімен жасанды инсеминациялау

50. ЖИ шәуетті қынапқа, жатыр қуысына, цервикальдық арнаға енгізу арқылы жүргізіледі.

Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2021 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

51. Емшара овуляцияны ынталандырусыз да, сонымен және овуляцияны ынталандыру да арқылы жүзеге асырылады.

52. Донорлық шәуетпен ЖИ кезінде криоконсервацияланған, карантиндік шәуетті қолдануға рұқсат етіледі.

53. Донорлық шәуетпен ЖИ кезінде алдынала өңделген шәуетті қолдануға рұқсат етіледі.

54. Донорлық шәуетпен ЖИ-ға көрсетілімдер мыналар:

1) ер адам тарапынан: бедеулiк, эякуляторлық- сексуалдық бұзылулар мен қолайсыз медициналық-генетикалық болжам;

2) әйел тарапынан: жыныстық серiктестiң болмауы.

55. Серіктесінің шәуетiмен ЖИ-ға көрсетілімдер болып табылады:

1) ер адам тарапынан: субфертильдi шәует пен эякуляторлық-жыныстық бұзылулар;

2) әйел тарапынан: бедеулiктiң цервикулярлы факторы, анықталмаған әйел бедеулігі, овуляцияның болмауы мен вагинизм.

56. Әйел тарапынан ЖИ мынадай қарсы көрсетілімдер кезінде жүргізілмейді:

1) жүктілік үшін қарсы көрсетілімдері бар соматикалық және психикалық аурулар;

2) туа біткен даму ақаулары, эмбриондарды ауыстыруға және жүктіліктің дамуына кедергі келтіретін жатыр қуысының жүре пайда болған деформациялары;

3) операциялық емдеуді қажет ететін аналық бездердің қатерсіз ісіктері және (немесе) ооцитті (ооциттерді) алуға кедергі келтіретін;

4) эндометрдің гиперпластикалық процестері;

5) операциялық емдеуді талап ететін және (немесе) эмбриондарды ауыстыруға және жүктіліктің дамуына кедергі келтіретін жатырдың қатерсіз ісіктері;

6) кез-келген жерде орналасқан жіті қабыну аурулары;

7) кез-келген жерде орналасқан қатерлі ісіктер (мультипәндік тобы мамандарының супероврдуляцияны ынталандыру жөніндегі қорытындысы бойынша химиотерапия және радиациялық терапияға дейін ооцитерді алу жағдайларын қоспағанда).

Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2021 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

57. ЖИ жүргізу алдында зерттеп-қарау осы Қағидалар мен шарттарға 3 - қосымшаға сәйкес көлемде жүргізіледі.

58. ЖИ жүргізу алдында шәует донорларын зерттеп-қарау осы Қағидалар мен шарттарға 4 - қосымшаға сәйкес көлемде жүргізіледі.

59. Донордың шәуетін қолдану туралы шешімді пациенттер өздері қабылдайды.

60. Шәуетті жатыр қуысына енгізу периовулярлық кезеңде жүзеге асырылады.

61. ЖИ әрекеттерінің санын дәрігер айқындайды.

6-тарау. Имплантаттау алдындағы генетикалық тестілеу

Ескерту. 6-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2021 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

62. Имплантаттау алдындағы генетикалық тестілеу (бұдан әрі – ИАГТ) криоконсервіленген эмбриондарды ауыстыру пациенттердің қалауы бойынша немесе көрсетілімдер бойынша жүргізіледі:

1) жүктілікті аяғына дейін дағдылы көтермеу, екі немесе одан да көп дамымайтын жүктілік, өздігінен болатын аборттар;

2) жасы үлкен топтағылар (әйел жасы 37-ден және жоғары);

3) ҚРТ екі немесе одан да көп сәтсіз өткізілгенде;

4) ерлер бедеулігінің ауыр түрлері болса;

5) жынысқа байланысты аурулардың тұқым қуалау қаупі жоғары;

6) моногендік аурулары, моногендік ауруларды тасымалдаушы науқастар,молекулалық-генетикалық диагностиканың болу шартымен;

7) егер ата-ананың (немесе олардың біреуінің) патологиясы бар баласы болса;

8) кариотиптері бұзылған, хромосомалық синдромдардың мозаикалық нұсқалары бар жұптарға (ерлі-зайыптылардың біреуінде), теңдестірілген құрылымдық қайта құрулардың барлық түрлерін, маркерлік хромосомаларды тасымалдаушыларға;

9) ата-аналардағы резус қақтығысы кезінде болашақ анамен сәйкес келетін резус-факторымен эмбрионды анықтау үшін.

Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2021 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

63. ПГТ эмбриондардағы геномдық, хромосомалық және моногендік ақауларды анықтау мақсатында жүргізіледі. Анеуплоидияның имплантаттауға дейінгі генетикалық тестілеуі (PGT-A) хромосомалардың геномдық және сандық өзгерістерін (полиплоидия, анеуплоидия) анықтайды. Құрылымдық қайта құрудың имплантаттауға дейінгі генетикалық сынағы (PGT-SP) хромосомалардың құрылымын (жою, қайталану, транслокация, инверсия) анықтайды. Моногендік ауруларды имплантаттау алдындағы генетикалық тестілеу (ПГТ-М) моногендік аурулармен байланысты мутацияларды анықтайды (аутосомдық-доминанттық, аутосомдық-рецессивтік, жынысына байланысты).

Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2021 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

64. Генетикалық зерттеулер ооциттердің полярлық денелерінде және эмбрионалды бластомералардың ядроларында және бластоцистің трофэктодерма жасушаларында жүргізілді. ИАГТ жүргізу кезінде пациенттерді эмбриондардың жыныстық тиістілігі туралы хабардар ету жыныстық хромосомалармен байланысты хромосомалық ауытқулар қаупі болған кезде жүзеге асырылады.

Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2021 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

65. Диагностика флуоресценттік гибридизация in-sita (FISH), салыстырмалы геномдық будандастыру (CGH), полимераздық тізбектік реакция (PCR) және жаңа ұрпақтарды секвенирлеу (NGS) әдістерін қолдана отырып жүргізеді.

Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2021 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

66. ИАД инвазивтік пренаталдық диагностиканың баламасы болып табылмайды және кейіннен бұл құрсақішілік ұрықтың генетикалық диагнозын нақтылау үшін жүргізіледі.

Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.06.2021 № ҚР ДСМ-52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарына 1-қосымша

Экстракорпоралды ұрықтандыру жүргізу алдында пациенттерді зерттеп-қарау көлемі

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.02.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1. Әйелге арналған зерттеп-қараудың көлемі:

1) гинекологиялық (трансвагинальды) УДЗ (әрбір емшараның алдында);

2) қан тобы мен резус-факторын анықтау (бір рет);

3) Вестергрен әдісімен жасушалардың 5 класын саралай отырып, талдауышта қанның жалпы талдауы және қандағы ЭШЖ өлшеу (әрбір емшара алдында);

4) жалпы несеп талдауын (несеп тұнбасының жасушалық элементтерінің санын есептеумен физика-химиялық қасиеттері) зерттеу (әрбір емшараның алдында);

5) қан сарысуындағы В гепатиті вирусының HBeAg антиденелерін иммуноферменттік әдіспен (бұдан әрі – ИФТ әдісі) анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай);

6) қан сарысуындағы С гепатиті вирусына сомалық антиденелерді ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай);

7) микропреципитация реакциясы әдісімен (бұдан әрі – МПР) мерезге серологиялық зерттеп-қарау, қолданылу мерзімі – 30 (отыз) күн;

8) қан сарысуындағы АИТВ-инфекциясына – 1, 2 жиынтық антиденелерін және p24 антигенін ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 10 күн);

9) гинекологиялық жағындының тазалық дәрежесін анықтау (қолданылу мерзімі – 10 күн);

10) жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу (қолданылу мерзімі – 12 ай);

11) денсаулық жағдайы мен экстракорпоралдық ұрықтандыруға жүргізу және жүкті болуға жол беру туралы қорытындыны қағаз жеткізгіште ұсынумен терапевт консультациясы (қолданылу мерзімі – 1 ай);

