Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-121 бұйрық (28.10.2022): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қарашада № 30393 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-121
Қабылданған күні
28.10.2022
Актіні өзгерту күні
13.10.2025
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары
  2. Мәлімделген зерттеу номенклатурасына байланысты патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер

ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т . қараңыз

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

Аэроқорғарыш өнеркәсібі министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары

білім министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-121 бұйрығына қосымша

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары

Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.08.2025 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтидыБіліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарЕскертпе
1234
Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары
1Меншік құқығындағы үй-жайдың немесе ғимараттың, немесе мобильді объектінің немесе кемінде бір жыл мерзімге жалға алу шартының (жылжымайтын объекті жағдайында құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану (несиенің) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартының немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы)*, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № ҚР ДСМ-125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30388 болып тіркелген) бекітілген Биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-125 бұйрығы) талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының болуыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерКөрсетілетін қызметті беруші меншік құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді "Е – лицензиялау" мемлекеттік дерекқорымен (бұдан әрі - "Е – лицензиялау" МДҚ) интеграцияланған "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) алады. Көрсетілетін қызметті беруші, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін ұсынатын 2016 жылға дейін алынған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды қоспағанда, объектінің № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына және № ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкестігі туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Электрондық үкімет ақпараттық порталынан (бұдан әрі - Egov) (2016 жылдан бастап мәліметтер) алады
2№ ҚР ДСМ-96/2020* бұйрығына, № ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес жұмыс істеп тұрған зертханалық жабдықтар мен жиһаз, сондай-ақ мүкәммал, көлік құралдарыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер
3Жеке қорғаныш құралдарыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
4№ ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес орындалатын зерттеулер номенклатурасына сәйкес зертханалардың жарақтандырылуыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
5Таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмауды көздейтін биологиялық материалдың ағынын сақтауОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
6Штатта "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, "Зертханалық диагностика" немесе "Гигиена және эпидемиология" немесе "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Акушерлік іс" мамандықтары бойынша техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білімі немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биологиялық, химиялық, химиялық-биологиялық) немесе "Ветеринариялық медицина" немесе "Ветеринариялық санитария" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, немесе "Ветеринария" мамандығы бойынша техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маманның (мамандардың) болуы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31902 болып тіркелген) Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану талаптары мен қағидаларына (бұдан әрі - Аккредиттеу органдарын тану талаптары мен қағидалары) сәйкес қалыптастырылатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен ұйым берген патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы (қайта даярлау) туралы куәліктің және (немесе) біліктілікті арттыру туралы құжаттың (сертификат, куәлік) электрондық көшірмесіОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерЖоғары немесе орта медициналық білім туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ақпараттық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған мамандар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларына және Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларына (бұдан әрі – Тану қағидалары) сәйкес басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алғаны туралы туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы құжатты ұсынады. Сертификаттау курстарынан (қайта даярлаудан) өту, біліктілікті арттыру туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № ҚР ДСМ-132 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30486 болып тіркелген) бекітілген Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламасына (2022 жылғы желтоқсаннан бастап), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31789 болып тіркелген) бекітілген Биологиялық қауіпсіздік саласындағы кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың үлгілік бағдарламаларына (бұдан әрі – ТжКБ) (2023 жылғы ақпаннан бастап) сәйкес ұсынылады
7Штатта көмекші персоналдың болуы: 1) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік жөніндегі жыл сайынғы нұсқамадан өткен жүргізушілер, санитарлар, жануарларды бекітетін жұмысшылар; 2) далалық жағдайларда биологиялық материалды іріктеу (жинау) және далалық жағдайларда дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде Аккредиттеу органдарын тану талаптары мен қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен ұйым берген "Дезинфекциялау ісі", "Далалық қауіпсіздік" пәндерін қоса отырып, патогендігі I-II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезіндегі биологиялық қауіпсіздік бойынша сертификаттау (қайта даярлау) курсы туралы куәліктің және/немесе денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі біліктілікті арттыру туралы құжаты (сертификат, куәлік) бар нұсқаушы-дезинфектордың болуыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерСертификаттау курстарынан (қайта даярлаудан) өту, біліктілігін арттыру туралы мәліметтер ТжКБ-ге сәйкес ұсынылады
Патогендігі III және (немесе) IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары
1Меншік құқығындағы үй-жайдың немесе ғимараттың, немесе мобильді объектінің немесе кемінде бір жыл мерзімге жалға алу шартының (жылжымайтын объекті жағдайында құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану (несиенің) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартының немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, № ҚР ДСМ -96/2020* бұйрығының, № ҚР ДСМ-125 бұйрығының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының болуыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерКөрсетілетін қызметті беруші меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "Е-Лицензиялау" МДҚ-мен интеграцияланған ЖМБМК АЖ-нен алады. Объектінің көрсетілген объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Egov-тан алады
2№ ҚР ДСМ-96/2020* бұйрығына, № ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес жұмыс істеп тұрған зертханалық жабдықтар мен жиһаз, сондай-ақ мүкәммал, көлік құралдарыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
3Жеке қорғаныш құралдарыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
4№ ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес орындалатын зерттеулер номенклатурасына сәйкес зертханалардың жарақтандырылуыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
5Таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмауды көздейтін биологиялық материалдың ағынын сақтауОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
6Штатта "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, "Зертханалық диагностика" немесе "Гигиена және эпидемиология" немесе "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Акушерлік іс" мамандықтары бойынша техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білімі немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биологиялық, химиялық, химиялық-биологиялық) немесе "Ветеринариялық медицина" немесе "Ветеринариялық санитария" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, "Ветеринария" мамандығы бойынша техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар,– Аккредиттеу органдарын тану талаптары мен қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен ұйым берген биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру (сертификат, куәлік) құжатының электрондық көшірмесі бар патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маманның (мамандардың) болуыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерЖоғары немесе орта медициналық білім туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ақпараттық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған мамандар Тану қағидаларына сәйкес басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алғаны туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы құжатты ұсынады. Сертификаттау курстарынан (қайта даярлаудан) өту, біліктілікті арттыру туралы мәліметтер ТжКБ-ға сәйкес ұсынылады
7Штатта көмекші персоналдың, оның ішінде патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы нұсқамадан өткен санитарлардың болуыОсы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

