Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ -28 бұйрық (26.03.2022): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 наурыздағы № ҚР ДСМ -28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 наурызда № 27252 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ -28
Қабылданған күні
26.03.2022
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24078 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың тізбесінде:

реттік нөмірі 138-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

138.B02BD02А гемофилияның ингибиторлық нысаны бар балалар жасындағы пациенттер үшін VIII плазмалық қанның ұю факторы ***Жарамдылықтың барлық мерзімі ішінде 25˚С дейін температура кезінде сақтау мүмкіндігі бар, оның ішінде иммундық толеранттылықты индукциялау әдісімен гемофилияның ингибиторлық нысанын емдеу үшін, құрамында альбумин, сахароза және полиэтиленгликоль жоқ, қос вирустық инактивациядан өткен,соның ішінде сольвент-детергент әдісімен еріткіші және енгізуге арналған жинағы бар құтыдағы венаішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизатХБ

";

реттік нөмірілері 140, 141, 142 және 143-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"

140.B02BD02Кіші жастағы балаларда (12 жасқа дейін) қолдануды шектей отырып, Виллебранд ауруын емдеуге көрсетілімі жоқ VIII плазмалық қанның ұю факторы ***ерітінді дайындауға арналған лиофилизатХБ
141.B02BD02Виллебранд ауруын емдеуге көрсетілімі жоқ VIII плазмалық қанның ұю факторы ***ерітінді дайындауға арналған лиофилизатХБ
142.B02BD0212 жасқа дейінгі балаларғ а қолдану мүмкіндігі бар VIII рекомбинантты қанның ұю факторы ***инъекцияға арналған лиофилизирленген ұнтақХБ
143.B02BD02VIII рекомбинантты қанның ұю факторы ***инъекцияға арналған лиофилизирленгенн ұнтақ / инъекцияға арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизатХБ

";

реттік нөмірі 318-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

318.H01AC01Соматропин ****инъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақмг

";

реттік нөмірлері 319, 320, 321, 775 және 811-жолдар алып тасталсын;

сілтеме:

"* Таблеткаға мыналар жатады: таблетка, қабықпен қапталған таблетка, үлбірлі қабықпен қапталған таблетка, ішекте еритін қабықпен қапталған таблетка, ұсақталатын таблетка, соруға арналған таблетка, көпіршитін таблетка, ұзақ әсер ететін таблетка;

Ұзақ әсер ететін таблеткаға: ұзақ әсер ететін таблетка, таблетка ретард, ұзақ уақыт босап шығатын таблетка, модицикацияланып босап шығатын таблетка, әсер етуі ұзаққа созылатын таблетка, баяу босап шығатын таблетка, босап шығуы бақыланатын таблетка жатады;

Капсулаға: капсула, қатты капсула, ішекте еритін капсула, әсер етуі ұзаққа созылатын капсула жатады;

Әсер етуі ұзаққа созылатын капсулаға: әсер етуі ұзаққа созылатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, капсула ретард, модификацияланып босап шығатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, баяу босап шығатын капсула, босап шығуы бақыланатын капсула жатады.

** жекелеген ауруларда қолдану үшін

*** жеткізу медициналық ұйымдардың қажеттілігіне қарай шығарылу нысанында жүзеге асырылады."

мындай редакцияда жазылсын:

"Ескертпе:

* Таблеткаға мыналар жатады: таблетка, қабықпен қапталған таблетка, үлбірлі қабықпен қапталған таблетка, ішекте еритін қабықпен қапталған таблетка, ұсақталатын таблетка, соруға арналған таблетка, көпіршитін таблетка, ұзақ әсер ететін таблетка;

Ұзақ әсер ететін таблеткаға: ұзақ әсер ететін таблетка, таблетка ретард, ұзақ уақыт босап шығатын таблетка, модицикацияланып босап шығатын таблетка, әсер етуі ұзаққа созылатын таблетка, баяу босап шығатын таблетка, босап шығуы бақыланатын таблетка жатады;

Капсулаға: капсула, қатты капсула, ішекте еритін капсула, әсер етуі ұзаққа созылатын капсула жатады;

Әсер етуі ұзаққа созылатын капсулаға: әсер етуі ұзаққа созылатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, капсула ретард, модификацияланып босап шығатын капсула, ұзақ уақыт босап шығатын капсула, баяу босап шығатын капсула, босап шығуы бақыланатын капсула жатады.

** жекелеген аурулар кезінде қолдану үшін

*** жеткізу медициналық ұйымдардың қажеттілігіне қарай шығарылу нысанында жүзеге асырылады

**** сатып алу медициналық ұйымдардың қажеттілігіне сәйкес дәрілік нысанда және Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды дозасында жүзеге асырылады.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ -28 бұйрық, ҚР ДСМ -28-бұйрық, приказ ҚР ДСМ -28, жиырма сегізінші бұйрық, ҚР ДСМ -28 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.