12) биологиялық материалда Chlamydia trachomatis (хламидиа трахоматис) қоздырғышына Ig М анықтау (қолданылу мерзімі – 6 ай);

13) қан сарысуындағы қызамық қоздырғышына Ig G, М ИФТ-әдісімен анықтау (егу немесе болған ауруларды растайтын деректер болмаған кезде бір рет) (қолданылу мерзімі – 6 ай);

14) қан сарысуындағы тиреотропты гормонды (ТТГ) ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 6 ай);

15) қан сарысуындағы пролактинді ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

16) қан сарысуындағы анти Мюллер гормонын ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 6 ай);

17) қан сарысуындағы ФЫГ және ЛГ ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 6 ай);

18) қанды биохимиялық талдау (қан сарысуындағы аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) анықтау, қан сарысуындағы аспартатаминотрансферазаны (АСаТ) анықтау, қан сарысуындағы жалпы билирубинді анықтау, қан сарысуындағы глюкозаны талдауышта анықтау, қан сарысуындағы жалпы ақуызды анықтау, қан сарысуындағы креатининді талдауышта анықтау (қолданылу мерзімі – 10 күн);

19) коагулограмманы анықтау кейіннен ПТЗ және қан плазмасындағы ХНҚ қол әдісімен есептей отырып, ПУ анықтау, қан плазмасындағы БІТУ анықтау, қан плазмасындағы фибриногенді анықтау (қолданылу мерзімі – 10күн);

20) сүт бездерінің УДЗ, іш қуысының УДЗ және бүйректің УДЗ (қолданылу мерзімі – 12 ай);

21) толық жазылған электрокардиографиялық зерттеу (12 бұрылыс) (қолданылу мерзімі – 3 ай);

22) диагностикалық флюорография (1 проекция) (қолданылу мерзімі – 12 ай);

23) 40 жастан асқан пациенттерге маммография (2 жылда 1 рет).

2. Көрсетілімдер бойынша (әйелдер үшін):

1) гистеросальпингография, лапароскопия, эндометрияны гистологиялық зерттеумен гистероскопия (көрсетілім бойынша) (қолданылу мерзімі – 12-24 ай);

2) қан сарысуындағы эстрадиолды, прогестеронды, кортизолды, бос трийодтиронинді (T3), тироксинді (T4), ДГЭА мен ЛГ ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

3) перифериялық қан жасушаларын цитогенетикалық зерттеу (кариотип) (бір рет);

4) қан сарысуындағы гомоцистеинді талдағышта анықтау, қан сарысуындағы кардиолипинге Ig G және М К ИФТ-әдісімен анықтау, қан сарысуындағы b2-гликопротеин I Ig G және М ИФТ-әдісімен анықтау, қан плазмасындағы жегі антикоагулянтын (LA1/LA2) талдағышта анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

5) қан сарысуындағы D дәруменін талдағышта анықтау (көрсетілім бойынша); (қолданылу мерзімі – 12 ай);

6) үрпіден және цервикалдық каналдан бөлінетін сұйықтықтарды бактериологиялық зерттеу (таза өсіріндіні бөлу) (қолданылу мерзімі – 12 ай);

7) қан сарысуындағы антиспермалдық антиденелерді (SpermAntibodi) (антибоди ұрығы) ИФТ-әдісімен анықтау және ИФТ-әдісімен жалпы анти-фосфолипидтік антиденелерді анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

8) биологиялық материалдарды сапалы ПТР әдісімен инфекцияларға тексеріп-қарау: Toxoplasma gondii (гондия токсоплазмасы), цитомегаловирусты (ВПГ-V), 1 және 2 типті қарапайым герпес вирусын, Trichomonasvaginalis (трихомонасвагиналис), Neisseria gonorrhoeae (нейссерия гонококкае) (қолданылу мерзімі – 6 ай);

9) қалқанша безінің УДЗ (қолданылу мерзімі – 12 ай);

10) қорытынды бере отырып, көрсетілімдерге сәйкес мамандардың қарауы;

11) онкомаркерлерді анықтау СА15-3-сүт безі обыры және СА 125, HE-4 үшін, - аналық без обыры және ROMA индексі үшін (қолданылу мерзімі – 6 ай);

12) соматикалық аурулары бар әйелдерге ЭКҰ емшарасының алдында "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы талап етіледі.

