"Жүктілікті жасанды үзуді жасаудың тәртібін, медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерінің, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзуді жасауға қарсы көрсетілімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-122/2020 бұйрығына бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № ҚР ДСМ-113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30160 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- ҚР ДСМ-113
- Қабылданған күні
- 13.10.2022
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
БҰЙЫРАМЫН:
"Жүктілікті жасанды үзуді жасаудың тәртібін, медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерінің, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзуді жасауға қарсы көрсетілімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-122/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21412 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүктілікті жасанды үзуді жасау қағидаларында :
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жүктілікті жасанды үзуге әлеуметтік көрсетілімдер болған кезде, мынадай растайтын құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде дәрігерлік – консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы беріледі:
1) электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жұбайының (зайыбының) қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі;
2) әйелді немесе оның жұбайын (зайыбын) бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі;
3) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
4) ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі;
5) зорлау фактісі болғаны туралы сот-медициналық сараптаманың қорытындысы;
6) босқындар және мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы куәлік;
7) мүгедек (сәби және (немесе) баласының) туралы анықтама;
8) электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште некені бұзу туралы куәлік;
9) көп балалы аналар (4 және оданда көп бала): барлық балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
10) кәмілетке толмағандар болса – электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште туу туралы куәлік.".
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Респуликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Ғиният |
Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-113 бұйрық, ҚР ДСМ-113-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-113, жүз он үшінші бұйрық, ҚР ДСМ-113 бұйрық скачать.