"Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № ҚР ДСМ - 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 шiлдеде № 23743 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- ҚР ДСМ - 65
- Қабылданған күні
- 27.07.2021
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
- 1-кесте. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері
- 2-кесте. Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері
- 3-кесте. Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Цой |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 27 шілдедегі № ҚР ДСМ - 65 Бұйрыққа қосымша | |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 2-қосымша |
1-кесте. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері
| № | ЖТМК коды | ЖТМК атауы |
| 1 | 00.50 | Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P) |
| 2 | 39.65 | Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация |
| 3 | 35.84 | Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру |
| 4 | 35.23 | Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантаттаумен ашық және басқаша ауыстыру |
| 5 | 35.21 | Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаумен ашық және басқаша ауыстыру |
| 6 | 35.82 | Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру |
| 7 | 37.94 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау |
| 8 | 37.66 | Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу |
| 9 | 35.33 | Аннулопластика |
| 10 | 81.042 | Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, эндотүзеткіштер арқылы ішкі бекітумен алдыңғы жету әдісі |
| 11 | 39.72 | Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау |
| 12 | 00.65 | Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау |
| 13 | 02.93 | Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) имплантаттау немесе ауыстыру |
| 14 | 03.7992 | Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция |
| 15 | 03.7993 | Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау |
| 16 | 81.073 | Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу |
| 17 | 81.062 | Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
| 18 | 81.041 | Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
| 19 | 81.53 | Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
| 20 | 81.55 | Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
| 21 | 50.52 | Өлімнен кейінгі донордан бауырды трансплантаттау |
| 22 | 55.62 | Өлімнен кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау |
| 23 | 50.59 | Бауырды басқа трансплантаттау |
| 24 | 86.66 | Теріні аллотрансплантаттау |
| 25 | 52.53 | Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия |
| Консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде қатерлі ісік аурулары бойынша технологиялар тізімі | ||
| 26 | 92.201 | Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы |
| 27 | 92.202 | Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия) |
| 28 | 92.247 | Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия |
2-кесте. Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері
| № | АХЖ-9 коды | АХЖ - 9 атауы |
| 1 | 92.291 | Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы |
3-кесте. Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері
| № | АХЖ-9 коды | АХЖ - 9 атауы |
| 1 | 00.50 | Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды имплантаттау (CRT-P) |
| 2 | 00.51 | Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын имплантаттау (CRT-D) |
| 3 | 00.65 | Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау |
| 4 | 00.93 | Трансплантаттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу |
| 5 | 01.53 | Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы |
| 6 | 02.93 | Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) имплантаттау немесе ауыстыру |
| 7 | 03.7992 | Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция |
| 8 | 03.7993 | Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын имплантаттау |
| 9 | 03.93 | Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) имплантаттау немесе ауыстыру |
| 10 | 20.95 | Электромагниттік есту аппаратын имплантаттау |
| 11 | 33.5 | Өкпені трансплантаттау |
| 12 | 33.6 | "Жүрек – өкпе" кешенін аралас трансплантаттау |
| 13 | 35.05 | Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру |
| 14 | 35.11 | Қолқа қақпақшасының ауыстырмастан ашық вальвулопластикасы |
| 15 | 35.12 | Митралдық қақпақшасының ауыстырылмастан ашық вальвулопластикасы |
| 16 | 35.121 | Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы |
| 17 | 35.14 | Үшжармалы қақпақшаның ауыстырылмастан ашық вальвулопластикасы |
| 18 | 35.21 | Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаумен ашық және басқаша ауыстыру |
| 19 | 35.23 | Тіндік трансплантаттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру |
| 20 | 35.33 | Аннулопластика |
| 21 | 35.55 | Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою |
| 22 | 35.82 | Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру |
| 23 | 35.83 | Артериялық діңді толық қалпына келтіру |
| 24 | 35.84 | Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру |
| 25 | 35.91 | Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы |
| 26 | 35.9900 | Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу |
| 27 | 35.991 | Митралдық тесікті клиптеу |
| 28 | 36.1000 | Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау |
| 29 | 36.16 | Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау |
| 30 | 37.32 | Жүрек аневризмасын кесу |
| 31 | 37.35 | Парциалдық вентрикулоэктомия |
| 32 | 37.36 | Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау |
| 33 | 37.51 | Жүректі трансплантаттау |
| 34 | 37.66 | Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу |
| 35 | 37.76 | Трансвеналық атриялық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру |
| 36 | 37.94 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау |
| 37 | 37.941 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру |
| 38 | 37.96 | Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана имплантаттау |
| 39 | 38.12 | Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы |
| 40 | 38.34 | Анастомозбен қолқаның резекциясы |
| 41 | 38.341 | Қолқа доғасының үзілісін түзету |
| 42 | 39.28 | Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау |
| 43 | 39.591 | Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы |
| 44 | 39.65 | Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация |
| 45 | 39.72 | Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау |
| 46 | 39.73 | Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантантаттау |
| 47 | 39.731 | Аортаның коарктациясын стенттеу |
| 48 | 41.01 | Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын трансплантаттау |
| 49 | 41.04 | Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау |
| 50 | 41.05 | Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау |
| 51 | 41.06 | Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау |
| 52 | 41.10 | Феталдық бағаналық жасушаларды трансплантаттау |
| 53 | 50.52 | Өлімнен кейінгі донордан бауырды трансплантаттау |
| 54 | 50.59 | Бауырды басқа трансплантаттау |
| 55 | 52.53 | Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия |
| 56 | 52.80 | Ұйқыбезін трансплантаттау, нақтыланбаған |
| 57 | 55.5016 | Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия |
| 58 | 55.62 | Өлімнен кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау |
| 59 | 56.7404 | Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия |
| 60 | 63.8301 | Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия |
| 61 | 69.921 | Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама |
| 62 | 69.922 | Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама |
| 63 | 69.923 | АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама |
| 64 | 69.924 | АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама |
| 65 | 78.191 | Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану |
| 66 | 81.041 | Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
| 67 | 81.042 | Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
| 68 | 81.062 | Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі |
| 69 | 81.073 | Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу |
| 70 | 81.53 | Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
| 71 | 81.55 | Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
| 72 | 81.9610 | Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру |
| 73 | 86.66 | Теріні аллотрансплантаттау |
| 74 | 99.791 | Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау |
Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ - 65 бұйрық, ҚР ДСМ - 65-бұйрық, приказ ҚР ДСМ - 65, алпыс бесінші бұйрық, ҚР ДСМ - 65 бұйрық скачать.