Мақала
Бұйрықтар

№ ҚР ДСМ-127 бұйрық (04.11.2022): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Еңбек жағдайы үшін үстемеақы белгіленетін қызметкерлердің лауазымдары мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 720 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қарашада № 30420 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
ҚР ДСМ-127
Қабылданған күні
04.11.2022
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Айрықша еңбек жағдайы үшін үстемеақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Еңбек жағдайы үшін үстемеақы белгіленетін қызметкерлердің лауазымдары мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 720 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15967 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Айрықша еңбек жағдайы үшін үстемеақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бюджет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Ғиният
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау м инистрлігі
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ" Қ азақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 4 қарашадағы № ҚР ДСМ-127 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 720 бұйрығына 2-қосымша

Айрықша еңбек жағдайы үшін үстемеақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі

№Ұйымдардың (бөлімшелердің) тізбесіҚызметкерлер лауазымдарының тізбесіАйрықша жағдайлар
1Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге арналған госпитальдар және басқа ауруханалардың құрамындағы арнайы бөлімдер мен бөлімшелерЛауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлерҰлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге арналған госпитальдарда және ауруханалар құрамындағы арнаулы бөлімшелерде медициналық көмек көрсеткені үшін
2Күйікке шалдыққан науқастарды емдеу бөлімшелері (палаталар)Орта медициналық персоналМедициналық көмек көрсеткені үшін
3Балаларды оңалту орталықтары (бөлімшелер)Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлерПсихикалық ауытқуы жоқ дене бітімінің дамуында кемістіктері бар, статодинамикалық, сенсорлық функциялары және шығару функциялары бұзылған науқас балаларға диагностика жүргізгені, емдегені және оңалту жүргізгені үшін
4Сәбилер үйлері, балалар үйлері және жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарыДәрігерлер, орта медициналық персонал, педагогикалық персонал, санитарлар, күтушілерСәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп - интернаттарда жұмыс істегені үшін
5Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету ұйымдары, уақытша болу және тұру ұйымдарыХалықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет ұсынатын ұйымдардың барлық медициналық қызметкерлеріСтационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде емдеу-профилактикалық іс-шараларын және оңалтуды жүргізгені үшін: қарттармен жұмыс істегені үшін; мүгедектігі бар адамдармен, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалармен жұмыс істегені үшін; мүгедектігі бар балалармен және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істегені үшін; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен жұмыс істегені үшін; қатыгездікке ұшыраған адамдармен жұмыс істегені үшін; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істегені үшін;
6Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық бөлімшелеріТөтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету жөніндегі мамандандырылған бригадалардың қызметкерлеріТабиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша шұғыл медициналық көмек көрсеткені үшін
7Қылмыстық-атқару жүйесінің (пенитенциарлық) мекемелері (оның ішінде балалар үйлері), тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, ауруханаларЛауазым мен мамандығының атауына қарамастан барлық медицина және фармацевтика қызметкерлеріСотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда және қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, ауруханалардың фармацевтика қызметкерлеріне емдегені үшін
8Шұғыл медициналық көмек және құтқару жұмыстарын тікелей көрсету үшін ұйымдастырылған арнайы мақсаттағы медициналық жасақтарЛауазымдары мен мамандықтарының атауларына қарамастан, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің республикалық, облыстық және өңірлік ауруханалардың көшпелі бригадаларының, медициналық авиация қызметінің, жоспарлы және шұғыл консультациялық көмек бөлімшелерінің медицина қызметкерлеріШұғыл медициналық көмек көрсеткені және құтқару жұмыстары үшін күту және тұрақты дайындық режиміндегі кезекшілік үшін
9Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана" мемлекеттік мекемесіЛауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлерЕсі дұрыс емес жағдайда қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған адамдарды мәжбүрлеп емдеу бойынша мамандандырылған психиатриялық ауруханада жұмыс істегені үшін
10Медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, облыстық, қалалық, аудандық емханалар, аудандық және орталық аудандық ауруханалар жанындағы емханаларТерапия, педиатрия бөлімшелерінің меңгерушілері, акушер-гинеколог дәрігері, сондай-ақ жасөспірімдер қызметтерінің терапевт-дәрігерлеріАумақтық учаскенің жағдайында халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсеткені үшін

Іздеу атаулары: №ҚР ДСМ-127 бұйрық, ҚР ДСМ-127-бұйрық, приказ ҚР ДСМ-127, жүз жиырма жетінші бұйрық, ҚР ДСМ-127 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.