3. Ерлерге арналған зерттеп-қараудың көлемі:

1) қан сарысуындағы В гепатиті вирусының HBeAg антиденелерін ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай);

2) қан сарысуындағы С гепатиті вирусына сомалық антиденелерді ИФТ-әдісімен жиынтық анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай);

3) МПР әдісімен мерезге серологиялық зерттеп-қарау, қолданылу мерзімі – 30 (отыз) күн;

4) қан сарысуындағы АИТВ-инфекциясына – 1,2 жиынтық антиденелерін және p24 антигенін ИФТ – әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 10 күн);

5) ұрық сұйықтығын жалпы клиникалық зерттеу (шәуетті зерттеу + МАР тест) (қолданылу мерзімі – 6 ай);

6) қан тобы мен резус- факторын анықтау (бір рет);

7) биологиялық материалда Chlamydia trachomatis (хламидиа трахоматис) Ig М анықтау (қолданылу мерзімі – 6 ай);

8) жалпы клиникалық, урогениталды жағындыны зерттеу (қолданылу мерзімі – 3 ай);

9) уроандролог консультациясы (қолданылу мерзімі – 12 ай);

10) диагностикалық флюорография (1 проекция) (қолданылу мерзімі – 12 ай).

4. Көрсетілімдер бойынша (ерлер үшін):

1) ұма ағзаларын УДЗ (көрсетілім бойынша) (қолданылу мерзімі – 12 ай);

2) қан сарысуындағы ТТГ ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

3) қан сарысуындағы пролактинді ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

4) қан сарысуындағы ФЫГ ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

5) қан сарысуындағы ЛГ ИФА-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

6) қан сарысуындағы тестостеронды ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

7) перифериялық қан жасушаларын цитогенетикалық зерттеу (кариотип), ДНҚ-дағы Y хромосоманың AZF факторын молекулалық-генетикалық әдіспен анықтау, мутагендік әсердің биологиялық индикациясы (хромосомалық аберрациялар) (бір рет);

8) қан сарысуындағы антиспермалды антиденелерді (SpermAntibodi) (антибоди ұрығы) ИФТ-әдісімен анықтау және ИФТ-әдісімен жиынтық анти-фосфолипидті антиденелерді анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

9) қуық асты безінің секрециясын зерттеу (жалпы клиникалық қолданылу мерзімі – 3 ай);

10) шәуетті бактериологиялық зерттеу (таза өсіріндіні бөлу) (қолданылу мерзімі – 12 ай);

11) ПЕА үшін қан анализі-простатикалық ерекше антиген (жарамдылық мерзімі – 12 ай);

12) биологиялық материалдарды сапалы ПТР әдісімен инфекцияларға тексеріп-қарау: Toxoplasma gondii (гондия токсоплазмасы), цитомегаловирусты (ВПГ-V), 1 және 2 типті қарапайым герпес вирусын, Trichomonasvaginalis (трихомонасвагиналис), Neisseria gonorrhoeae (нейссерия гонококкае) (қолданылу мерзімі – 6 ай);

13) қан сарысуындағы D витаминін анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай).

Ескертпе:

Аббревиатураларды ашып жазу:

УДЗ – ультрадыбысты зеттреу

ЭШЖ – эритроциттердің шөгу жылдамдығы

ИФА – иммунды ферментті анализ

ТТГ – тиреотропты гормона

ФЫГ – фоликулды ынталандыратын гормон

ЛГ – лютеиндеуші гормон

АЛаТ – аланинаминотрансфераза

АСаТ – аспартатаминотрансфераза

ПУ – протромбин уақытын

ПТИ – протромбиндік индекс

ХНҚ – халықаралық нормаланған қатынас

БТІУ – қан плазмасындағы белсендірілген ішінара тромбопластиндік уақытты

ДГЭА – дегидроэпиандростерона

ПТР – полимеразды тізбекті реакция

Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарына 2-қосымша

Суррогат аналарды зерттеп-қарау көлемі

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.02.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1. Суррогат аналарды зерттеп-қарау көлемі:

