Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-82 бұйрық (19.08.2021): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 тамызда № 24065 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-82
Қабылданған күні
19.08.2021
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

"Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы "Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10943 тіркелген, 2015 жылғы 18 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

"Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоса беріліп отырған Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидалары бекітілсін.";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және есепке алу қағидаларында :

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

"Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және eceпке алу қағидалары";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы Иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген және иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргiзу кезiнде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлерiн бақылау және eceпке алу жүзеге асырудың тәртiбiн aйқындайды және иондаушы сәулелендiру әсерiне ұшырайтын барлық жеке тұлғалар (бұдан әрi – азаматтар) мен қызметiн иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдалана отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрi – ұйымдар) қолданылады.";

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"1) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар жүргізу кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сәуле мөлшерлері туралы объективтi ақпарат алу;";

4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) табиғи және техногендiк өзгертiлген радиациялық аяға байланысты азаматтар мен ұйымдар персоналы алған жеке сәуле мөлшерлерi;";

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"20. Азаматтардың (пациенттердің) мөлшерлiк жүктемелерiн айқындау "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің (бұдан әрі – нормалу құжаттары) талаптарына сәйкес жүргiзiледi.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА.Цой
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-82 бұйрық, ҚР ДСМ-82-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-82, сексен екінші бұйрық, ҚР ДСМ-82 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.