Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-77 бұйрық (10.08.2022): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29367 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-77
Қабылданған күні
10.08.2022
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрық 23.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 21710 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесінде :

3-тармақта :

30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"30) химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау объектілері;";

мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

"30-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын объектілер;";

38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"38) патогендігі І-ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын зертханалар.";

4-тармақта :

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"22) вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік және диагностикалық препараттарды дайындау, өндіру, қайта өңдеу және өткізу объектілері;";

мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

"22-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын өндіру, қайта өңдеу, өткізу объектілері;";

35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"35) патогендігі І-ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын зертханаларды қоспағанда, зертханалардың барлық түрлері;".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2022 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-77 бұйрық, ҚР ДСМ-77-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-77, жетпіс жетінші бұйрық, ҚР ДСМ-77 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.