1) гинекологиялық (трансвагиналдық) ультрадыбыстық зерттеу (әрбір емшараның алдында);

2) қан тобы мен резус- факторын анықтау (бір рет);

3) Вестергрен әдісімен жасушалардың 5 класын саралай отырып, талдауышта қанның жалпы талдауы және қандағы эритроциттердің (ЭСЖ) шөгу жылдамдығын өлшеу (әрбір емшара алдында);

4) несепті жалпы клиникалық (несептің жалпы талдауы) зерттеу (әрбір емшараның алдында);

5) қан сарысуындағы В гепатиті вирусының HBsAg антиденелерін иммуноферменттік әдіспен (бұдан әрі – ИФТ әдісі) анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай);

6) қан сарысуындағы С гепатиті вирусына сомалық антиденелерді ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай);

7) микропреципитация реакциясы әдісімен мерезге серологиялық зерттеп-қарау, қолданылу мерзімі – 30 (отыз) күн;

8) қан сарысуындағы АИТВ-инфекциясына – 1,2 жиынтық антиденелерін және p24 антигенін ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 10 күн);

9) гинекологиялық жағындының тазалық дәрежесін анықтау (қолданылу мерзімі – 10 күн);

10) жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу (қолданылу мерзімі – 12 ай);

11) денсаулық жай-күйі мен экстракорпоралдық ұрықтандыру жүргізу және жүкті болуға рұқсат беру туралы терапевтің консультациясы (қолданылу мерзімі – 6 ай);

12) биологиялық материалдан Chlamydia trachomatis (хламидиа трахоматис) қоздырғышына Ig М анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай); биологиялық материалдарды сапалы ПТР әдісімен инфекцияларға тексеріп-қарау: Toxoplasma gondii (гондия токсоплазмасы), цитомегаловирусты (ВПГ-V), 1 және 2 типті қарапайым герпес вирусын, Trichomonasvaginalis (трихомонасвагиналис), Neisseria gonorrhoeae (нейссерия гонококкае) (қолданылу мерзімі – 6 ай);

13) қан сарысуындағы қызамық қоздырғышына Ig G, М ИФТ-әдісімен анықтау (егу немесе болған ауруларды растайтын деректер болмаған кезде бір рет) (қолданылу мерзімі – 3 ай);

14) қан сарысуындағы тиреотропты гормонды (ТТГ) ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 6 ай);

15) қан сарысуындағы пролактинді ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 6 ай);

16) қан сарысуындағы тестостеронды ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 6 ай);

17) қанды биохимиялық талдау: қан сарысуындағы АЛаТ және АСаТ, жалпы билирубинді, глюкозаны, жалпы ақуызды, креатинин және несепнәрді анықтау (қолданылу мерзімі – 10 күн);

18) коагулограмманы анықтау: кейіннен ПТИ және қан плазмасындағы ХНҚ есептей отырып, ПУ, қан плазмасындағы БІТУ, фибриногенді анықтау (қолданылу мерзімі – 10 күн);

19) сүт бездерінің УДЗ (қолданылу мерзімі – 1 жыл);

20) іш қуысының УДЗ және бүйректің УДЗ (қолданылу мерзімі – 12 ай);

21) толық жазылған электрокардиографиялық зерттеу (12 бұрылыс) (қолданылу мерзімі – 3 ай);

22) диагностикалық флюорография (1 проекция) (қолданылу мерзімі – 12 ай);

23) психиатр мен наркологтың қорытындысы (қолданылу мерзімі – 12 ай).

24) 40 жасқан асқан пациенттерге маммография (2 жылда 1 рет).

