Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-132 бұйрық (20.12.2021): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 желтоқсанда № 26136 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-132
Қабылданған күні
20.12.2021
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын
  2. Медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23767 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 4) , 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

"4) медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында конкурс негізінде саны 227 орын жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған;

5) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында саны 98 орын жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған;";

медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) , 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыЖ. Буркитбаев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-132 Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-69 бұйрығына 2-қосымша

Медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын

№Білім беру бағдарламасы тобының атауы"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
1Мейіргер ісі3
2Фармация16
3Жалпы медицина210
4Стоматология23
5Педиатрия169
6Қоғамдық денсаулық79
Барлығы500
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-132 Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-69 бұйрығына 3-қосымша

Медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын және ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды магистратурада даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын

№Білім беру бағдарламасы тобының атауыЖалпы"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамыәл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
1Денсаулық сақтаудағы менеджмент936
2Қоғамдық денсаулық сақтау20812
3Мейіргер ісі14122
4Фармация30237
5Биомедицина55
6Медицина99
7Медициналық-профилактикалық іс11101
Барлығы986137

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-132 бұйрық, ҚР ДСМ-132-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-132, жүз отыз екінші бұйрық, ҚР ДСМ-132 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.