Мақала
Бұйрықтар

№ КР ДСМ -32 бұйрық (21.04.2021): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № ҚР ДСМ -32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 22595 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
КР ДСМ -32
Қабылданған күні
21.04.2021
Актіні өзгерту күні
21.04.2025
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтер

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 95-бабының 2-тармағына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2025 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Қоса беріліп отырған Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтер бекітілсін.

2. "Қоршаған ортаның қауіпсіздігіне (топыраққа) қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 452 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11755 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2016 жылғы 16 шілдеде № 135 (28261) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 21 сәуірдегі № КР ДСМ -32 бұйрығымен бекітілген

Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтер

1-кесте. Топырақтағы химиялық заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы (бұдан әрі – РЕШШ)

р/с №Заттардың атауыАяны (кларкты) ескере отырып топырақтың РЕШШ шамасы мк/кгЛимиттеуші көрсеткіш
1234
жылжымалы нысаны
1кобальт*(1)5,0жалпы санитариялық
2фтор*(2)2,8транслокациялық
3хром*(3)6,0жалпы санитариялық
суда еритін нысаны
4фтор10,0транслокациялық
5бенз(а)пирен0,02жалпы санитариялық
6ксилолдар (орто-, мета-, пара)0,3транслокациялық
7күшән2,0транслокациялық
8ОФУ*(4)3000,0су және жалпы санитариялық
9сынап2,1транслокациялық
10қорғасын32,0жалпы санитариялық
11қорғасын+сынап20,0+1,0транслокациялық
12элементарлық күкірт160,0жалпы санитариялық
күкіртсутек0,4ауа
күкірт қышқылы160,0жалпы санитариялық
13стирол0,1ауа
14формальдегид7,0-"-
15хлорлы калий560,0су

2-кесте. Топырақты санитариялық-химиялық және радиологиялық көрсеткіштер бойынша бағалау

Р/с №Қауіптілік дәрежесіЛастану дәрежесіХимиялық заттардағы РЕШШ арту жиілігіРадиоактивті заттармен ластану көрсеткіші
12345
1ҚауіпсізТаза<1Табиғи деңгей
2ҚауіптіҚатты ластанған1-10Табиғи деңгейден 1,5 есе асып түсу
3Аса қауіпті10-25Табиғи деңгейден 2 есе асып түсу
4Экологиялық зілзала>25Табиғи деңгейден 3 есе асып түсу

3-кесте. Топырақты микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша бағалау

р/с №Қауіптілік дәрежесіЛастану дәрежесімикробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштеріТермофилдер топырағын өзін-өзі тазарту көрсеткіші
КолититріАнаэробтар титрі (Cl. perfringers)1 кг топырақтағы гельминттер жұмыртқаларының саны0,25 м 2 учаскедегі шыбындардың қуыршақтары мен дернәсілдерінің саныХлебников санитариялық саны
123456789
1ҚауіпсізТаза>1,0>0,1000,98-1,00,01-0,0002
2Салыстырмалы қауіпсізАз ластанған1,0-0,010,1-0,0011-1010-ға дейін0,85-0,980,01-0,00002
3ҚауіптіОрташа ластанған0,01-0,0010,001-0,000111-10010-1000,7-0,850,00002-0,00001
4Аса қауіптіҚатты ластанған<0,001<0,0001>100>100<0,70,00001

4-кесте. Топырақтың физикалық деградация өлшемшарттары, химиялық және биологиялық ластану көрсеткіштері

р/с №Көрсеткіштер (шоғырлануы мг/дм 3 -де)ПараметрлеріСалыстырмалы түрде қанағаттанарлық жағдай
Экологиялық зілзалаТөтенше экологиялық жағдай
12345
Негізгі көрсеткіштер
1радиоактивті ластану, Кu/км 2 :
цезий-13740-тан астам40-1515-ке дейін
стронций-903-тен астам3-11-ге дейін
плутоний (изотоптар жиынтығы)0,1-ден астам0,1-0,050,05-ке дейін
2химиялық заттардың РЕШШ-сының асып түсуі:
қауіптіліктің 1-ші сыныбы, (бенз(а)пирен, диоксиндерді қоса алғанда)3-тен артық3-22-ге дейін
қауіптіліктің 2-ші сыныбы10-нан артық10-55-ке дейін
қауіптіліктің 3-ші сыныбы (мұнай және мұнай өнімдерін қоса алғанда)25-тен артық25-1010-ға дейін

Іздеу атаулары: №КР ДСМ -32 бұйрық, КР ДСМ -32-бұйрық, приказ КР ДСМ -32, КР ДСМ -32 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.