Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-317/2020 бұйрық (23.12.2020): толық мәтін және скачать

Жаңа

Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-317/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 21893 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-317/2020
Қабылданған күні
23.12.2020
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-317/2020 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары

1. Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 104-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Өлшемшарттар Кодекстің 104-бабының 5-тармағына сәйкес тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық ауруларға қатысты айқындалады.

3. Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелі мынадай өлшемшарттар бойынша айқындалады:

1) ерекше профилактика және емдеу құралдарының стандартты тиімді шаралары болмаған жағдайда ауыр (және/немесе сипатты емес) клиникалық көріністері бар жаппай инфекциялық аурулардың (эпидемияның, пандемияның) әлемде тіркелуі;

2) инфекциялық ауруда контагиоздылықтың (жұқпалылықтың) жоғары дәрежесінің, адамнан адамға ауа-тамшы, қарым-қатынас-тұрмыстық және тағамдық жолмен берілу қабілетінің болуы;

3) халықтың тұрақты көші-қоны жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағының болуына байланысты трансшекаралық таралу әлеуеті;

4) әуе, су, теміржол және автомобиль көлігі арқылы коммуникациялық байланыстардың болуы;

5) инфекция қоздырғышының (тасымалдаушысының) қасиеттері, аурудың Қазақстан Республикасында таралуына ықпал ететін жеткілікті жағдайлар және факторлар;

6) жергілікті халықтың ауруға бейімділігі.

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-317/2020 бұйрық, ҚР ДСМ-317/2020-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-317/2020, үш жүз он жетінші бұйрық, ҚР ДСМ-317/2020 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.