2. Көрсетілімдер бойынша (суррогат аналар үшін):

1) гистеросальпингография, лапароскопия, эндометриді гистологиялық зерттеумен гистероскопия (көрсетілімдер бойынша) (қолданылу мерзімі – 12 ай);

2) қан сарысуындағы эстрадиолды ИФТ-әдісімен анықтау, қан сарысуындағы кортизолды ИФТ-әдісімен анықтау,

қан сарысуындағы бос трийодтиронинді (T3) ИФТ-әдісімен анықтау,

қан сарысуындағы жалпы тироксинді (T4) ИФТ-әдісімен анықтау,

қан сарысуындағы тестостеронды ИФТ-әдісімен анықтау,

қан сарысуындағы дегидроэпиандростеронды (ДГЭА) ИФТ – әдісімен анықтау,

қан сарысуындағы лютеиндеуші гормонды (ЛГ) ИФТ-әдісімен анықтау (ЛГ) (қолданылу мерзімі – 6 ай);

3) қан сарысуындағы гомоцистеинді анықтау, қан сарысуындағы кардиолипинге Ig G және М К ИФТ – әдісімен анықтау, қан сарысуындағы b2-гликопротеин I Ig G және М ИФТ-әдісімен анықтау, қан плазмасындағы жегі антикоагулянтын (LA1/LA2) талдағышта анықтау (қолданылу мерзімі – 12 ай);

4) үрпіден және цервикалдық каналдан бөлінетін сұйықтықтарды бактериологиялық зерттеу (таза өсіріндіні бөлу) (қолданылу мерзімі – 3 ай);

5) ИФТ-әдісімен жалпы анти-фосфолипидтік антиденелерді анықтау (қолданылу мерзімі – 6 ай);

6) қан сарысуындағы пролактинді ИФТ – әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі –12 ай);

7) қорытынды бере отырып, көрсетілімдерге сәйкес мамандардың қарауы;

8) онкологиялық маркерлерді анықтау СА15 - 3 – сүт безі қатерлі ісігі үшін және СА 125-аналық без қатерлі ісігі үшін (жарамдылық мерзімі – 6 ай).

Ескертпе:

Аббревиатураларды ашып жазу:

УДЗ – ультрадыбысты зеттреу

ЭШЖ – эритроциттердің шөгу жылдамдығы

ИФА – иммунды ферментті анализ

ТТГ – тиреотропты гормона

ФЫГ – фоликулды ынталандыратын гормон

ЛГ – лютеиндеуші гормон

АЛаТ – аланинаминотрансфераза

АСаТ – аспартатаминотрансфераза

ПУ – протромбин уақытын

ПТИ – протромбиндік индекс

ХНҚ – халықаралық нормаланған қатынас

БТІУ – қан плазмасындағы белсендірілген ішінара тромбопластиндік уақыты

ДГЭА – дегидроэпиандростерона

ПТР – полимеразды тізбекті реакция

Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарына 3-қосымша

Жасанды инсеминация жүргізу алдында жыныстық серіктестің шәуетін зерттеп-қарау көлемі

Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.02.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1. Әйелге арналған зерттеп-қарау көлемі:

1) кіші жамбасты УДЗ (әрбір емшараның алдында);

2) Вестергрен әдісімен жасушалардың 5 класын саралай отырып талдауышта қанның жалпы талдауы және қандағы ЭШЖ (қолданылу мерзімі – 1 ай);

3) қан сарысуындағы В гепатиті вирусының HBsAg антиденелерін ИФТ-әдіс анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай);

4) қан сарысуындағы С гепатиті вирусына антиденелерді ИФТ – әдісімен жиынтық анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай);

5) микропреципитация реакциясы (бұдан әрі – МПР) әдісімен мерезге серологиялық зерттеп-қарау, қолданылу мерзімі – 30 (отыз) күн;

6) қан сарысуындағы АИТВ-инфекциясына – 1,2 жиынтық антиденелерін және p24 антигенін ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 10 күн);

7) гинекологиялық сүртіндінің тазалық дәрежесін анықтау (қолданылу мерзімі – 1 ай);

8) жатыр мойнынан сүртіндіні цитологиялық зерттеу ПАП-тест (қолданылу мерзімі – 12 ай);

9) диагностикалық флюорография (1 проекция) (қолданылу мерзімі – 12 ай);

10) биологиялық материалда ПТР әдісімен Chlamydia trachomatis (хламидиа трахоматис) анықтау (жарамдылық мерзімі – 12 ай);

11) сүт бездерінің УДЗ (қолданылу мерзімі – 12 ай);

12) терапевт консультациясы(қолданылу мерзімі – 12 ай).