* Ескертпе: денсаулық сақтау ұйымының микробиологиялық зертханалары үшін

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына қосымша

Мәлімделген зерттеу номенклатурасына байланысты патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер

1. Мәлімделген зерттеу номенклатурасы және олармен жұмыс істеу жоспарланып отырған патогенді биологиялық агенттер_________________________________

2. Меншік құқығындағы үй-жайдың немесе ғимараттың, немесе мобильді объектінің немесе кемінде бір жыл мерзімге жалға алу шартының (жылжымайтын объекті жағдайында құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркелген) немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартының немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы)*, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № ҚР ДСМ-125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30388 болып тіркелген) бекітілген Биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-125 бұйрығы) талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының болуы:

1) Кадастрлық нөмірі/ көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі_______________

2) Орналасқан жері ______________________________________________________

3) Жалдау туралы шарттың нөмірі мен күні__________________________________

4) Жалға беруші _________________________________________________________

5) Жалға алудың аяқталу мерзімі ___________________________________________

6) Үй-жайдың (ғимараттың) қабат жоспары___________________________________

3. № ҚР ДСМ-96/2020* бұйрығына, № ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес жұмыс істеп тұрған зертханалық жабдықтар мен жиһаз, сондай-ақ мүкәммал, көлік құралдары.

Зертханалық жабдықтардың, жиһаздың, мүкәммалдың, көлік құралдарының тізбесі:

__________________________________________________________________________

4. Жеке қорғаныш құралдары

Түрі мен саны көрсетілген жеке қорғаныш құралдарының тізбесі: ________________

5. № ҚР ДСМ-125 бұйрығына сәйкес орындалатын зерттеу номенклатурасына сәйкес зертханалардың жарақтандырылуы.

Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға арналған шығыс материалдарының тізімі _______________________________________________________

6. Таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмауды көздейтін биологиялық материалдың ағынын сақтау ______________________________________________________

Материалдың қозғалыс (ағыны) схемасын көрсете отырып, үй-жайдың (ғимараттың) қабат немесе мобильді объектінің жоспары ___________________________________________

__________________________________________________________________________

7. Штатта патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың болуы:

№Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)ЛауазымыМамандығы және біліктілігіЖоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның нөмірі мен күніОқу орнының атауыДипломды нострификациялау туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алғандар үшін)Мамандығы бойынша еңбек өтіліПатогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы (қайта даярлау) туралы куәліктің және (немесе) біліктілікті арттыру туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі және берілген күні, оқытуды өткізген ұйымның атауы
123456789

8. Штатта көмекші персоналдың болуы:

№Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)ЛауазымыПатогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеген кезде биологиялық қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы нұсқамадан өткен күні (жүргізушілер және санитарлар бойынша толтырылады)Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация мәселелері бойынша сертификаттау (қайта даярлау) курсы туралы куәліктің және/немесе біліктілікті арттыру туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі мен берілген күні (далалық жағдайларда жұмыс істейтін нұсқаушы-дезинфекторлар бойынша толтырылады)Патогендігі I-II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезіндегі биологиялық қауіпсіздік бойынша сертификаттау (қайта даярлау) курсы туралы куәліктің және/немесе біліктілікті арттыру туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі мен берілген күні (далалық жағдайларда жұмыс істейтін нұсқаушы-дезинфекторлар бойынша толтырылады)
123456

* Ескертпе: денсаулық сақтау ұйымының микробиологиялық зертханалары үшін.

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-121 бұйрық, ҚР ДСМ-121-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-121, жүз жиырма бірінші бұйрық, ҚР ДСМ-121 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.