Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-48 бұйрық (30.05.2022): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 600 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № ҚР ДСМ-48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 маусымда № 28332 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-48
Қабылданған күні
30.05.2022
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 600 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11949 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-48 бұйрық, ҚР ДСМ-48-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-48, қырық сегізінші бұйрық, ҚР ДСМ-48 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.