2. Ерлер үшін зерттеп-қарау көлемі:

1) ұрық сұйықтығын жалпы клиникалық зерттеу (шәуетті зерттеу+МАР тест) (қолданылу мерзімі – 6 ай);

2) қан сарысуындағы В гепатиті вирусының HBsAg антиденелерін ИФТ – әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай);

3) қан сарысуындағы С гепатиті вирусының сомалық антиденелерін ИФТ – әдісімен жиынтық анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай);

4) МПР әдісімен мерезге серологиялық зерттеп-қарау, қолданылу мерзімі – 30 (отыз) күн.

5) қан сарысуындағы АИТВ-инфекциясына – 1,2 жиынтық антиденелерін және p24 антигенін ИФТ-әдісімен анықтау (қолданылу мерзімі – 10 күн);

6) урогенитальдық сүртіндіні жалпы клиникалық зерттеу (әрбір емшараның алдында).

Ескертпе:

Аббревиатураларды ашып жазу:

УДЗ – ультрадыбысты зеттреу

ЭШЖ – эритроциттердің шөгу жылдамдығы

ИФА – иммунды ферментті анализ

ПТР – полимеразды тізбекті реакция

Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарына 4-қосымша

Жасанды инсеминация жүргізу алдында шәует донорларын зерттеп-қарау көлемі

Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 15.02.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.09.2026 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Шәует донорын зерттеп-қарау көлемі:

1) қан тобы мен резус- факторын анықтау (бір рет);

2) терапевт консультациясы (қолданылу мерзімі – 12 ай);

3) уроандролог консультациясы (қолданылу мерзімі – 6 ай);

4) психиатр және нарколог консультациясы (қолданылу мерзімі – 12 ай);

5) генетик консультациясы, медициналық-генетикалық (клиникалық-генеалогиялық зерттеу, перифериялық қан жасушаларын цитогенетикалық зерттеу (кариотип) (бір рет);

6) жиі кездесетін тұқым қуалайтын аурулар гендеріндегі мутацияларды тасымалдаушқа молекулярлық-генетикалық талдау (ДНҚ-да фенилкетонурия кезінде PAH генінің мутацияларын молекулярлық-генетикалық әдіспен анықтау, ДНҚ-да муковосцидоз генінің мутацияларын молекулярлық-генетикалық әдіспен анықтау) - көрсетілімдер бойынша;

7) В гепатиті вирусының HBsAg антиденелерді, қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді ИФТ-әдісімен анықтау, микропреципитация реакциясы әдісімен мерезге серологиялық зерттеп-қарау, қан сарысуындағы АИТВ - 1, 2 инфекциясына жиынтық антиденелерін және p24 антигенін ИФТ-әдісімен анықтау (мұздату алдында және мұздатылғаннан кейін 3 (үш) және 6 (алты) ай өткен соң);

8) биологиялық материалдан Chlamydia trachomatis (хламидиа трахоматис) қоздырғышына Ig М анықтау (қолданылу мерзімі – 3 ай); биологиялық материалдарды сапалы ПТР әдісімен инфекцияларға тексеріп-қарау: Toxoplasma gondii (гондия токсоплазмасы), цитомегаловирусты (ВПГ-V), 1 және 2 типті қарапайым герпес вирусын, Trichomonasvaginalis (трихомонасвагиналис), Neisseria gonorrhoeae (нейссерия гонококкае) (қолданылу мерзімі – 3 ай);

9) жалпы клиникалық урогенитальды жағындыны зерттеу (әр емшараның алдында).

Ескертпе:

Аббревиатураларды ашып жазу:

ИФА – иммунды ферментті анализ

ПТР – полимеразды тізбекті реакция

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-272/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-272/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-272/2020, екі жүз жетпіс екінші бұйрық, ҚР ДСМ-272/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.